Президент қол қоймаса да «Ұлт көшбасшысы» туралы заң күшiне ендi. Бұл ненi көрсетедi?
Бәрi алдын-ала ұйымдастырылғанын (63%)
Ақорда «бұлбұлы» Ертiсбаевтың сәуегейлiгiн (0.7%)
Кеңес өкiметi көсемдерiнiң сарқыншақтары бiздiң қоғамда әлi бар екенiн (8.9%)
Қазақ қоғамының саяси мешелдiгiн (27.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное, преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
Қайбiр жылы Меркiнiң бiр ауылында аудан әкiмi есеп бердi. Негiзi “есеп беру” сценарий бойынша жүредi ғой. Алдымен аудан әкiмi ұзақ-сонар баяндамасын оқиды, одан алдын-ала дайындап қойған екi-үш адам сөз сөйлейдi. Сосын барып бiрдi-екiлi адамдар сұрақ берiп, мәселесiн айтады. Баяндама жасалып, жарыссөз аяқталып, ауылдың үлкендерi бiр-екi мәселе көтерiп, жиын ендi аяқталайын деп жатқан. “Әй, балам, мен сөйлейiншi” деп алдыңғы қатарда отырған ақсақал қол көтердi. “Әрине, әрине” деп әкiм жалбақтап жатыр. Мiнбеге шыққан ақсақал бiр жөткiрiнiп алды да “Әй, әкiм бала, бiздiң ауылдың мәселесiне қашан көңiл аударасыңдар? Бiздiң ауылда жол жоқ, көктем мен күздiң жаңбырында ми батпақ, көлiк түгiлi адам жүре алмай қалады. Ауызсуды пәленбай шақырымнан тасып iшемiз. Ал газ кiргiзу мәселесi тiптен жоспарда жоқ. Бiздiң ауылға көңiл аударатын кездерiң бола ма, жоқ па?” деп шұбырта жөнелсiн. Әкiм сасып қалды. “Бұл кiм?” деп орынбасарларына қарайды, олар да, ауыл әкiмi де “бiлмеймiз” деп иығын көтередi. Ақырында әкiм шыдай алмады: “Оу, ақсақал, тоқтаңыз, Сiз қай ауылды айтып тұрсыз?” дедi. Сонда ақсақал: “Мен құдамның үйiне қыдырып кеп ем, Түлкiбастағы ауылымды айтып тұрмын” дегенi...
Күлемiз ғой, әрине... Бiрақ сiрескен “сценариймен” өтетiн әкiмнiң есебi кей кездерi осындайымен қызық. Жамбыл облысының әкiмi Қанат Бозымбаевтың да қайбiр күнгi “есебi” осындай сүреңсiз өтетiн шығар деп ойлағанбыз. Оның әкiм болғанына небәрi екi айдан ендi асты. Яғни, “өткен жылы мынадай уәде берiп едiңiз, орындалмады ғой” деп жұрттың алқымнан алмайтыны анық. Десекте “көп қорқытады, терең батырады” деген бар, Бозымбаев халық алдында өзiн қалай ұстайды, қалай жауап бередi?! Жоқ, жас әкiм әңгiмеге де, әзiлге де бар екен. “Менiң атым Қожа” киносындағыдай Бозымбаев та үйiнiң есiгiн iшiнен құлыптап, айнаның алдында оңаша “жиналыс” ашып, әбден дайындалып алған ғой деймiн. Осы екi айда әкiмшiлiктiң алдындағы шыны жәшiкке түскен сұрақтарға қол астындағылар әкiмнiң атынан жауап жазып қойған екен, Бозымбаев соны оқып бердi. Арасында бiреу облыс әкiмiне “бос уақытыңыз бар ма?” деп сұрақ жазған екен, жауап жазған әкiмшiлiк қызметкерлерi “бос уақытым бар” десек әкiмнен бәлеге қаламыз” деген болуы керек, “жоқ” деп жазып жiберiптi. Сұрақ-жауапты судыратып отырған әкiм осы тұста “Неге “менiң бос уақытым жоқ” деп жазғансыңдар?.. Бос уақытым бар, бiрақ, өте аз. Қолым тисе, отбасыммен бiрге болып, кiтап оқып, спортпен шұғылданғанды жақсы көремiн” деп ағынан жарылды. Осыдан-ақ облыс басшысының жасқа тән жарқылдап, еркiн қимылдағысы, қатып қалған “сценариймен” жүргiсi келмейтiнiн аңғардық. Бозымбаев әңгiме арасында күлiп отырып “маған бiрталай құрылыс басшылары келдi, бәрi “бiзге не тапсырма бар?” дей бередi... Солардың бәрi бiр-бiр үйдiң ауласын жөндеп, темiрлерiн орнатып, ретке келтiрiп берсiн” деп құрылысшыларға да ретiмен жүк артып тастады.
Әрине, ел алдында есеп берудiң жауапкершiлiгi – есекке теңдеп артқан жүктен де ауыр. Есеп беру – артыңа бiр бұрылып, өткен тiрлiктi түгендеу, саралау, алдыға жол ашу деген сөз. Қанат Бозымбаев осы жолы облыстың денсаулық сақтау мен бiлiм саласын қатты сынға алды. Өткен жылы облыста ана өлiмi 2 есеге өссе, ҰБТ қорытындысы бойынша жамбылдық мектеп бiтiрушiлер республика бойынша төменгi орындардан көрiнiптi. Әрине, Жамбылда жап-жақсы тiрлiктер бар. Әр саланың өз жетiстiгi жетерлiк. Бiрақ, шынын айту керек, Жамбылдың шағын кәсiпкерлiк саласы, iрi жобаларға инвестиция тарту мәселесi тым-тым ақсап жатыр. Есеп беруден бiр күн бұрын Таразға бiрiншi вице-премьер Өмiрзақ Шөкеев келiп, облыстағы инвестициялық жобаларды iске асыру барысымен танысты. Сол кезде еңбек ардагерi Әлмұхан Исақтың “Бiздiң облысымыз басқа аймақтарға қарағанда экономикалық және әлеуметтiк жағынан дамуда артта қалып келедi. Бiздiң облысты “ұйқыдағы ару” деп атайды” деген сөзi көп нәрсенi аңғартса керек. Бұл турасында облыс әкiмi “Мемлекеттiк органдардың инвестициялық стратегиясы қажеттi деңгейде дамымаған, барлық аталған мiндеттер негiзiнен қағазда қалды. Бiзге отандық қаржы институттарын ғана емес, шетел инвесторларын да тарту қажет” деп, бұл саланы шындап қолға алатынын бiлдiрдi. Шынында Жамбылдың химиясы мен металлургиясын мықтап қолға алса, облысты өрге сүйреп шығатын “қара өгiздiң” нағыз өзi болар едi. Сондай-ақ, Астана, Алматыдағы iрi кәсiпкерлердiң Жамбылда бизнес жүргiзуге жүректерi дауалай бермейтiнi тағы жасырын емес. Бiрi жергiлiктi бандылық топтардан қорқатынын айтады, бiрi жергiлiктi шенеунiктермен тiл табыса алмайтынын айтады. Осыдан екi жыл бұрын Алматыдағы “Атакент” фирмасы Таразда iрi жобаларды қолға алып, оған 10 миллиард теңгеге дейiн қаржы салмақ болды.
Бiрақ облыс басшыларының ықылассыздығынан бұл жобаның бәрi аяқасты болды. Сонымен Қ.Бозымбаев ең алдымен осы саланы мықтап қолға алып, Жамбыл облысын кәсiпкерлер үшiн еркiн аймақ деп жариялап, алдағы уақытта республикалық бизнес форум өткiзбек ойы бар. Сондықтан жағдайың бар ма, қаржы құйып, бизнес жасағың келе ме, құрметтi кәсiпкер мырзалар, Жамбылға кел, жұмыс бар, кәсiп бар.
Жалпы алғанда Қ.Бозымбаев осы уақыт iшiнде аудан-қаланың бәрiн аралап, аймақтың да, жергiлiктi әкiмнiң де жұмысымен танысып бiттi. Бiр жақсысы, ол аудандағы әрбiр тiрлiкпен танысып қана қоя салған жоқ, солардың шешiлмей жатқан мәселесiне назар аударып, әсiресе, әрбiр шаруаға әкiмнiң “вопрос нет, көмектесемiз” дегенi көңiл қуантты. Ауылдағы шаруалардың қолы қысқа екенi белгiлi. Барлық аудандағы iрi шаруашылықтар облыс әкiмiне өздерiнiң жақсы тiрлiктерiн көрсетiп қана қоймай, несие, қаржы мәселесiнде, басқа да шешiлмей жатқан қиындықтарды алдыға тартты. Кейбiр аурухана, емханалар медициналық құрал-жабдықтардың жетiспейтiнiн, ғимараттарының ескi екенiн айтты. Облыс әкiмi сол жерде орынбасарларына нақты тапсырмалар берiп жатты. Бұл ендi көз үйренген жағдай. Айтқаны орындалып, қолға алған тiрлiгi iске асып жатса ғана, халық әкiмге сенетiн болады.
Қасиетті Әулие - Ата жерін осы әкім көтерсе деймін, әйитпесе нағыз "депрессивный" облыс біздікі сияқты ! Барлық жағынан тек ауыл-шаруашылығы болмаса?
Мектептің жан ашыр түлегі | 19 ақпан 2010 18:56
Осының алдындағы екі әкім не бітірген сонда? Жарайды, енді өткенді қозғамай-ақ қоялық, әркімнің көкейі біліп отыр ғой оны... Жаңа Әкім білім беру саласын қатты сынға алыпты дейсіз. Бірақ былтыр ма есімде жоқ, "Жас алашта" Рысқұлов ауданының Қайыңды ауылындағы Сраилов атындағы орта мектептің директоры ауылдағы білім сапасын "нөлге" жеткізіп, сыбайластық "міндетін асыра орындауда" деген сарындағы мақала шыққан еді.Бірақ, содан бері оны орнынан алуға еш әкімнің құзыры жетпепті. Баяғы жартас сол жартас. Балаларға обал-ақ, әрине. Соған қарағанда бұл діректірдің "крышасы"мықты болса керек, ә?!. Солай ма,Оралхан?
Тараз шыныменде ҚР-дағы экономикасы ең төмен қала десе болады. Жас ЖОО бітіруші ретінде айтарым ЖОО -бітірген жас мамандарға мүлдем жұмыс орны жоқ. Әрине бұл бүкіл Қазақстандағы жағдай, бірақ Тараз қаласында айрықша көрінеді.
лматылық | 23 ақпан 2010 01:50
Жамбыл облысына орыс мінезді әкім керек. Қазақшылыққа салынған кез келген әкімді жамбылдықтар арқасынан қағып жүріп-ақ, оны қалай да коррупционер етіп алады, ал "байғұс" әкім қалай коррупционер болып кеткенін өзі де білмей қалады. Жамбылдықтардың сондай "сиқыры" бар... Сол үшін де оларды ерекше жақсы көремін ғой!
Галым | 23 ақпан 2010 12:47
Оралханның каламы кисайып калмаса, Бозымбаевты біраз терлетіп, Жамбылға жан бітереді.
Жасай бер Нур Оралхан!
Жасай бер Нур Оралхан!