Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:06, 05 Ақпан 2024

Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады

Геннадий Головкин
Фото: из открытых источников

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады, деп хабарлайды Zhasalash.kz Yedilov online телеграм-арнасына сілтеме жасап.

«Тараған кейбір мәліметтерге сүйенсек, Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады», – делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, қазір Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін кәсіпкер Тимур Құлыбаев басқарады.

Тимур Құлыбаев бұл қызметті тоғыз жыл атқарды. Оны алдында да комитетті елге белгілі адамдар басқарып кеткен.

Ұлттық олимпиада комитеті 1990 жылдың ақпанында құрылған. Оны Халықаралық олимпиада комитеті 1993 жылдың қыркүйегінде мойындады.

Көбінесе қазақстандық спорттың жетістіктері жыл сайын төмендеп бара жатқанына, жас бапкерлердің жоқтығы, ал халықаралық жарыстарда ел үшін легионерлер өнер көрсететінін айтып комитетті жиі айыптайды.

Головкин алдағы сәуір айында 42 жасқа толады. Ол бүгінге дейін 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Ең соңғы рет 2022 жылы Канеломен жұдырықтасып, жеңіліп қалған болатын. Одан кейін барлық белдігінен бас тартты.