1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы. Дайындайтын Елнұр Бақытқызы
25 маусым 2013
Климаксқа кiнәлi – ер адамдар
Әйелдер ағзасында жете зерттелмеген ерекшелiктiң бiрi – климакс. Бұл құбылыс – эволюциядағы ашылмаған құпия.
Табиғаттағы тiрi ағзаның басты функциясы – ұрпақ қалдыру. Осы мiндетiн атқарып бiткен соң тiршiлiк иесi өледi. Тек адамдар мен дельфиндер ғана менопаузадан соң өмiр сүруiн жалғастырады.
25 маусым 2013
Перiге үйленген Пауадин
Перiмен көңiл қосып, бiрге өмiр сүрудi көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi... Елестете алмайсыз, солай ғой? Түр-түсi белгiсiз, тiршiлiгi тiптi жұмбақ. Содан болар, Пауадин емшi жөнiндегi әңгiмелерге илана қою өте қиын. Пауадин Сыдықұлы ХIХ ғасырдың соңында Қазалы ауданындағы Түктiбаев ауылына жақын Көнеқостан деген жерде дүниеге келiптi. 1989 жылдары дүниеден өткен.
25 маусым 2013
Жұмбақ әлемнiң елшiсi

Күнделiктi баспасөзде бақсы-балгерлер, емшi-домшылар жайлы жазылып жүргенiмен, диуаналар жөнiнде көп айтыла бермейдi. Диуана деген кiм? Бұрынырақта өткен диуаналар жайлы бүгiнге жеткен әңгiмелерге құлақ түрсек, бұлар пенделiк дүниеауи тiрлiктен ада, жан дүниесi сәбидей таза, хақтың жолымен ғана жүретiн ерекше жаратылған жан иелерi секiлдi.

14 мамыр 2013
МБМ ақпарат
ҚЫЗЫЛ РАУШАН ЖОЙҚЫН ДАУЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ
NASA‑ның Cassini ға­рыштық құрылғысы Сатурн бе­тiнен раушангүлге ұқас бел­гi­сiз құбы­лыс­ты суретке түсi­рiп ал­ды. Сөйтсе, бұл осы ғаламшарда алай-түлей борап жатқан жойқын дауыл болып шықты. Дауылдың диаметрi 2 мың шаршы шақырымға жетедi. Бұл Жер бетiндегi ең алапат дауылдан 20 есе артық деген сөз.
14 мамыр 2013
Тылсымға толы табиғи апат Гаити аралын зар илеттi

2011 жылғы 1 мамырды алматылықтар ұмыта қоймаса керек-тi. Демалыс күнiнiң таңы жұртшылықты жер сiлкiнiсiнен шошытып оятқан. Бiрер секундтық зiлзаланың себеп-салдарына ғылыми тұрғыдан баға берiп, болжам жасаған сейсмолог мамандар адамдардың санасындағы үрейдi сейiлте алды ма? Жалпы, табиғи апаттардың тым көбейiп кетуi нелiктен?

14 мамыр 2013
Жаналғыштың жаңылуы

Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының Нұра ауылында Оразақын деген ақсақал бар. Бүгiнде сексеннiң сеңгiрiне шыққан қарияның көргенi мен түйгенi көп. Мiне, осы кiсi айтқан бiр әңгiме әлi күнге жадымнан кетпейдi. Оқырмандарға да қызықты болар деген оймен Оразақын ақсақалдың басынан өткерген сол оқиғасын өз аузымен айтқызғанды жөн көрдiм. ­

27 наурыз 2013
МБМ ақпарат
ЖОЙЫЛЫП КЕТКЕН БАҚАНЫ “ТIРIЛТТI”
Ғалымдар осыдан отыз жыл бұрын жойылып кеткен бақаны қайта “тiрiлттi”. Rheobatrachus silus деп аталатын австралиялық бақаның жасушалары 1970 жылдары қатырылып қойылған болатын. Бұл бақалардың ерекшелiгi сонда, олар ұрықтанған уылдырықты жұтып, оны ұзақ уақыт асқазанында ұстаған.
27 наурыз 2013
Уақыт кеңiстiгiнде адасқандар

Уақыт – оқиғаның ұзақтығы және тiзбектiлiгiн сипаттайтын физиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. Ньютон дәуiрiнен Эйнштейнге дейiн уақыт пен кеңiстiкке байланысты ұғымдар терең қарастырылып, уақыт барлығына бiрдей “абсолюттi” және “бiрқалыпты” ағады деп есептелдi. Физика ғылымы ежелден уақыт пен кеңiстiк түсiнiктерiн зерттеп, кеңiнен мағ­лұмат бергенiне

27 наурыз 2013
Жылан көршiлер

Халқымыздың жыл қайыруы бойынша, наурыздың 22-сi күнi Жылан жылы басталмақ. Халықтың аңыз-ертегiлерiнде жылан атаулы екi түрлi бейнеде суреттелетiнiн бiлемiз. Бiрiншiсiнде жылан зұлымдықтың, айлакерлiктiң, тағы да толып жатқан жаманшылықтың баламасы ретiнде алынса, ендi бiрде ол даналықтың, рақымшылықтың немесе қиял-ғажайып құпияның иесi ретiнде бейнеленедi.

12 ақпан 2013
МБМ ақпарат
МӘҢГIЛIК МАХАББАТ БАРЫН ДӘЛЕЛДЕДI
Шын махаббат ешуақытта да өшпейдi. Нью-Йорк университетiнiң ғалымдары таяуда мұны iс жүзiнде дәлелдедi. Өз қосағыңды жас күнiнде қалай құлай сүйсең, қарттық шақта да дәл солай сүюге болады екен. Тәжiрибеге бiр-бiрiн сүйiп қосылған жастар мен отасқанына 20 жылдан асқан ерлi-зайыптылар қатысты. Ғалымдар оларға таныстарының, достарының
12 ақпан 2013
Құранды түсiнде оқып үйрендi
Басылымдардың бетiнде Нигерияның оңтүстiк батыс аумағында тұратын Киклемо Илори есiмдi әйел босанғанда қолында қасиеттi Құран кiтабы бар бала дүниеге келгенi жазылды. Бұған бiреу сендi, ал бiреу сенбеген де болар. Ал өз басым мұны шындық деп қабылдадым. Өйткенi Құран кiтабын түсiнде оқып үйренген адамды өз көзiммен көргенмiн. Бiрде дүниеден өткен iнiмнiң қырқына арналған құдайы асына бардым
12 ақпан 2013
Топан су басу қаупi сейiлмей тұр
“2013 жылы кей мемлекеттердi топан су басады” деген болжамды “Мыңнан бiр мезеттiң” өткен санында жариялаған болатынбыз. Атап айтқанда, “Битва экстрасенсов” бағдарламасының жеңiмпазы Александр Литвин осындай сәуегейлiк жасаған-ды. Қызығы, бұл жолы мұндай болжамның шетiн шығарған сәуегейлер мен ғалымдардың пiкiрi бiр жерден шыққандай.
25 желтоқсан 2012
МБМ ақпарат
СЫҒАНДАРДЫҢ ТАРИХИ ОТАНЫН АНЫҚТАДЫ
Ғалымдар осы күнге дейiн сыған халқының шығу тегiн, түптөркiнiн бiлмей келген болатын. Жақында Манфред Кайзер бастаған генетиктер тобы сығандардың қайдан тарағанын анықтау үшiн зерттеу жүргiздi. Еуропадағы сығандар саны он миллионнан асады. Олар негiзiнен Мажарстан мен Румынияда қоныстанған. Сығандардың жазбаша тарихы жоқ болғандықтан, тарихшылар олардың тарихи отанын бiлмей жүрген.
25 желтоқсан 2012
2013 жылы жер бетiн топан су баса ма?
Келесi жылға болжам жасайтын сәуегейлер түрлi жорамалдар айтып жатыр. Ақырзаман әлегiнен ендi құтылып едiк, 2013 жылы топан су азабын тартамыз дейтiн балгерлер табылды. Ресейлiк “Битва эстрасенсов” бағдарламасының жеңiмпазы Александр Литвиннiң болжамы соған саяды. “2013 жылы су энергиясы ерекше белсендiлiкке енбек.
25 желтоқсан 2012
Үлкен адронды коллайдердiң жұмысы тоқтатылды
Жақында ғалымдар үлкен адронды коллайдер бiраз уақытқа тоқтатылатынын мәлiмдедi. Айтуларынша, ендi коллайдер өз жұмысын 2015 жылы бiр-ақ жалғастыратын көрiнедi. “2013 жылы протон-ядролық соқтығыстардың кiшi­гiрiм сеансы жүргiзiлмек. Ал жоғары энергиялардың протон-протонды соқтығыстары 2015 жылы басталмақ”, – делiнген ЦЕРН (үлкен адронды коллайдердiң бас ұйымы) сайтында. Үлкен адронды коллайдер – әлемдегi ең қымбат жобалардың бiрi. Олай болса, ғалымдар оны неге уақытша жабуға бел буды?
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»