Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:06, 29 Сәуір 2024

Тәжікстан өз азаматтарын Ресейге бармауға шақырды

d
Фото: из открытых источников

Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі 27 сәуір күні кешке «Ресей аумағына барудан уақытша бас тарту» туралы шұғыл ұсыныс жасады.

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аса қажет болмаса, Ресей аумағына көліктің барлық түрімен барудан уақытша бас тартуды ұсынады, – делінген Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Бұл ұсыныстың себеп- салдары нақты айтылмаған. Бірақ бұған дейін Тәжікстанның Сыртқы істер министрлігі өз елінің азаматтарына Ресей Федерациясының аумағына кіруден жаппай негізсіз бас тартқанын мәлімдеген.

Еске салайық, Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған терактіден кейін Ресейде Тәжікстан мен Орталық Азияның басқа да елдерінің азаматтарына қарсы ксенофобиялық көзқарастар мен күнделікті деңгейде қудалаулар байқала бастаған.

Фото: thetruestory.news

Тегтер: