1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №1 (16187) 5 қаңтар, бейсенбі 2017
5 қаңтар 2017
Басы қатты, соңы тәттi болған өткен жыл оңтүстiкке өз жаңалықтарын әкелдi

2016 жылы өңiрде елдi ғана емес, халықаралық кеңiстiктi де дүрлiктiрген атышулы оқиғалар орын алды. Әйтеуiр, Шымкент лаңкестiк актiлерден дiн-аман. Қазiргi заманда осының өзiн жақсылыққа балауға боларлық халге жеттiк. Есесiне, шымкенттiк атышулы кәсiпкер Тоқтар Төлешовтiң мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болған деп айыпталуы “айды аспанға шығарып” бәрiн басып озды. Бұл облыстық деңгейден асып республикалық, тiптi халықаралық ауқымда кеңiнен талқыланған тақырыпқа кiретiндiктен өңiрдегi оқиғалардың қатарына қоспағанды жөн көрдiк.

Мешiн жылы облыстық мәслихат депутаттарының бiрiнен кейiн бiрi басы дауға iлiккенi ерекше еске түседi. Әуелi Амангелдi Сопбековтi айтайық. Иә, сайлау додасы мәре сызығына жақындағанда алдын ала үстiне белгiсiз сұйықтықты құйып алған күйi Шардарадағы округтiк сайлау комиссиясы орналасқан ғимаратқа кiрiп барып, “дауыс дұрыс саналмаса өзiн-өзi өртеймiн” деген жанкештiлiк жасаудан аянбаған атышулы Сопбеков. Саяси додада “Нұр Отанның” атынан түскен қарсылас кандидатқа басымдық берiлетiнiн сезген Оңтүстiк Қазақстан политехникалық колледжiнiң директоры осындай “көзсiз батырлығының” арқасында сайлауда жеңiске жеттi. Алайда арада төрт ай өтiсiмен Амангелдi Сопбеков бiлiм басқармасының лауазымды қызметкерiне 3 миллион теңге пара ұсынды деген айыппен қамауға алынды. Жуырда сот айыпталушыға 90 миллион теңге айыппұл төлеуiн мiндеттеген үкiм шығарды. Әрине, өлермендiкпен иеленген мандат та, қызығын көрiп жүрген директорлық қызмет те өзiмен бiрге “өртенiп кеттi”.
Ал Айдархан Орынбасаров деген азамат сайлауға санаулы ғана уақыт қалғанда “Нұр Отан” партиясының қатарына қабылданып Мақтарал ауданы атынан облыстық мәслихаттың мандаты мәселесiн шешкенiмен, артынша Ұлттық қауiпсiздiк комитетi оның үстiнен “қорқытып алу” бабы бойынша қылмыстық iс қозғады. Мұның соңы депутаттығының ғұмыры тым ерте үзiлумен аяқталды. Облыстық мәслихаттың шуы мұнымен де саябырсыған жоқ. Шардара ауданының әкiмi Қамытбек Айтөреев мансаптан мандатты артық көрiп, жаңадан жасақталған депутаттық корпустың хатшылығына сайланған едi. Алайда арада алты ай өтпей жатып абыройсыз жағдайда атынан ауып түстi. Дәлiрегiн қысқаша баяндасақ, 1 қыркүйек-Бiлiм күнiнде Шардарадағы бiрқатар бiлiм ошақтарының ашылуына арналған салтанатты шараның соңы ауданның экс-әкiмi, облыстық мәслихаттың хатшысы Қамытбек Айтөреев та қатысқан арнайы дастарқандағы басқосуға жалғасқан. Сол қуанышты атап өту кезiнде өзара кикiлжiңге келу салдарынан ауданның сол кездегi әкiмi Арман Абдуллаевтың басына жергiлiктi бiр кәсiпкердiң бөтелкемен ұруы үлкен дауға ұласты. Дастарқанға бөтелке қоюдың ақыры бүгiнде аудан әкiмiнiң де, мәслихат хатшысының да қызметiнен босауына апарып соқты.
“Басы қатты болса, аяғы тәттi болады” дейтiн ел аузында сөз бар ғой. Қуаныштысы сол жылдың басы мәслихат депутаттарының сериалды дауымен басталғанымен жылдың соңы оңтүстiкте көптеген мәселелердiң оң шешiмiн табуға ұласқаны халықты қуантуда. Осыған себепкер оң бастамалар жылдың басты оқиғаларының бiрi – жаңа әкiмнiң тағайындалуы. Атамқұловтың орнына бұған дейiн алты жыл бойы Қазақстанның Түркиядағы елшiсi қызметiн атқарған Жансейiт Түймебаев келдi. Жаңа әкiм бауырлас Түркия елiндегi оң бастамалар мен жобаларды Оңтүстiкте жүзеге асыруға деген талпынысымен, сонымен қатар өнерге жанашырлығымен танылды. Мәселен, Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы қарсаңында “Мәдениет және руханият” күнi атап өтiлiп, елiмiздiң өнер және мәдениет саласына еңбегi сiңген 25 қайраткер 500 мың теңге көлемiнде сыйлық алды.
Тәуелсiздiктiң 25 жылында Оңтүстiкте жиындардың түр-түрi өткенiмен, дәл биылғы желтоқсандағыдай басқосу бұрын-соңды өтпеген. “Туған жердi түлету – перзенттiк парыз” атты iс-шараның ерекшелiгi – оған Оңтүстiктен шыққан танымал қайраткерлер, меценаттар, бизнесмендер, қаламгерлер, өнер және спорт жұлдыздарының қатысуы едi. Мұндай ой бұған дейiнгi әкiмдердiң басында болмауы мүмкiн емес, бiрақ батылдары жетпедi ме бәлкiм?! Өңiрден түлеп ұшқан азаматтарды жинап, облыстың жүрiп өткен даму жолы мен болашаққа деген ұмтылысын паш етуге ниеттенген әкiм Жансейiт Түймебаевтың бұл қадамына жұрт сүйсiнiп қалды. Жиынға қатысқан азаматтардың әрқайсысы облысты түлетуге қатысты ұсыныстары мен қосар үлестерiн жасырмады.
Келер жылы Түркiстан ЮНЕСКО-ның шешiмiмен күллi түркi әлемiнiң мәдени астанасы ретiнде бекiтiлдi. Бұл да елiмiздiң рухани астанасы саналатын қаланы түлетуде маңызды қадам болмақ. Былтыр ғана Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған елiмiзге ресми сапарының барысында Түркiстандағы жаңа мешiттiң ашылуына қатысқан болатын. Ал облыс әкiмi Жансейiт Түймебаевтың түрколог-ғалым ретiнде де танылған азамат екенiн ескерсек, алдағы уақытта көне қаланың мерейi асқақтай түсетiнi анық.
Түймебаевтың тiкелей бастамасымен Оңтүстiктегi әрбiр ауданды жекелей дамытудың жаңа тұжырымдамасы дайындалуда. Жуырда Төле би ауданын дамытудың тұжырымдамасы таныстырылып, барлық сала негiзiнен 3 бағытқа бiрiктiрiлдi. Ауданда ауыл шаруашылығын, сонымен қатар экотуризм, сауықтыру мен көпшiлiкке арналған демалыс орындарын салуға басымдық берiлмек. Әсiресе көркiне көз тоймайтын табиғаты тамаша, ел аузында Қазақстанның Швейцариясы атанған Қасқасуда заманауи тау шаңғы курорты салынатыны елдiң ерекше қызығушылығын тудыруда.
Мешiн жылында көпшiлiкке пайдасы мол “Оңтүстiк инвест” бизнес форумы ұйымдастырылды. Бұл – өңiрдi 1 жыл 2 ай басқарып Астанаға министр болып ауысқан Бейбiт Атамқұловтың еңбегi. Отандық және шетелдiк 600-ден астам кәсiпкердiң басын қосқан форумда жалпы құны 2,5 миллиард долларды құрайтын 42 меморандумға қол қойылыпты. Сондай-ақ, биыл хай-тек стилiнде салынатын, алғашқы ғимараттардың қазығы қағыла бастаған “Шымкент-сити” қалашығы жайлы елдiң пiкiрi екiге жарылып тұр.
 

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті