Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:46, 06 Қараша 2023

Нұрсұлтанов IBO белбеуіне үміткер болған боксшымен кездеседі

1
Фото: из открытых источников

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы Винсент Фейгенбуц жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. 

Мейірімнің жаңа қарсыласы чилилік Хулио Аламос (16-1, 9 КО) болады. Ол кейінгі жекпе-жегінде бұрын Геннадий Головкинге тиесілі болған IBO белбеуіне таласты. Бірақ италиялық Этинос Олихке есе жірберіп, мансабындағы алғашқы жеңіліске ұшырады.

Жекпе-жек 17 қарашада Ташкенттегі (Өзбекстан) WBC конвенциясы аясындағы бокс кешінде өтеді. Жеңімпаз қазір Джермалл Чарлоға тиесілі WBC белбеуіне үміткер болады.