Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:00, 24 Ақпан 2024

Александр Недовесов ATP 250 турнирінің финалында ойнайды

Недовесов
Фото:

Мексиканың Лос-Кабос қаласында өткен ATP 250 сериясы турниріндегі сайыстан үздіктер анықталып, финалға жолдама алды. Александр Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар жартылай финалда аргентиналық Гвидо Андреоцци мен мексикалық Мигель Анхель Рейес-Вареланы 6:2, 6:3 есебімен жеңді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Енді 25 ақпанда Қазақстан-Эквадор дуэтінің шешуші кездесудегі қарсыластары не австралиялық Макс Персел мен Джордан Томпсон, не норвегиялық Каспер Рууд пен америкалық Уильям Блумберг болады.

Тегтер: