1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №101 (16183) 19 желтоқсан, дүйсенбі 2016
19 желтоқсан 2016
«Қосылғыштың орны ауысқанмен...»
ОДАНҚОСЫНДЫ ӨЗГЕРМЕЙТIНIН”  БАСТАУЫШТЫҢ БАЛАСЫ БIЛЕДI.
БIЛМЕЙТIН — “ҚАЗАҚМЫСТЫҢБАСШЫЛЫҒЫ. НЕГЕ?
Сұраққа жауап бермес бұрын сәл шегiнiс жасайық. “Қазақмысқа” қарасты жастар одағының төрағасы С.Тысевич қазақ тiлдi газеттi қорлаудың “классикалық үлгiсiн” қалай көрсеткенiн бiз бiрнеше рет жаздық: “Тысевич қазақша газетке қырғидай тидi” (13 мамыр 2015ж.), “Қазақмысқа” керегi – қазақтың кенi...” (26 қараша 2015ж.). “Құдiреттi “Қазақмыс” прокуратураңа пысқырмайды” (12 қараша 2015ж.) деп “ДАТ”-та дабылдатты. Сосын, сөз өтпеген соң қойғанбыз.
Ендi “неге?” деген сауалдың жауабына келейiк. Бұдан бiр ай бұрын аймақтық “Мысты өңiр” газетiнiң құрылтайшысы өзгердi. Компанияның жастар одағынан “Кәсiпқазақмыс” атты “қалта” кәсiподағына өттi. Ендi мынаған қараңыз: кәсiподақтың тiзгiнi Т.Тiлемiсовтiң қолында. Оның орынбасары — өзiмiзге таныс Сергей “серi”. Кезiнде бұл туралы да жазылған (“САМэкс-“ЗАМЫНАорынбасарболыпбарды”, 2 қараша, 2010ж.). Ал, Төреқожа Тысевичсiз тырп ете алмайды.
“Тысевичтiң түгi кеткен жоқ. Орыс тiлiндегi “Подробности” газетi жастар одағында қалды. Оның үстiне “Мысты өңiрдiң” меншiгiндегi екi қабатты ғимаратты орыс газетiне өткiзiп үлгерген сыңайлы. Қазiр оның анық-қанығына жетумен компанияның заң бөлiмi айналысуда. Егер жорамал шындыққа айналса, қызықтың көкесiн сонда көремiз. Өйткенi, сыбайластықтың сызы байқалады” дейдi, “Қазақмыстың” кеңсесiндегi сенiмдi дереккөз.
Қазақ газетiн “Кәсiпқазақмысқа” берiп, орыс газетiн жастар одағына қалдырған “Қазақмыс” басшылығының не ойлағаны бар екен? Арада бiр ай өтсе де “Мысты өңiрдегi” мақаланың сапасы сол қалпында, сын көтермейдi.
ӘлiбекӘБДIРАШ,
Қарағандыоблысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті