Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 29 Ақпан 2024

Қазақстанда туған күнін 4 жылда бір рет тойлайтын қанша адам бар?

Кібісе жылы
Фото: из открытых источников

Кібісе жылы ақпан айының 29 күнге созылуымен айқындалады, яғни, кібісе жыл болғанда ақпан айы әдеттегіше 28 күнге емес, 29 күнге созылады. Демек 29 ақпан да 4 жылда бір рет келіп отырады. Әлем бойынша 4 миллион адам туған күнін 29 ақпанда тойлайды екен. Бұл жер тұрғындарының 0,06%-ы ғана. Ал Қазақстанда 29 ақпанда дүние келген қанша адам бар?

Бұл статистиканың ішінде 1992 жылы туған 250 ер адам, 191 әйел адам бар. Ал 1996 жылы дүниеге келген 219 ер адам, 197 әйел адам бар.

2000 жылы дүние есігін ашқан 242 ер адам, 211 әйел адам болса, 2004 жылы туған 235 ер адам, 173 әйел адам бар.

2008 жылғы жасөспірімдер арасында 399 ер адам, 394 қыз бала болса, 2012 жылы дүниеге есігін ашқан 463 ер бала, 399 қыз бала, 2016 жылы туған 438 ер бала, 432 қыз бала, 2020 жылы дүниеге келген 461 ер бала, 406 қыз бала бар.

  • Кібісе жылы дегеніміз не?

Деректерде кібісе жылы туралы ақпарат ежелде Мысырда пайда болғаны айтылады. Яғни 366 күнге толған жыл кібісе деп аталады екен. Ал 29 ақпан "кібісе күні" деген атау да алған. Ал 2024 жылғы ақпанда 8 күн демалыс, 21 күн жұмыс күні болды.