1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
4 наурыз 2010

«Жығылған күреске тоймайды» деген, былтырғы жылы 5 мың гектар жерге қызылша егiп, қып-қызыл шығынға батқан жамбылдық диқандар биыл 10 мың гектар жерге тағы осы дақылды егудi жоспарлады. Әрине, «аузы күйген үрiп iшедi», биыл бұл мәселеге Жамбыл облысының басшылары әжептәуiр дайындықпен кiрiспек. Әр ауданға жiлiктеп бөлiп бергенде, Талас ауданының еншiсiне 400 гектар қызылша егу тиiптi. Аты Талас болғанымен бұл аудан өзi аттас өзеннiң ең төменгi жағында орналасқан.

2 наурыз 2010

«Жас Алаш» газетiнiң 9 ақпанындағы санында «Бiлiксiз басшылар бiлiм мен медицинаны былықтырып жатыр» деген мақала жарық көргелi берi Жамбыл облыстық бiлiм басқармасы жанталасып, бiлгенiн iстеп жатыр. Бұл тақырыпқа қолымызға қайта қалам алуға осы бас­қарманың ақылға сыймайтын тiрлiктерi себеп болды. Мақалада Тараз қаласындағы ақыл-ойы кем балалар мектеп-интернаты ұжымының арызы жарық көрiп, мектеп директоры Райхан Абсаттарқызы Исманованың шектен шыққан әре­кет­терi баяндалған едi. Директордың тым дөрекi,

2 наурыз 2010

 ЕЛ БОЛЫП ЖҰМЫЛҒАН ЖҰМЫСТЫҢ ЖҰЛЫМ-ЖҰЛЫМЫ ШЫҚҚАНЫ ӨКIНIШТI-АҚ

Ауа райының бiрден жылынуынан күрт ерiген қардан және толассыз жауған жаңбырдан пайда болған қарғын су Сарыағаш, Ордабасы аудандарының және Арыс қаласының көптеген елдi мекендерiн басып қалды. Су тасқыны 106 мың тұрғыны бар 49 ауылды басып, табиғи апат орасан зардап әкелдi. 3246 тұрғын үй, 9 мектептi су басты, 59 көпiр iстен шықты, 103 шақырым облыстық және жергiлiктi автожол, 170 гектардан астам егiстiк алқабы шайылды, 12 шақырым газ құбыры, 106 шақырым электр тарату желiсi, 269,7 шақырым суландыру құрылыстары қирады.

25 ақпан 2010

МИНИСТР ДОСҚАЛИЕВ ҮШIН ҚАЙСЫСЫ ҚЫМБАТ?

Рахат Әлиев, Өмiрзақ Әмет... Ендi Гаухар Әметқызы Әлиева... Немере ағасы Рахатпен бiр кiндiктен тараған өз ағасы Өмiрзақтан үйренген «өнегесiнiң», «тәлiм-тәрбиесiнiң» түрi ғой, билiгi жүретiн адамдарға аяусыз тiзесiн батыру, әсiресе кәсiпкерлерге кешiрiлмейтiн кегi кеткендей күш көрсету жағынан олардан озбаса да қалыспауды мықтап меңгерген-ақ екен. Әй, бiрақ лауазымдық қызметiн қанша асыра пайдаланса да лайықты жазасын алмай «отқа жанбастан, суға батпастан» «ойнап-күлiп» тiрлiк кеше беру Әлиевтер әулетiне бiткен әдет қой. Әйтпесе мансапқа мастанған Гаухар Әлиеваның шектен шыққан сорақы әрекеттерiн

18 ақпан 2010

Шалқар ауданы Шiлiктi елдiмекенiндегi су жаңа мектеп құрылысына байланысты дау туын­дады. Еңбекақыға қол жетпей алданған құрылысшылар жарты жылдан берi сандалып жүр. Құрылыс қожайыны “ҚазДосК” серiк­тестiгi басшыларын табу мүмкiн емес, олар жалақы сұрағандардан қашып жүр. Қашқын серiктестiк басшылығын Шалқар ауданы тұрғыны Құрманбай Досыбеков,

18 ақпан 2010

Қайбiр жылы Меркiнiң бiр ауылында аудан әкiмi есеп бердi. Негiзi “есеп беру” сценарий бойынша жүредi ғой. Алдымен аудан әкiмi ұзақ-сонар баяндамасын оқиды, одан алдын-ала дайындап қойған екi-үш адам сөз сөйлейдi. Сосын барып бiрдi-екiлi адамдар сұрақ берiп, мәселесiн айтады. Баяндама жасалып, жарыссөз аяқталып, ауылдың үлкендерi бiр-екi мәселе көтерiп, жиын ендi аяқталайын деп жатқан.

16 ақпан 2010

Маңғыстау облысындағы “Азат” партиясының жанынан құрылған ақсақалдар алқасы Алаш азаматтарына арнау хат жолдаған болатын. Ол арнауда “Алаштың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткерi, әдiлеттiлiк жолында шаһит кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына арнап Қазақстандағы барлық мешiттерде 12 ақпан, жұма күнi жамағат болып құран бағыштап, Алладан тiлек тiлеуiмiз керек” деп үндеу тастаған болатын. Осыған байланысты “Азаттың” ақсақалдар алқасы мүшелерi Маңғыстау облыстық Бекет Ата мешiтiнiң

9 ақпан 2010

Жамбылда мұғалiм мен дәрiгер жоғарыдан орын алмақ түгiлi, есiктен де сығалауға жүрексiнетiн сықылды. Қазiр бұл екi саланың айқай-шуы көп. «Бiр қарын майды бiр құмалақ шiрiтедi» деген, бiлiм және медицина саласының абырой-беделiн ең алдымен бiлiксiз басшылар түсiрiп тұр. Ондай басшылар бұл тәрбие, бiлiм беретiн, халықтың денсаулығын емдейтiн, сауықтыратын мекеме деп емес, қызметкерлерге құл сияқты қарап, билiк жүргiзетiн, құдай берiп тұрғанда, опырып жеп кететiн «батпанқұйрық» мекеме көредi.
 

4 ақпан 2010

Жақында бiрнеше айға созылған Маңғыстау облысындағы “Қаражанбасмұнай” АҚ-ға қарасты “Арғымақ ТрансСервис” (“АТС”) ЖШС басшылары мен осы ме­кеменiң жүргiзу­шiлерi арасындағы соңы соттасуға ұласқан даулы iс өз шешiмiн тапқандай болды. Естерiңiзге сала кетсек, сол “АТС” ЖШС-де болған еңбек заңдылықтарының бұзылуына наразылық танытқан жұмысшылар басшылары тарапынан ешқандай көңiл бөлiн­бегенiнен 2009 жылдың шiл­де айында 113 адам болып баспасөз беттерi арқылы ҚР президентi мен облыс әкiмiне ашық хат жазған болатын.

4 ақпан 2010

Биыл Табиғат-Ана Әулиеата жерiне қарасып-ақ тұр. Осы ақпан айында ақырып, боран-аязы қыспаса, әзiрге Жамбылда қыс жайлы. Әйтсе де, Әулиеатаның кейбiр әкiмдерi “осы не айтар екен, жақтыра ма, жоқ, ренжiп кете ме?” дегендей облыс басшысы Қанат Бозымбаевтың бетiне жалтақтай-жалтақтай, алдындағы тiрлiгiн қожыратып алған сықылды. Ойпырмай, Таразда төрт күн қыс болып едi, бүкiл қала шала бүлiндi.

26 қаңтар 2010

АЛ ҮРЖАР АУДАНДЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТI МҰНЫ ЕҢ АЛҒАШ БIЗДЕН ЕСТIДI

Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Б.Сапарбаевтың назарына. Шығыс Қазақстан облысының Бақты ауылынан Райхан Әмiрбекқызы телефон соғып, былай дедi: “Қаңтардың 19-ы күнi Қытайдан Бақты бекетi арқылы отыз шақты адам Қазақстанға өткенбiз. Шекарадан өткен соң көлiгiмiз бұзылып қалды. Көлiгiмiздi жасап едiк, боран соғып кетiп, жол жабылып қалды. Мiне, содан берi Бақты ауылында Жiбек деген апаның үйiнде “құдайы қонақ” болып жатырмыз. Ол кiсiге де рахмет...

26 қаңтар 2010

Тендер деген “тентек”. Кiм күштi, кiм мықты соның қасында жүредi. Соған қызмет етедi. Тентек шоқпармен дос, тендер “шоталмен” дос. Сосын бұл “тентектiң” жүрмейтiн жерi жоқ. Құрылыс, мектеп, аурухана... селтең-селтең етiп, елдiң бәрiн бәсекелестiрiп, ақырында ұрыстырып қоятынын қайтерсiз. Ал, бiз Жамбыл облысы тендерлерiнiң “тентектiгiн” ендi бiлiп жатырмыз.

5 қаңтар 2010

Таяуда “Каспий” әлеуметтiк-кә­сiпкерлiк корпорациясының Атыраудағы өкiлдiгi өз жұмыстары жайлы есеп бер­дi. Журналистермен кездескен басқарма төрағасы Әдiлбек Көшеровтiң айтуынша корпорация Атырауда 28 жобаны жүзеге асырады деп жоспарлаған. Олардың арасындағы аса iрiлерi – ас және техникалық тұздар өндiретiн за­уыт, көкөнiс сақтайтын қойма, Береке селосынан бөлiн­ген 70 га жердi инженерлiк жүйелермен жабдықтау. Бiр қарағанда журналистерге жария етiлген жоспар жүзеге асса, қазақтардың мұртын балта шаппайтын болады. Яғни,

5 қаңтар 2010

Көршiң соқыр болса, бiр көзiңдi қысып жүр» деген... Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың қазақ тiлiне шорқақ екенiн бiлген кейбiр азаматтар жиналыста орысша сөйлеудi шығарды. Қайбiр күнi өткен облыстық мәслихат сессиясында бiр азаматтар баяндамасының жартысын орысша жасады, ал бiр азаматтар сұрағын орысша қойды. Шынын айту керек, соңғы жылдары жамбылдық шенеунiктер орысша баяндама жасау дегендi ұмытқан едi. Бәлкiм, айтып жатқан мәселесiн облыс басшысы түсiнсе екен, соған тереңiрек мән берсе екен дейтiн шығар. Бiрақ,

29 желтоқсан 2009

Қалай Кеңес үкiметi құлап, ол билiк жасаған елдер ауқымында экономикалық дағдарыс басталысымен жұртшылық өз бетiнше жан бағудың қара­кетiне көштi. Көзге түсетiн көлденең жатқан дүниеге жауша тиiп, елде қарақшылық басталды. Далада малды үйiрiмен қырып, қалада елеулi-елеулi кешендердi қақыратып сөгiп, аңғал-саңғал жасады. Бүгiнгi сөз еткелi отырған “Ақтау-лифт” сол көп кешен­дердiң бiрi болды. “Ақтау лифтiге” алыстан ұры келген жоқ, оған атсалушылар сөз жоқ өз мамандары

беттер:1 / 2 / 3»