Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:52, 09 Сәуір 2024

Годунова жаңа қызметке барды

в
Фото: из открытых источников

Жоғары есеп палатасының бұрынғы төрағасы Наталья Годунова «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ тәуелсіз директоры болды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімімен Наталья Николаевна Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды», - делінген хабарламада.

Годунова 2022 жылғы қарашадан 2024 жылғы 1 сәуірге дейін жоғары аудиторлық палатаны басқарды, оған дейін 2018 жылғы ақпаннан бастап Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетін басқарды, ал одан бұрын, 2017 жылғы желтоқсаннан бастап Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды. 

Фото: Мәжіліс 

Тегтер: