Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:36, 02 Мамыр 2024

Навальныйдың командасы Путиннің билікке келуі туралы фильм шығарды

ы
Фото: из открытых источников

«Сатқындар»  деп аталатын үш бөлімнен тұратын серияда шамамен 1990 жылдар бейнеленеді. 

Ал, 1 мамыр күні шыққан үшінші бөлімде Путиннің қалай президент болғаны туралы баяндалады. 

Сол уақытта Собчак сайлауда жеңіліп қалды. Оның орынбасары Путин Чубайс пен Кудриннің көмегімен Мәскеуде президент әкімшілігіне жұмысқа орналасты. Көп ұзамай ол жоғарылайды және Ельцинмен сапарларында бірге болды. Путин бұл қызметте бар болғаны 60 күн болды. Бірақ ол ФСБ директоры, содан кейін оның мұрагері болып тағайындалады, дейді фильмде.

Туындыда Путиннің заңды сайланған президент емес екенін алға тартады.

Ельциннің естеліктерінен қарапайым сұрақтарға жауап тапқым келеді: Олар неге олигархтарды ойлап тапты? Неге алдамшы үгіт-насихат жасады? Сайлауды бұрмалады? Бірақ оларда өкініш те, тәубе де жоқ. Олар өздерін азаттық үшін күресуші деп атағанымен, шын мәнінде олар тарихи қылмысты жасаушылар. Олар жеке қауіпсіздігі үшін билікті жалғанға берді. Бұл адамдар Путиннің бандит-чекисттік режимінің гүлденуінің негізін қалады. Біз оны таңдаған жоқпыз. Ешқайсымыз оны мұрагерлікке ұсынған жоқпыз. Біз оны 90-жылдардағы олигархтар мен билікті басып алған «Отбасынан» «сыйлық» ретінде ғана алдық, дейді фильм авторлары.

Фото: Meduza