Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:47, 30 Сәуір 2024

Сенатор: Қазақстаннан жыл сайын 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады

Р
Фото: из открытых источников

Қазақстаннан жыл сайын 16,7 миллиард доллар заңсыз шығарылады. Бұл туралы сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов мәлімдеді. 

Сенатордың сөзінше, қазіргі уақытта елде заңсыз шығарылған қаражат көп.

Егер Global Financial Integrity халықаралық зерттеу ұйымының жыл сайынғы есебін қарайтын болсақ, Қазақстаннан жыл сайын 16,7 миллиард доллар заңсыз әкетіледі. Біздің еліміз 148 дамушы мемлекет арасындағы рейтингте он бірінші орында тұр, - дейді ол.

Сонымен қатар сенатор капиталды елден тыс жерлерге заңсыз әкетудің зияны көп екенін айтады.

Біріншіден, бұл капиталдың көлеңкелі айналымына салық салынбайды, соның салдарынан мемлекеттік бюджет толық көлемде толтырылмайды. Капиталдың көлеңкелі айналымын анықтау және болдырмау мемлекеттік қазынаның кірісін едәуір арттыра алатын еді. Екіншіден, бүгінгі күнде қабылданған заңдар нәтижесінде заңдастырылған капиталды жасырудың қажеті де жоқ. Себебі ол отандық экономиканың өсіруін ынталандырып, ел ішінде инвестициялануы мүмкін, - дейді Сұлтанбек Мәкежанов.

Фото: ҚР Сенаты

Тегтер: