Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:20, 12 Наурыз 2024

Гитаристер квинтетінің алғашқы «БасТау» атты концерті өтеді

квинтет
Фото: Жамбыл атындағы филармония

20 наурыз күні сағат 19:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының үлкен залында Мемлекеттік академиялық гитаристер квинтетінің ресми ашылуы және алғашқы «БасТау» атты концерті өтеді. 

Биыл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлінінің қолдауымен филармонияда Мемлекеттік академиялық классикалық гитаристтер квинтеті құрылып отыр.

Елімізде алғаш рет ашылып отырған квинтет құрамында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында білім алған талантты гитара аспабының шеберлері өнер көрсетеді.

Квинтеттің көркемдік жетекшісі: халықаралық байқаулардың лауреаты Бауыржан Жылқыбаев.

Құрамында:

Акбар Қиарыстан (гитара)

Улан Ахметов (бас гитара)

Асан Нарбота(гитара)

Зәуре Нарбота(гитара)

Бауыржан Жылқыбаев(гитара)

Концертке қатысатындар:

Аида Аюпова (скрипка)

Хасан Мацаев(кахон)

Ертай Мамырхан(фортепиано)

Ермек Меденов(саксофон)

Бағдарламада: Құрманғазы- "Адай", Н.Тілендиев-"Құстар әні", "Әлкисса" , Б.Жылқыбаев-"Amigo", "Kazakh rumba", "Қайырлы таң", "Nomads", М. Әубәкіров-"Наркескен", Gipsy kings.- "Inspiration" Love and liberte", Jesse Cook-"Gipsy","Tempest"," Mario takes a walk", Монти - "Чардаш",.Rodrigo y gabriela."Puss in boots","Tamacun",Depapepe-"Katana", В.Дидюля- "Уличные страсти".

Іс – шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, Өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Фото: Жамбыл атындағы филармония