1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59 (16245) 27 шілде, бейсенбі 2017
"МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ" "Жас Алаштың" ғылыми-танымдық қосымшасы.
24 желтоқсан 2013
Өлiмнен кейiн өмiр бар ма?
Өлiмнен кейiн өмiр бар ма, жоқ адамның жаны оның денесiмен бiрге өле ме? Бұл сұрақ ғалымдарды ғана емес, кез келген пенденi тол­ғантатыны түсiнiктi. Өлiмнен кейiн адамның жаны өлмейдi, қайта дүниеге келедi деген тео­рияны ұстанатын зерттеушiлердiң келтiретiн өз дәлелдерi бар. Клиникалық өлiмдi бастан кешiргендер жаны денесiнен ұшып кеткен соң, өзiн-өзi жеңiл сезiнiп, жарыққа толы әлемге барғандарын айтып жатады.
5 қараша 2013
МБМ ақпарат
ЕЖЕЛГI ӨРКЕНИЕТ ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТАН ЖОЙЫЛДЫ
Тель-Авив универси­тетiнiң ғалымдары ерте дәуiрдегi левантиялық өркениеттiң қалай және неден жойылғанын зерттеп көрдi. Мәселен, грек жерiндегi Микендер, ежелгi Мысыр өркениетi қалайша Жер бетiнен жоғалды? Ғалымдар ұсын­ған жаңа теория бойынша Жерорта теңiзiнiң шығыс бөлiгiнде бiздiң заманымыздан бұрынғы 13 ғасырдың ортасы
5 қараша 2013
Кiсiкиiктiң оралуы
Кiсiкиiктiң шын мәнiнде өмiр сүргенi туралы ақпарат 1968 жылы расталғанымен, ол зерттелмеген күйi қалды. Сол жылы АҚШ аумағында жылжымалы көрме ұйымдас­тырылып, терiсiн түк басқан, жәшiк‑тоңазытқышта қатырылған алып денелi, маймыл тектес тiршiлiк иесi экспонат ретiнде жер-жерде саяхаттап жүрдi. Көрменiң басты көрiгiне айналған белгiсiз тiршiлiк иесiн ақшаға ғана көрсететiн.
5 қараша 2013
Санторини – әлемнiң жұмбақ аралы

Санторини – Грекияға тиесiлi Киклад аралдарының iшiндегi ең әсемi және жұмбаққа толы жер. Бiздiң дәуiрiмiзге дейiн жанартаудың атқылауынан пайда болған арал адамзат тарихын күрт өзгерттi. Зерттеушiлер оның Жер бетiнде пайда болуының өзi құпияға толы дейдi. 

17 қыркүйек 2013
МБМ ақпарат
БИОЛОГИЯЛЫҚ САҒАТ НЕЛIКТЕН ЖАҢЫЛДЫ?
Ұйқыдан жаңа тұрған адам өзiн күш-қуатсыз, әлсiз, шаршаңқы сезiнедi. Тiптi түнде тәттi ұйықтасаң да, таңертең түнi бойы көмiр тиеп, жұмыс iстегендей күй кешетiн кездер болады. Таңертең шаршап тұрсаң, күнi бойы сiркең су көтермейтiн күйгелек сезiмнен арыла алмайсың. Бұл құбылыстың сырын Боулдер (Колорадо) университетiнiң ғалымдары түсiндiрiп көрдi.
17 қыркүйек 2013
Тылсым дүниеде құпия жандар әлi де бар

Жасым жетпiстiң желкесiне мiнiп қалды, ерекше жаратылған жандар жайлы мақалаларды жiбермей оқимын. “Мыңнан бiр мезет” қосымшасындағы “Жұм­бақ әлемнiң елшiсi” (“Жас Алаш”, №49, 25 маусым, 2013 жыл) атты күнiне 100 шақырым жол жүретiн Әлiпбайдың Ыбырайы туралы мақаланы оқыған соң, диуананы расында да, құпия әлемнiң елшiсi деп бағаладым.

17 қыркүйек 2013
Алып жанартау оянса, жер бетiнде алапат апат болмақ

Тынық мұхитының түбiнен әлемдегi ең үлкен жанартау табылды. Ол Жапониядан шығысқа қарай 1500 шақырым жерде, мұхиттың солтүстiк-шығысында орналасқан. Жанартаудың алып жатқан аумағы әлем ғалымдарын тамсандырды. Ол Ұлыбритания аумағымен парапар.

6 тамыз 2013
МБМ ақпарат
ТIСТIҢ ОРНЫНА ТҰМСЫҚ, ТҮСI ӨЗГЕРЕТIН ТЕРI ЖӘНЕ ИIЛГIШ ҚАҢҚА. МИЛЛИОН ЖЫЛДАН КЕЙIН АДАМЗАТТЫҢ КЕЙПI ОСЫНДАЙ БОЛМАҚ
Адамзат эволюциясы қызықты әрi жұмбаққа толы процесс. Мәселен, кезiнде ежелгi адамның терiсiн басып жатқан түк жоғалып кеттi, қазiргi адамның миы 40 грамға ауырлады, тағысын тағылар. Ғалымдар адамзат эволюциясы жалғаса бередi деп есептейдi.
6 тамыз 2013
Антарктида аңыздары

Антарктида – Жер бетiндегi ең аз зерттелген құрлық. Қайсыбiр ғалымдар оны Марс ғаламшарымен салыстырады. Себебi Антарк­тида да, Марста да ауа температурасы шамамен бiрдей. Кей аймақтарында минус тоқсанға дейiн төмендейдi. Марсқа адам аяғы аттап баспаған, ал Антарктидаға ара‑тұра барып тұратын зерттеушiлер бар. Дегенмен екеуiнiң де ашылмаған құпиясы шаш етектен.

6 тамыз 2013
Дросулитес немесе қасиеттi Жер қасiреттi ұмытпайды
Осы жазда Грекияның ең үлкен аралы – Критке барғанымда, адам сенгiсiз құбылыстар жайлы естiп бiлдiм. Критке аяқ басатын туристердiң көпшiлiгi аралдан тылсым дүниенiң iзiн iздейдi. Соның бiрi – Франгокостелло қамалындағы дросулитес. Франгокастелло қамалы арал­­дың Сфакия аймағында орналасқан. Бұл қамалдың тарихы әрiректен, аралды венециандықтар билеген тұстан басталады.
25 маусым 2013
«МБМ» ақпарат
“АДАМ БАСЫП ШЫҒАРУҒА” КӨШТI
Осы ғасырдың басында пайда болған 3D-принтерлер жаңа өнеркәсiптiк революцияға жол ашты. Бұл принтерлердiң көмегiмен көлемдi заттардың көшiр­месiн жасап шығаруға болады. Түймеден бастап үй мен көлiк, тiптi қару-жарақтың көшiрмелерi жасалына бастады. Бiрақ жапондықтар ендi “адам басып шығаруды” ойлап тапты.
25 маусым 2013
Климаксқа кiнәлi – ер адамдар
Әйелдер ағзасында жете зерттелмеген ерекшелiктiң бiрi – климакс. Бұл құбылыс – эволюциядағы ашылмаған құпия.
Табиғаттағы тiрi ағзаның басты функциясы – ұрпақ қалдыру. Осы мiндетiн атқарып бiткен соң тiршiлiк иесi өледi. Тек адамдар мен дельфиндер ғана менопаузадан соң өмiр сүруiн жалғастырады.
25 маусым 2013
Перiге үйленген Пауадин
Перiмен көңiл қосып, бiрге өмiр сүрудi көз алдыңызға елестетiп көрiңiзшi... Елестете алмайсыз, солай ғой? Түр-түсi белгiсiз, тiршiлiгi тiптi жұмбақ. Содан болар, Пауадин емшi жөнiндегi әңгiмелерге илана қою өте қиын. Пауадин Сыдықұлы ХIХ ғасырдың соңында Қазалы ауданындағы Түктiбаев ауылына жақын Көнеқостан деген жерде дүниеге келiптi. 1989 жылдары дүниеден өткен.
25 маусым 2013
Жұмбақ әлемнiң елшiсi

Күнделiктi баспасөзде бақсы-балгерлер, емшi-домшылар жайлы жазылып жүргенiмен, диуаналар жөнiнде көп айтыла бермейдi. Диуана деген кiм? Бұрынырақта өткен диуаналар жайлы бүгiнге жеткен әңгiмелерге құлақ түрсек, бұлар пенделiк дүниеауи тiрлiктен ада, жан дүниесi сәбидей таза, хақтың жолымен ғана жүретiн ерекше жаратылған жан иелерi секiлдi.

14 мамыр 2013
МБМ ақпарат
ҚЫЗЫЛ РАУШАН ЖОЙҚЫН ДАУЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ
NASA‑ның Cassini ға­рыштық құрылғысы Сатурн бе­тiнен раушангүлге ұқас бел­гi­сiз құбы­лыс­ты суретке түсi­рiп ал­ды. Сөйтсе, бұл осы ғаламшарда алай-түлей борап жатқан жойқын дауыл болып шықты. Дауылдың диаметрi 2 мың шаршы шақырымға жетедi. Бұл Жер бетiндегi ең алапат дауылдан 20 есе артық деген сөз.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»