1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
5 желтоқсан 2016
Қараусыз қалған кенiш 30 гектар жердi ластады
Атырау облысының Құрманғазы ауданында қараусыз қал­ған екi ұңғымадан мұнай төгiлiп, 30 га жердi ластаған. Мұнай жерасты сулары тұратын қабатқа дейiн сiңiп кеткен. Күмiсбек ауылында жергiлiктi ауқымдағы техногендiк сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. “Көлжан-Ойл” ЖШС-ға тиесiлi ұңғыма аудан орталығынан 60 шақырымда орналасқан. Серiктестiк Күмiсбек кенiшiнде мұнай өндiрудi 2004 жылы бастаған. 3 жыл бұрын белгiсiз себептермен жұмысын тоқтатқан компания кенiштегi 6 ұңғыманы және мұнай өнiмдерi толы 60 тонналық екi цистернаны қараусыз тастап кеткен. Кенiштi игеру және өндiрiс орнын сақтауға қатысты заң талаптарын бұзған компанияның үстiнен аудандық прокуратура қылмыстық iс қозғады. Алдын ала есеп бойынша келтiрiлген шығын көлемi 800 млн теңгеден асады.   
 Жергiлiктi прокуратура серiктестiк иелерiн iздестiрiп жатыр. Құрманғазы ауданы әкiмiнiң орынбасары Жастiлек Хасанов “Көлжан-Ойл” компаниясының иелерi телефон қоңырауларына жауап қатпай отырғанын, жазған хаттарға жауап бермегендерiн хабарлады. Қазiр жергiлiктi атқарушы органдардың өтiнiшiмен “Ақ берен” мамандандырылған кәсiпорны жерге төгiлген мұнайды жинауға және ластанған аумақты тазалауға кiрiскен. Компанияның жұмыстары облыстық бюджет есебiнен төленетiн болады.  
Бұл аралықта қараусыз қалған кен орнындағы екi ұңғымадан мұнай ағып жатқаны жайлы жергiлiктi билiктiң бұдан ертеректе бiлгенi белгiлi болды. Мәселен, аудандағы Қоғамдық кеңес мұнайдың төгiлуiне байланысты төтенше жағдайды 1 қарашада жариялаған.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті