1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №96 (16178) 30 қараша, сәрсенбі 2016
30 қараша 2016
Алтын өндiретiн зауыт салынбақ
МҰНЫ ҚОРДАЙДА ТУЫП, ГЕРМАНИЯДА ШЫҢДАЛҒАН НЕМIС БИЗНЕСМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРМАҚШЫ 
Жыл сайын Жамбыл облысы индустриялық әлеуетiн арттырып келедi. Жергiлiктi өндiрiстi дамытуда инвестицияны тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасалуда. Жуырда өткен “Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016” халықаралық инвестициялық форумы да өнеркәсiптiк және химиялық-технологиялық өндiрiс саласындағы әрiптестiк қатынасты нығайтуға жасалған кезектi қадамның бiрi. Агрохимиялық саланы дамыту мен инвестиция тарту мәселелерiне арналған “Taraz Invest – Agro|Chemical Day 2016” инвестициялық форумы барысында жалпы -120 млрд теңге болатын 12 меморандумға қол қойылды. Форумға Алматы облысының, Таразбен бауырлас қалалардың басшылары, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкiлеттi елшiсi Чжан Вэй, Чаньцзи Хуизу автономиялық префектурасы үкiметiнiң бастығының орынбасары Кайрат Қапанұлы, Қырғыз Республикасы Талас облысының губернаторы Даир Кенекеев, бизнес-қоғамдастықтарының, бiрлестiктердiң, банк секторлары, барлық деңгейдегi мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ агрохимиялық өнеркәсiп мамандары мен сарапшылар, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстiк Корея, Украина, Түркия, Иран Ислам Республикасы, Румыния, Италия елдерiнiң өкiлдерi қатысты. Шағын және орта бизнес субъектiлерi мен бизнесмендер үшiн аймақтың инвестициялық тартымдылығын көрсетудi мақсат еткен форумда инновациялық ғылыми химиялық жобалар таныстырылымынан бөлек агроөнеркәсiптiк кешен, туризм салаларындағы халықаралық ынтымақтастық тақырыбында панелдiк сессиялар ұйымдастырылды.
Германиялық “Aurum Deutschland AG” компаниясы Жамбыл облысында өнеркәсiп саласының дамуына үлес қосуға ниет бiлдiрiп отырғандардың бiрi. Компания Қордай ауданындағы кен орнына арнайы әзiрленген алтын өндiрудiң бiрегей технологиясын пайдалануды жоспарлауда. Форум барысында Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев пен германиялық Aurum Deutschland AG” ЖШС бас директоры Йоган Штоль арасында тау-кен комбинатын тұрғызу және алтын кенiн байыту туралы келiсiмге қол қойылды. Қордай ауданында дүниеге келген Йоган Штоль, зауыт салып, бизнеспен айналысу үшiн елiмiзге қайта орал­ған. Майбұлақ алтын кен орнындағы зауыттың жоспарланған жылдық қуаты – 5-6 тонна. Құрылыстың құны шамамен 250 миллион долларға жетедi, ал жобаның жалпы құны – 300 миллион доллар, германиялық компания өз акцияларының 100 пайызына ие.  Қордай ауданында шамамен 900 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Майбұлақ кен орнын барлауға компания 30 миллион доллар қаржы салыпты. Шамамен бiр жарым жылдан соң зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бас директордың мәлiмдеуiнше, алтынды өндiру жүйесi жаңа германиялық технологиямен жүзеге асатын болады және ол әлi әлемде жоқ, алғаш рет осы жерде сыналмақ. Компания алтынмен бiрге өзге де металдар шығатын Қордай ауданының кен орнына арналған технологияны әзiрлеу үшiн 12 миллион еуро жұмсапты.
 Ғалымжан Елшiбай,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар