Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:10, 11 Желтоқсан 2023

Жанқош Тұраров жапон боксшысын айқын басымдықпен жеңді

Жанқош
Фото: из открытых источников

Алматыда өткен жекпе-жекте Жанқош Тұраров жапон боксшысы Акихиро Кондоны айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Отандасымыз Жанқош Тұраров пен 37 рет қарсыласын жеңген жапонның танымал боксшысы Акихиро Кондо IBO World пен WBA Gold World әлем чемпионы белдіктерін сарапқа салды.

Нәтижесінде 12 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан (118:110, 120:108, 118:110) жеңісті Жанқошқа берді.

Осылайша отандасымыз бірінші жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғап, вакантты WBA Gold титулына ие болды.