Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 09 Сәуір 2024

Франция сыртқы істер министрі ресейлік шенеуніктердің жалған сөйлейтінін айтты

в
Фото: из открытых источников

Францияның сыртқы істер министрі ресейлік шенеуніктермен саяси талқы жасауға мүдделі емес екенін айтты. Өйткені олар талқыдан соң «жалған баспасөз хабарламаларын жариялайды».

Франция министрі Стефан Сежурне France 24 және RFI арналарына берген сұхбатында БАҚ-та жарияланған ақпараттардың жалған екенін айтты.

Бүгін ресейлік шенеуніктермен болған талқылау біздің мүддемізге сай емес. Өйткені жарияланған баспасөз хабарламалары мен жарияланымдар жалған, деді ол.

Оның айтуынша, «терроризм мәселелері бойынша Ресеймен ынтымақтастықтың көпжылдық дәстүрі» қазір тұйыққа тірелген.

Айта кетейік, 3 сәуірде Франция қорғаныс министрі Себастьян Лекорну 2022 жылдың қазанынан бері алғаш рет Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті. Лекорну Крокус Сити Холлдағы лаңкестік әрекетті айыптап, бұған Украинаның қатысы туралы мәліметі жоқ екенін айтты. Ол Ресей билігін Крокус трагедиясын өз мүддесіне пайдалануды тоқтатуға шақырды.

Ресей Қорғаныс министрлігі өз кезегінде министрлер арасындағы әңгіме «француз тарапының шұғыл өтініші бойынша» өткенін хабарлады.

«Себастьян Лекорну, Крокустағы лаңкестік әрекетке Украина мен Батыс елдерінің қатысы жоқтығына сендіруге тырысты. Бұл жағдайда мұның артында француз арнайы қызметтері тұрған жоқ деп үміттенеміз», - деді Ресей Қорғаныс министрлігі.

Ал, Франция президенті Эммануэль Макрон ресейлік тараптың бұл әңгімесін «біртүрлі және қоқан-лоққы» деп атады.

Фото: Global Look Press/IMAGO/Vincent Isore

Тегтер: