1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №2 (16188) 10 қаңтар, сейсенбі 2017
10 қаңтар 2017
Қанды дүйсенбi

9 қаңтарда Шымкентте әлдекiмдер атысып, соның салдарынан өрiмдей жас жiгiт қаза тапты.
Оқиға қала орталығындағы “Кәмшат” кафесiнде болған. Бiр үстелдiң басында отырған бiрнеше жiгiт, ащы судың кесiрi шығар, өзара дауласып, оның соңы төбелеске ұласқан. Төбелес қызған кезде жiгiттердiң бiрi отты қаруын шығарып, ата бастапты. Қарудан кемiнде жетi мәрте оқ атылған. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияны сол жерде жүрген тұрғындар шақырған көрiнедi.  Бiр таңғаларлығы, аталған кафеге келген дәрiгерлер мен полиция зардап шегушiнi алғашқыда таба алмаған. Ол кафеден бiршама қашықтықтағы Қазыбек би көшесi мен Тәуке хан даңғылының қиылысынан табылған. Алайда оның өмiрiн сақтап қалу мүмкiн болмады.
– Марқұм кеуде тұсынан жарақат алған, жедел-жәрдем бригадасы келген кезде-ақ одан тiршiлiк нышаны бiлiнбеген едi, – дейдi дәрiгерлер. Қаза тапқан жiгiт 1986 жылы туған. Шымкент қаласының тұрғыны. Дастарқан басында ерегiстiң неден туындағанын, кiмнiң атқанын қазiр тергеушiлер анықтап жатыр.
 

Ғалымжан ЕЛШIБАЙ,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар