12 наурыз 2010
Жаңаөзендегi ерегiс кiмге тиiмдi?

2010 жылдың 1 наурызынан “Қазмұнайгаз” Барлау Өндiру” АҚ (“ҚМГ” БӨ” АҚ) “Өзенмұнайгаз” өндiрiстiк филиалының (“ӨМГ” ӨФ) басшылары мен мұнайшылар арасында дау-жанжал қайта басталды. Мән-жайды бiлу үшiн 6 наурыз күнi Жаңаөзен қаласына ат басын бұрдық. Мұнайшылар жұмысқа аттанатын автобекетке келдiк. 3 мындай адам жиналыпты. Әңгiмеге тарттық. Мұнайшылар мынадай бес талабын айтты:
Бiрiншiден, “ҚМГ” БӨ” АҚ-да еңбекақы жүйесiн өзгерту жұмысы қолға алынған. Қазiргi еңбекақы жақсы. Өзгерiстiң қажетi жоқ. Жаңа жүйенiң артында әлдебiр қитұрқылық жатқан сияқты. Мәселен, берiлiп жүрген аудандық коэффициенттi, тағы басқа үстемелердi негiзгi тарифке қоспақ. Яғни, белгiлi бiр еңбекақы тағайындалады. Инфляция болса, сол жалақы мардымсыз өсiрiледi. Сонда пайыздап қосылатын коэффициентер болмайды.
Екiншiден, “ӨМГ” ӨФ-ның жаңа директоры Б.Бисекеннiң жұмыстағы заңсыз iс-әрекеттерi шектен шықты. Еңбек ұжымындағы моральдық-психологиялық ахуал нашар. Б.Бисекен келгеннен: “Я вам устрою киргизскую демократию” дедi. Мекеме басшылары мен инженерлiк техникалық қызметкерлердi еш себепсiз “жұмысың ұнамай тұр” деп орындарынан түсiрдi. Ешкiмнiң пiкiрiмен санаспады.
Үшiншiден, “Жаңаөзен кенорнын қытайлықтар алатын көрiнедi” деген қауесет тарады. Бұған Б. Бисекеннiң: “Екi айдан кейiн кенорынды қытайлықтар алады” деген сөзi түрткi болды.
Төртiншiден, мұнайшылардың “ҚМГ” БӨ” АҚ мен “Қазмұнайгаз” ұлттық мұнай компаниясының (“ҚМГ” ҰМК) басшыларына деген өкпелерi қара қазандай. “Ембiмұнайгазда” үстiнен iс қозғалып, басы дау-дамайға қалған Б.Бисекендi “ӨМГ” ӨФ-ға директор еттi. Мұны “ҚМГ” БӨ” АҚ президентi К.Ыбырашов немесе жоғарыдағылар мұнайшыларға ерегесiп жасауда. Олар Қайырбек Елеусiнов сияқты адал азаматтарды директорлықтан түсiрдi. Д.Әбiлханов, Б.Бисекен сияқтыларды қойып, жеке мүдделерiн iске асырмақ.
Бесiншiден, “ӨМГ” ӨФ-да Мақсат Ибағаров деген кәсiподақ комитетiнiң төрағасы бар. Ол қарапайым мұнайшылардың емес, басшылардың мүддесiн көздейдi. Сондықтан оның орнына Н.Сақтағановты отырғызу қажет деген ұсыныс жасалуда. Жалпы, М.Ибағаров, Б.Бисекен және оның орынбасары А.Аңшыбаевтар орнынан кетсiн”.
“ҚМГ” БӨ” АҚ басшылығы мұнайшылардың бұл әрекетiн “заңсыз ереуiл” деп баға беруде. Бiрақ, жиналғандардың пiкiрi бөлек. “Жаңаөзенде, әсiресе мұнай саласында неше түрлi жемқорлыққа қатысты қылмыс жасалуда. Бұл заңды ма? Осындай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қойған “ӨМГ” ӨФ-ның бұрынғы директоры Қ.Елеусiновтi орнынан алып тастауы ше? Екi айдан берi ойына келгенiн жасап жатқан Б.Бисекеннiң әрекеттерiне не деймiз? Осының бәрiн көрiп-бiлiп отырған құқық қорғау органдарының, әкiмдердiң үн қатпай, қимылсыз отыруы заңды ма? Кеше осы жерде 10 мыңдай адам жиналды. Мұны заң бұзушылық десе мейлi. Алайда, айтқанымыздан қайтпаймыз. Талаптарымыз орындалғанша аяқтан тiк тұрамыз. Және бiтiмгершiлiкке адам жiбермеймiз. “Қазмұнайгаздан” және тағы басқа тиiстi орындардан үлкен басшылар келсiн!”, – дейдi олар.
Бұған “ҚМГ” БӨ” АҚ және “ӨМГ” ӨФ басшылары қандай уәж айтады? “ӨМГ” ӨФ-ның өндiрiстiк кеңсесiне кiрдiк. Күзетшi: “Бастықтар әлеуметтiк кеңседе жиналыс жасап жатыр. Сонда барыңыздар”, – дедi. Бардық. Ондағы күзетшiлер: “Басшылар жоқ, шығып кеттi”, – дедi. Бiр сағаттан соң аталған екi кеңсеге қайта соқтық. Әлеуметтiк кеңсенiң алдында басшылардың көлiктерi мен жүргiзушiлерi тұрды. Бiрақ, күзетшiлер “басшылар жоқ” деп жауап бердi. Әйтсе де, “ҚМГ” БӨ” АҚ-ның қоғаммен байланыс жөнiндегi департаментiнiң бастығы Дәулет Жұмадiлдi кездестiрдiк.– Жұмысшылардың бұл әрекетi – заңсыздық. Жаңа еңбекақы жүйесiнен жұмысшылар зардап шекпейдi. Акцияны ұйымдастырушылардың ресми талаптары да жоқ. Стихиялық митингте “аудандық коэффициенттi жалақыға қоспай, жеке берсiн. Жаңа жүйеге көшу туралы ұжымдық шартқа қосымша келiсiм жойылсын. Хабарламаны тарату тоқтатылсын” деген талаптар айтылды. Бiрақ, жаңа жүйе еңбек заңнамаларына сәйкес келедi. Оның үстiне қызметкерлердiң материалдық жағдайын жақсартуға бағытталған. Жалақы 55 пайыздан 77 пайызға өседi. Ђндiрiстiк жоспар орындалған жағдайда ғана төленетiн сыйақы 23 пайызды құрайды. Аумақтық және үстеме коэффициенттер, сыйақының бөлiгiн қамтитын тарифтiк ставка жалақыға қосылған. Өйткенi, ҚР заңнамаларында бұл коэффициенттердi бөлек төлеу қарастырылмаған. Сондықтан бұл төлемдердi сақтап қалу үшiн айлық жалақы өсуде. Жылдық жалақы орташа есеппен 1-3 пайызға артады. Одан бөлек ауыр, зиянды әрi қауiптi жұмыстарға тартылған мұнайшылар жалақысының ең төменгi мөлшерi белгiленген”, – дедi.
Жұмыстан себепсiз шығып қалған басшыларды да сөзге тарттық. “УТТ” мекемесiнiң бұрынғы директоры Омар Елеш, “УОС-5” мекемесiнiң бұрынғы бас инженерi Махмұд Серiкбаев, “УОС-2-нiң” бұрынғы бас инженерi Нұржаубай Таласбаев бiр ауыздан былай дедi: “Бәрi аяқ астынан болды. Б.Бисекен әй-шәй жоқ “жұмыстарың ұнамайды, боссыңдар”, – дедi. Түсiнбедiк. Ұжыммен бiте қайнасып жұмыс жасап жүрген таза өндiрiстiң адамдарымыз ғой. Талай басшы ауысты. Бiрақ, мынандайды көрген жоқпыз”, – дейдi олар таңданып.
Текетiрестiң басталғанына 10 шақты күн өттi. Облыс әкiмдiгi де, “Нұр Отан” да, ақсақалдар тобы да әзiрге үнсiз. Бейне бiр жоғарыдан нұсқау күтiп отырғандай. Неге бiрнеше жылдан берi Жаңаөзендегi дау-жанжал шешiмiн таппайды? Шындығында бұл текетiрес кiмге керек? ҚР Президентi мен оның ниеттестерiне бұл дау-жанжалдың керегi жоқ. “Жаңаөзендегi текетiрестердi оппозициялық күштер жасап отыр” деп нақты тұжырым жасау да – қателiк. Мұнай олигархтары ше?Жаңаөзен – негiзiнен осы топтың ықпалындағы қала. Жаңаөзендiк мұнайшылардың проблемасын әп-сәтте-ақ шешiп тастауға құдiретi жетедi. Бiрақ,олардың құлқы, ниетi жоқ. Неге? Себебi, байыған үстiне баю, ашкөздiк, тойымсыздық. Бастысы, билiк тарапынан “тәк” дейтiн адам жоқ. Бұл алпауыттарға Жаңаөзеннiң “бүлiкшiл” халқы ұнамайды. Олар: “Жаңаөзендiктердi қайткенде де езу керек. Сонда ғана тыныш ұстауға болады”, – деп есептейтiндей. Бұл үшiн бәрiне де барады. Жұмыстың тоқтағанына қысылмайды да. Бас көтерген ереуiлшiлердi билiктiң көмегiмен аяусыз басып-жаншуды ұнатады. Сондықтан қазiр Жаңаөзенде осы мұнай алпауыттарының “ақ дегенi – алғыс, қара дегенi –қарғыс” болып, дәуренi жүрiп тұр.Жаңаөзендегi қоғамдық пiкiр осындай. Ендеше билiктегiлер, әсiресе құқық қоғау органдары “Жаңаөзендегi ерегiс кiмге тиiмдi?” деген сұрақ төңiрегiнде ойланғаны жөн-ау.
Нұрсұлтан ДҮЙСЕБЕК,
“Алтын ғасыр” газетiнiң Маңғыстау
облысындағы меншiктi тiлшiсi.
Ақтау қаласы.





Сандырактамашы!!!
1. Бізде адамдар өз ойын айтқысы келсе не құқықтарын қорғағысы келсе олар бірден заңнан тыс деп жарияланады.
2. Әкімдіктер мен "ұлы партия" бір адамның ауызына қарап, ол өз ойын білдірмегенше қимылдамайды.
3. Комменттерден байқағаным, бізде әлі де қазақтар руларға бөлінуді жақсы көреді. Осы руларға бөліне әдеті орта ғасырларда бүкіл әлемде болған. Кәзір осы әдет тек Орталық Азия, Ауғаныстан, Ирак пен Африка елдерінде
3. Комменттерден байқағаным, бізде әлі де қазақтар руларға бөлінуді жақсы көреді. Осы руларға бөліне әдеті орта ғасырларда бүкіл әлемде болған. Кәзір осы әдет тек Орталық Азия, Ауғаныстан, Ирак пен Африка елдерінде"
buning bizding elde saktalip kalganina kudaiga shukirshilik et! ruga bolinbeytin evropa, reseiding slaviandari ishinde ozining jienderimen, agayin-tumalarimen, jengelerimen jinistik karim-katinaska tuse beredi, buning kai jeri jaksi Ilias?
***Ояның қалың ҚАЗАҒЫМ!!!***