1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
Бiлiксiз басшылар бiлiм мен медицинаны былықтырып жатыр

Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың назарына!

«Алты Алаштың баласы бас қосса, мұғалiм жоғарыдан орын алуы керек» деген екен бiр кездерi Мағжан Жұмабаев. Әрине, бұл Қазан төңкерiсiнiң тұсында, қазақ даласында мұғалiм қат заманда айтылған сөз шығар, бiрақ қандай заман, қандай уақыт болса да мұғалiмнiң беделi, абыройы еш төмендемеуi керек. Тiптi Мағжан жоғарыдан орын берген мұғалiмнiң қасына дәрiгердi де қосу керек. Ұл-қызыңыз бiлiмдi, сауатты, көзi ашық және денсаулығы мықты боп өсiп жатса, мұғалiм мен дәрiгерге алғыс айтпағанда кiмге айтамыз?! Бiрақ соңғы жылдары Жамбылда мұғалiм мен дәрiгер жоғарыдан орын алмақ түгiлi, есiктен де сығалауға жүрексiнетiн сықылды. Қазiр бұл екi саланың айқай-шуы көп. «Бiр қарын майды бiр құмалақ шiрiтедi» деген, бiлiм және медицина саласының абырой-беделiн ең алдымен бiлiксiз басшылар түсiрiп тұр. Ондай басшылар бұл тәрбие, бiлiм беретiн, халықтың денсаулығын емдейтiн, сауықтыратын мекеме деп емес, қызметкерлерге құл сияқты қарап, билiк жүргiзетiн, құдай берiп тұрғанда, опырып жеп кететiн «батпанқұйрық» мекеме көредi.
 
ИСМАНОВА ХАНЫМ ҚАЗАҚ БАЛАЛАРЫНА «Я ЛЮБЛЮ ТЕБЯ ИССУС» ДЕП ӘН ШЫРҚАТТЫ
Қазiр арыздың заманы. Арыздың да арлысы бар. «Арыз жазыпты» деген сөздiң өзi оңай емес. Бiрақ адам арызды ашынғаннан жазады ғой. Күнi кеше ел президентi Н. Назарбаев атқарушы билiктiң қарапайым халықтың мұң-мұқтажына, арызына селқос қарайтынын қатты сынға алып «...А тогда на хрена вы все сидите там, я спрашиваю!? Чем вы занимаетесь!?» деп қатты ашуланды. Шынында қазiр арызданған адамдар қойған талаптарының оң шешiлерiне сенбейдi. Сөйтiп ақырында, арыз жазған адамдардың арасына жiк түсiп, «аш құлақтан тыныш құлақ» деген «мен бұл арызға қол қойған жоқпын» деп көбiсi бұлтарып жататыны бар. Жамбылдың бiр топ мұғалiмдерi мен дәрiгерлерi «Жас Алаш» газетiне жаз­ған хаттарын тапсырып тұрып, «бұл мәселенi тез арада жазбасаңыздар, басшыларымыз арызға қол қойғандармен жеке-жеке сөйлесiп, арыздан бас тартуға мәжбүрлеп жатыр» дегендi айтты. Шынында арызды оқысаңыз, жаныңыз шошиды.
«Бiздiң арыз жазуымызға ақыл-ойы дамуында кемiстiгi бар балалар­ға арналған мектеп-интернатының директоры Райхан Абсаттарқызы Исманованың адам төзгiсiз әрекеттерi мәжбүр етiп отыр. Бiздiң мектептiң бiлiм және тәрбие беру жүйесi жалпы бiлiм беретiн мектептерден өзгеше. Бұл мектепке арнайы коррекциялық бiлiмi бар маман басшы болуы керек. Исманованың ондай бiлiмi жоқ. Ол тағайындалған жарты жылдың iшiнде көптеген келеңсiз жайттарға куә болдық. Мектепте тәрбиеленiп жатқан 248 бала 27 сыныпқа бөлiнген. Оның 20-сы қазақ сыныптары. Өткен жылдың соңында Исманова Тараздағы «Ерик» кәрiс шiркеуiне хат жолдап, балаларға жаңа жылдық сыйлық берудi өтiнедi. 28 желтоқсан күнi шiркеу қызметкерлерi мектеп залына саз аспаптарын орналастырып жатқанын көрiп, директордың екi орынбасары Қ. Қалтаева және Н.Тiлешова және кәсiподақтың төрайымы «бұлардың келуi дұрыс емес» деп директорға тоқтатуды өтiнедi. Бiрақ директор олардың сөзiне құлақ аспайды. Сөйтiп ақырында, шiркеу қызметкерлерi өздерiнiң қойы­лымын көрсеттi. Қойылымда Иссустың туған күнiнен бастап пайғамбар болғанға дейiнгi сәттер бейнелендi. Ортасында олар зал толы қазақ балаларын орнынан тұрғызып, қолдарын жүрек тұсына ұстатып, «я люблю тебя Иссус» деп қайта-қайта ән шырқатты. Мұны көрген мектеп қызметкерлерi ашу-ызаға булықты. Бiрақ қолдан келер дәрмен жоқ. Шiркеу қызметкерлерi кетерiнде балаларға өз дiндерiн насихаттайтын түрлi үгiт-насихат кiтаптарын таратып кеттi. Бар-жоғы 165 жаңа жылдық сыйлыққа бола Р. Исманова осылайша 200-ге жуық қазақ баласын шоқындырып жiбере жаздады. Алдағы уақытта олай етпесiне кiм кепiл?!
Исманованың жиi қолданатын сөздерi мынау: «Жұмыстан шығарамын», «Мал болып жайылып кеткен­сiңдер», «Есектiң жүгi жеңiл болса, жатаған келедi»... Мектеп тәрбиелену­шiлерiн сенбi, мереке күндерi тегiн жұмыс iстетедi. Тамыз айында мек­тептiң жөндеуiн ұжым мүшелерiнiң қалтасынан шығартып жөндеттi. «Тез бiтiрiңдер» деген соң түнгi сағат     12-ге дейiн жұмыс iстеуге мәжбүр болдық. Директор өзiне сағат алып, бiрақ сабақ өткiзбейдi. Тiптi журнал толтыруға ерiнедi. Бiз ол кiсiнiң шектен тыс әрекеттерiне қарсымыз, шыдай алмаймыз». Арызға ұжымның 49 адамы қол қойыпты.
 
ҚҰЛТАШ ХАНЫМ КЕҢСЕСI МЕН ҮЙIН ШАТАСТЫРЫП АЛҒАН СЫҚЫЛДЫ
Ендi жамбылдық бiр топ ақ халатты жандардың арызына құлақ салыңыз. Негiзi Жамбыл консультатив­тiк-диагностикалық медициналық орталықтың дәрiгерлерi арызданбаған жер қалмапты. Бiрақ, ешқандай нәтиже жоқ. «Орталықтың бас дәрiгерi Айша Оратайқызы Құлташ пен оның орынбасары Н.Вонгайдың үстiнен бiрнеше мәрте арыздандық, бәрi тексерiп келедi, бiрақ бiрде-бiреуi бiзбен сөйлескен жоқ. Бәрi жабулы қазан күйiнде қалады. Бiздiң орталықта мынадай сұмдықтар болып жатыр: жұмыс iстеп тұрған медициналық жабдықтарды «ескiрдi» деп тiзiмнен шығарады (Мысалыға М-ЭХО ЭЭС-12 жабдығы). Бұл туралы тiптi облыстың қаржы полициясы бас дәрiгердiң үстiнен қылмыстық iс қозғап, жергiлiктi басылымдарда «Махинаторы в белых халатах» деген мақала шықты. Онда диагностикалық орталықтың 2000 жылы ЭЭС-12 жабдығын сатып алып, 2002 жылы «жарамайды» деп оны тiзiмнен шығар­ғаны айтылады. Сөйтiп, 2003 жылы 455 мыңға қайтадан сондай жабдық сатып алады. Ал бұл кезде «жарамайды» деп тiзiмнен сызып тас­таған ЭЭС-12 жабдығы жұмыс iстеп тұрған. Бұл деген мемлекеттi алдау, барып тұрған қылмыс емес пе? Тiзiмнен сызылып кеткен жабдық әрине, бас дәрiгердiң қалтасына жұмыс iстеп тұрды. Ай сайын бас дәрiгер қызметкерлерден телефонға деп 50, шаруашылық қажеттiлiгiне деп 200 теңгеден жинайды. Жыл сайын ағымдағы жөндеуге 1500 теңге беремiз. Ал мұның бәрiне жоғарыдан қаржы бөлiнедi емес пе? Бас дәрiгердiң баласы Асқар Жабаев орталықта менеджер болып жұмыс iстейдi. Ол жұмысқа келмейдi де, анда-санда бiр көремiз. Бұдан басқа бас дәрiгердiң қаншама туысқандары жұмыс iстеп жүр».
20-ға жуық дәрiгер қол қойған арызда сондай-ақ бұл орталықта «Еңбек туралы заңның» өрескел бұзылатыны, бас дәрiгер көп жұмыс iстетiп, аз ақша төлейтiнi, мәжбүрлеп жұмыс iстететiнi жiлiктеп жазылған. Бiр дәрiгер бiр күнде 17 адамды қарау керек болса, бұлар жоспарды артығымен орындайды екен. «Бiрақ артық ақша бас дәрiгердiң қалтасына кетедi» дейдi олар. Сондай-ақ, орталықтың басшылары қулыққа басып, ауылдан тегiн тексерiлуге келген жандарды ақша төлеуге мәжбүр етедi екен. Мысалға ауылдан келген науқас алдымен кассаға барады. Қолында тегiн тексерiлуге берiлген жолдамасы бар. Кассир жолдаманы алып қалады да дәрiгерге жiбередi. Алдына жолдамасыз келген жанға дәрiгер ауруды үйiп-төгiп қайтадан кассаға жiбередi. Бұл жолы ақша төлеуге жiбередi. Амал жоқ, анау төлейдi. Жалпы диагностикалық орталық дәрiгерлерiнiң бұл жазғандарынан түсiнгенiмiз бас дәрiгер Айша Құлташ ханым кеңсесi мен үйiн шатас­тырып алған сықылды.
...Мiне, қолында билiгi бар Исманова мен Құлташ ханымдардың тiрлiгi. Өздi-өзi қырқысып, қырықпышақ болып жатқанда бұл салада қандай абырой, қандай береке қалсын? Бiр келiлiк 165 сыйлыққа бола 165 қазақ баласын шоқындырып жiбере жаздаған Исмановадан не күтуге болады? Ақша табудың небiр қитұрқы жолдарын ойлап тапқан Құлташтан не үмiт, не қайыр? Ал бұған жергiлiктi билiк не дейдi? Әлде олар президент айтқандай шынында... ай қарап отыра бере ме?
Оралхан ДӘУIТ,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (5)
Жақсылық | 10 ақпан 2010 15:08
Егер осы айтылғандар рас болса бұндай дінін сатқан сайқалды қалайша директор болып әлі отыр қазақ қоғамы қайда, біліп отырған білім департаменті қайда ? Әкәмшілік қайда не деген бассыздық!
Мақсат | 11 ақпан 2010 00:58
Өзінің қара басының қамын ойлаған "бассыздарды" орнынан алып тастау керек!!!
Ақжол-Қанат | 11 ақпан 2010 10:38
Ақылға қонбайтын,сыймайтан нәрсе ғой.Түсібедім,білім бөлімі,әкімшілік қайда қараған сұмдық оқиға
Карлығаш | 17 ақпан 2010 18:08
Мұндай өзінің жұмысшыларына жаны ашымайтындарды орындарына қою керек!
Жадра Абсеметова | 21 ақпан 2010 00:29
Мына оқиғаға Жамбылдың жаңа әкімі не айтар екен,соны күтемиз!!!!!!!!!!!!!!!!"
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті