1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (16181) 13 желтоқсан, сейсенбі 2016
13 желтоқсан 2016
Көкшетау, үлгi көрсет
Өткенде 365 info.kz порталы BNews.kz сайтына сiлтеме жасап, Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласында, ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай, табандатқан 57 көшенiң атауы қазақшаланады деп хабарлаған. Шынын айтқанда, осы жаңалық қанша жағымды естiлгенiмен, оған нанар-нанбасымызды бiлмедiк. Себебi, жуырда ғана Қызылжар қаласында көше атауларын өзгертуге байланысты өткен қалалық мәслихаттың жиынында кейбiреулердiң оған барынша қарсы болғанын телеэкраннан көрдiк. Ал Керекуде бұндай мәселенi сөз ету – барып тұрған бос әурешiлiк. Жергiлiктi ұлт жанашырлары да оны айтудан шаршаған.
 
Ендi жоғарыдағы электронды желiлер ұсынған ақпаратқа сенсек, “Көкшетаудағы 40 лет Октября көшесiне Алаш қайраткерi Әлихан Бөкейхан есiмi берiлдi. Ал Мир көшесi – Ыбырай Алтынсарин есiмiмен аталмақ. Корчагин – Сығанақ, Симферепольский – Желтоқсан, Пригородный – Жiбек жолы, Речная – Құлагер, Дзержинский – Конституция, Бережной – Жұмбақтас, Авангардная – Атамекен, Весенняя – Қазанат, Красногвардейский – Алаш болып өзгертiлдi,” – дептi. 
 “Кеңес заманы тұсында шектен тыс идеологияландыру саясаты негiзiнде аталған Октябрьский, Невский, Морозов, Первомай, Калинин, Красногвардейский және басқа да көшелер, сондай-ақ мән-мағынасы мен топонимикалық жүктемесi жоқ Речной, Полевой, Степной, Сосновый, Швейный секiлдi көшелерге ұлттық атау берiлдi. Жергiлiктi әкiмдiк таңдаған атаулар халыққа таныстырылып, тұрғындар пiкiрi тыңдалды. Қоғамдық қабылдауға қатысқан тұрғындар келiсiмiмен таңдалған көше атаулары бекiтiлдi”, – деген Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Еркiн Исiмбаевтың пiкiрi қоса ұсынылыпты.
 
Осыдан соң аталмыш шаруаның анығын бiлмек болып, Ақмола облыстық тiлдердi дамыту басқармасымен хабарласқан едiк. Сөйтсек, қуануға әлi ертеректеу секiлдi. Көшелердiң атауын өзгерту мәселесi облыстық ономастика комиссиясында қаралып, ендi республикалық осы аттас комиссияға жiберiлген көрiнедi. Ал ондағылар қандай шешiм қабылдайтыны әзiрге белгiсiз.
Дегенмен, басы жақсы басталған шаруаның аяғы абыроймен бiтер деп үмiттенiп жүр бұл жақтағы ағайын. Егер жоғарыдағылар қолдап, Көкшетауда ондаған көше қазақша атауды иеленсе, ол осы өңiрдегi Қызылжар, Кереку, Қостанай, Өскемен секiлдi қалаларға үлгi болар едi...
Сайлау Байбосын,
Ақмола облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті