Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:46, 29 Ақпан 2024

Мобильді аударымды тексеру: қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайданала бастаған

мобильді аударым
Фото: из открытых источников

Елімізде мобильді аударымдар тексерілетіндіктен қазақстандықтар қолма-қол ақшаны жиі пайданала бастаған. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов айтты. 

«Ұлттық банктің мәліметінше, (қазақстандықтар) қолма-қол ақшаны жиі пайдалана бастаған. Бірақ бүгінде біз бұдан басқа ешқандай жағымсыз жағдайды көрмедік. Қазір қолма-қол ақшамен сауда жасауға көшкен кәсіпкерлердің бір бөлігі шығынға ұшырап жатқаны түсінікті», - деді Тимур Жақсылықов Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Министрдің орынбасары қарапайым тұрғындар қолма-қол ақшасыз сауда жасауға үйренгенін атап өтті.

Тұтынушылар қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға әбден үйреніп алды. Көптеген тұтынушы енді қолма-қол ақшаны пайдаланғысы келмейді. Яғни, олар қолма-қолма ақшасыз есеп айырысатын кәсіпкерлерге барады. Осылайша, тұтынушылар дауыс береді. Менің ойымша, көптеген кәсіпкер бұл жағдайда да бейімделеді, - деді вице-министр.