1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (16181) 13 желтоқсан, сейсенбі 2016
13 желтоқсан 2016
Тiлеуханға тiлеулестер көп Жамбылдың денсаулық саласы ендi дұрысталып қалар
 Жуырда Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкiрекбаев­тың өкiмiмен Тiлеухан Әбiл­даев денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы болып тағайындалды. Осылайша сегiз айдан берi бос тұрған жауапты орынға бас ие табылды. Айта кетейiк, Тiлеухан Шiл­дебайұлы бұл қызметке осымен екiншi мәрте тағайындалып отыр.
 
Ендi сәл-пәл шегiнiс жасап көрейiк, сәуiрде Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Ерлан Масалимовтың екi орынбасары және екi бөлiм басшысымен, яғни бiр басқармадағы бес бiрдей адам пара алды деген айыппен жемқорлыққа қарсы қызметтiң құрығына түскенiн ақпарат құралдары жарыса жазды. Құзырлы ор­гандардың мәлiметiне қарағанда, ол қарамағындағы бас дәрiгерлерден бiрнеше дүркiн пара алған. Сот оған 10 миллион теңге көлемiнде айыппұл төлеуге үкiм шығарып, өмiр бойы мемлекеттiк қызметте iстеу құқығынан айырғанын бұған дейiн “Жас Алашта” жаз­ғанбыз. Қазан айында облыстық соттың апелляциялық алқасы үкiмдi өзгерiссiз қалдырды.
 
Ерлан Масалимов басқарманың басшысы қызметiне былтыр сәуiрде тағайындал­ған едi. Тағайындалған кадрдың сенiмдi ақтаудың орнына осындай сорақылыққа барғаны, әрине облыс басшысы үшiн де оңай тимегенi анық. Сондықтан Кәрiм Насбекұлы денсаулық сақтау саласына жауапты басшыны ұзақ iздедi. Бұл жолғы таңдау сәттi шығар деген ойдамыз. Өйткенi...
Денсаулық саласында әб­ден шыңдалған, әлдекiмдер­дей көке-жәкесiнiң арқасында өспеген, басшылықтың әр­бiр баспалдағына адал еңбек, маңдай терiмен бiртiн­деп көтерiлген жаңа басшы Әулие­ата өңiрi үшiн бөтен емес және бұл қызметке кездейсоқ келген кадр деуге болмайды. Еңбек жолы қарапайым дәрi­герлiктен басталған. Уақытында Жамбыл облыстық ау­руханасында, одан кейiн ұзақ жылдар Талас аудандық ауруханасында қызмет етiп, бас дәрiгерлiкке дейiн жоғарылаған. Тараздағы туберкулезге қар­сы диспансердiң бас дәрiгерi, ал 1999-2005 жылдары Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментi­нiң бастығы болған. Бұрынырақ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша департамен­тiнiң, бертiнде Алматы қаласындағы департаментiнiң директоры қызметтерiн атқар­ған. 2010 жылы республикалық туберкулез мәселелерi Ұлттық орталығының басшылығына тағайындалса,  соңғы уақытта Астанада денсаулық сақтауды дамыту орталығында бас директордың орынбасары қызметiне кiрiскен.
 
Өмiрбаянына қарағанда жұмысын қарапайым дәрiгер ретiнде ауылдан бастап, әрi қарай облыс орталығында, одан Алматыда, Астанада жауапкершiлiгi зор басшылық қызметке жалғасқан. Өзектi мәселелерi де, дау-дамайы да өте көп денсаулық сақтаудың әр саласында тәжiрибе жинақтаған. Былайша айтсақ осы саланың “отымен кiрiп күлiмен шығып” жүрген, таңдаған мамандығының қыр-сырын бес саусақтай бiлетiн кадр. Тек ендi “тәспiсiнен жаңылмай” адал тер төксе, көп­шiлiктiң үкiлi үмiтi ақталса деймiз.
Ғалымжан Елшiбай,
Жамбыл облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар