Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:04, 02 Мамыр 2024

Астанадағы оқушылар сарайына ілінген есірткі QR-ына қатысты білім басқармасы не дейді?

а
Фото: из открытых источников

Астанада есірткі саудасымен айналысатын сайттың QR коды оқушылар сарайына ілінген. Бұл туралы журналист Серікбол Хасан хабарлады.

Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайына барғанбыз. Мына QR кодты ерлер әжетханасынан түсіріп алдым. Есіктің ішкі жағына жабыстырып кетіпті. QR кодты сканерлеп көріп едім, мына хабарландыру шықты. Meow дегеніне қарағанда закладчиктердің “қолтаңбасы” секілді. Синтетика ашық сатылып жатқан сияқты ма, қалай?, деп жазған журналист.

Пайдаланушы көрсетілген QR кодты сканерлегеннен кейін, автоматты түрде есірткі заттарының каталогы бар телеграм-каналға кіреді. Әрі қарай, бағалары көрсетілген каталогтан онлайн тапсырыс беру оңай.

Аталған мәселеге қатысты Астана қаласының Білім басқармасы zhasalash.kz-ке жауап берді. Мекеме мәліметінше, Астананың Алматы аудандық полиция бөлімшесінде аталған іс тіркелген.

Оқушылар сарайында, 2024 жылдың 1 мамыр күні мерекеге байланысты сабақ болмаған, алайда жалға беру шарты бойынша театр залында “Unistar Astana” халықаралық көп жанрлы байқауы өткізілген. 
Іс-шараға келген қатысушылар мен олардың ата -аналарына бірінші қабатта орналасқан барлық әжетханаларды қолдануға мүмкіндік берілді.
Іс-шара кезінде әкімшілік қызметкерлері кезекшілік жұмысын атқарды. Сонымен қатар Оқушылар сарайы балаларға білім беру мекемесі болғандықтан 24 сағат күзет бақылауында. Әжетханаларды клининг қызметкерлері бір сағат сайын жинап тұрады. Жинау барысында ешқандай күмәнді, күдік туғызатын заттарды байқамаған.
Әлеуметтік желідегі шағым жарияланғаннан кейін Оқушылар сарайының әкімшілігі жедел түрде 102-ге хабарласып, полиция қызметкерлері келіп, барлық әжетханалар тексерілді. Алайда, QR код табылмағанын хабарлаймыз.
Астана қаласы, Алматы ауданының полиция бөлімшесінде іс тіркелді. Оқушылар сарайында осындай келеңсіз жағдайлар ешқашан болған емес. Оқушылар сарайының әкімшілігімен осындай жағдайларды болдырмау үшін алдын-ала жұмыстар атқарылып жатқандығын хабарлаймыз, делінген ведомства жауабында.

Фото: ru.qaz365.kz

 

Тегтер: