Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:12, 02 Мамыр 2024

ТЖД: Солтүстік Қазақстан облысында жағдай әлі де күрделі

f
Фото: из открытых источников

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі. Бұл туралы СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметова мәлімдеді.

Өңірдегі Сергеев су қоймасы 125% толып, су бөгет шыңынан 1 метр 38 см асты. Тәулік ішінде 11 см төмендеген.

«Облысымызда Есіл өзенінің бойында су деңгейінің едәуір төмендегені байқалады. Есіл ауданында Есіл өзенінде Покровка селосының гидробекетінде су деңгейі 51 см, Новоникольское селосында 24 см төмендеді. Демек су тасқыны екінші деңгейінің шыңы ол жақта өткені. Ал Петропавлда су тасқынының шыңы қазір өтіп, тәулік ішінде су деңгейі 19 см төмендеді. Жаңадан су алған жерлер жоқ және алдағы уақытта болмайды», - деді СҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жазира Қожахметова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, СҚО су тасқынының басынан бері 3898 үйді су басты, оның 712 үйден су кетті. Жалпы облыс бойынша 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды, олардың 3596-ы бала. Бүгінгі күнге 764 адам үйлеріне оралды. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірлесе, елді мекендерде патруль жасап, олардағы судың деңгейін бақылайды, қатты сырқаттанған адамдарды дереу жеткізу, қорғау бекеттерін нығайтумен айналысуда.

Фото: Halyq Uni

Тегтер: