Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:50, 22 Қаңтар 2024

Теннис: үлкен дулыға бәсекесіндегі ең жас чемпион кім?

ең жас спортшы
Фото: из открытых источников

Үлкен теннистен Australian Open бәсекесінде 16 жастағы Ресей спортшысы Мира Андреева өте тартысты ойында Франция өкілі Диан Парриді 1:6, 6:1, 7:6 (10:5) есебімен жеңіп кетті.

Үздік ойын үлгісімен ол:

- 1/8 финалға жолдама алды.
- Әлемдік LIVE рейтингте 32-орынға көтерілді.
- Australian Open турнирінде жарысты жалғастырып келе жатқан ең жас теннисші
- Мансабында 1 млн-нан астам доллар пайда тапты.

Бұған дейін ірі жарыстарда жеңімпаз атанған ең жас топ-3 теннисшілер.

ӘЙЕЛДЕР:

1. Мартина Хингис — 1997 жылы 🇦🇺Australian Open турнирін 16 жас, 117 күнінде жеңді.

- 2017 жылға дейін ойнап, 25 млн-дай доллар пайда тапты.

2. Моника Селеш (Югославия) — 1990 жылы 🇨🇵Roland Garros турнирін 16 жас 189 күнінде жеңді.

- 2003 жылға дейін ойнап, 15 млн-дай доллар пайда тапты.

3. Трэйси Остин — 1979 жылы 🇺🇸US Open турнирін 16 жас 270 күнінде жеңді.

- 1994 жылға дейін ойнап, 2 млн-дай доллар пайда тапты.

4️. Мария Шарапова — 2004 жылы 🇬🇧Wimbledon турнирін 17 жас 75 күнінде жеңді.

- 2020 жылға дейін ойнап, 39 млн-дай доллар пайда тапты.

ЕРЛЕР:

1. Майкл Чанг — 1989 жылы 🇨🇵Roland Garros турнирін 17 жас 110 күнінде жеңді

- 2003 жылға дейін ойнап, 19 млн-дай доллар пайда тапты.

2. Борис Беккер — 1985 жылы 🇬🇧Wimbledon турнирін 17 жас 228 күнінде жеңді

- 1999 жылға дейін ойнап, 25 млн-дай доллар пайда тапты.

Матс Виландер — 1982 жылы 🇨🇵Roland Garros турнирін 17 жас 293 күнінде жеңді

- 1996 жылға дейін ойнап, 8 млн-дай доллар пайда тапты.