1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Баянауылдың бағы жанар ма екен?
Кейiнгi жылдары биiк мiнбелерден айтылып келе жатқан мәселелердiң бiрi – ел iшiнде туристiк кластердi дамыту. Басқасын айтпағанда, мұның мемлекет үшiн екi маңызы бар. Бiрiншiсi – ол тұрақты табыс көзi болса, екiншiсi – туристiк бизнес арқылы Қазақстан сыртқы елдерге танылмақ. Айталық, дүниежүзiнiң кез келген адамы Сейшель, Канар т.б. мұхит төсiнде орналасқан шағын аралдарды жатқа бiледi де, қайсыбiр iргелi мемлекеттер туралы хабары да болмай жатады. Ал жаңағы шағын аралдарды әлемге танытып тұрған оның туристiк бизнесi.
 
Солтүстiк өңiр, оның iшiнде Павлодар облысы үшiн бұл iске қолайлы жер – Баянауыл өңiрi деп жүрмiз. Өкiнiшке қарай, жоғарыда аталған аралдар секiлдi, бұл жақта он екi ай бойы жаз болып тұрмайды. Суға шомылу маусымы деп аталатын екi айдың iшiнде Жасыбай көлiне қарай қаптаған халық, күн салқындай бере сап тыйы­лады. Оның үстiне бұл жақтағы инфражүйе де әзiрше сын көтермей тұр. Айталық, Баянауылға қарай жүретiн автокөлiк жолдары, Жасыбайдың басындағы демалушыларға қызмет көрсету деңгейi т.б. бiраз жылдардан берi айтылып та, жазылып та жүр. Тiптi (ұлы сөзде ұяттық жоқ) Баянауылға бара қалсақ, кiрiп шығатын әжетхана таппай қиналамыз. Осы заманға лайық бұл секiлдi қызмет көрсету орындары да қарастырылмаған. Оның се­бебi, Баянауыл облыстағы су құбыры тартылмаған бiр­ден-бiр кент. Тасты жарып, құбыр тарту бұрынғы басшыларға қиындық туғызса керек...
Дегенмен, аймақтың жаңа әкiмi Болат Бақауов Баяна­уылға қатысты осындай ше­шiлмеген жұмыстарды барынша қолға алып жатқанын байқап жүрмiз. Келер жылы Баянауыл ауданының жылдық бюджетi 4,1 миллиардқа өсiп, оған қосымша облыстық және республикалық бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы бөлiнбек. Оның 1,7 миллиарды су құбырын тартуға жұмсалмақшы. Оған қоса, Баянауылда туристер үшiн ақпараттық орталық ашылып, әуежай салынбақ. Қаражар ауылында тау-шаңғы базасы ашылмақшы. Басқа да мақсатты жұмыстар бар екенi айтылып жатыр. Бұдан бөлек, Баянауыл ауданының жаңа әкiмi Оразгелдi Қайыргелдинов те өңiр тарихын түгендеп, өткен тарихи тұлғалар жайлы деректердi жандандыруға пейiлдi екенiн байқатты.
Облыс басшысы Б.Бақауовтың: “Баянауылды көр­кейтемiз деген сөздер бұ­рын да айтылып келген, бұл жолы ешнәрсе аяқсыз қалмайды” деген сөзiнен соң көңiлге сенiм кiредi.
 Сайлау Байбосын,
Павлодар облысы
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті