1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
16 ақпан 2017
Көмекке зәру кеңесшi

Былай қарасаң, тiлшi қосынына келiп жататын көп шағымның бiрi. Жезқазған қаласының әкiмi Б.Ахметовтiң атына жазылған, көшiрмесi ҚР Премьер-министрi Б.Сағынтаев пен Қарағанды облысының әкiмi Н.Әбдiбековке жiберiлген.
Бiрге оқып көрейiк:
“Құрметтi Батырлан Дүйсенбайұлы!

Мен осы мағынадағы бiрнеше арызды 2013 жылдың күзiнен (қараша) берi жазумен келемiн. Ол қала әкiмiнiң орынбасары болып келген кезiңiз едi. Бауырының беделдi де белдi қызметке келгенiн арқаланған көршiм бiрден үйiнiң жылу жүйесiне циркуляциялық насос қойып алды. Соның салдарынан үй салқындай бастаған соң, амалсыз бiрiншi арызды жолдауға мәжбүр болдым (қараша, 2013ж.).
Содан берi едәуiр уақыт өттi. Мен бұл кезеңде заң орнына, облыс депутатына, ҚР Энергетика министрлiгiне, “Егемен Қазақстан” газетiне, Қарағанды облыстық жергiлiктi атқарушы органдардағы әдеп мәселесi жөнiндегi уәкiл Б.Атешевке, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi министрлiгiнiң Қарағанды облыстық департаментiне, облыс әкiмiнiң орынбасары А.Ляпуновқа, облыс прокурорына, т.б. мекеме мен азаматқа арыздандым.
Бiрақ жоғарыда отырған ықпалды лауазым иесiнiң жауабы Сiздiң беделдiң қасында түк емес екенiн мен кейiн түсiндiм. Олар менiң арызыма қатысты қатынасты Сiзге жолдап, “арызданушының мәселесiн қарап”, “жауап беруiңiздi өтiнуден” әрiге бармайтын. Ал Сiз оны құлаққа да қыстырмай, орынбасарыңыз Н.Орынбаевқа тапсыра салатынсыз. Соған қарағанда, Алла тағала менiң маңдайыма өзiңiзден өзге “мықты бастық” жазбаса керек. Алдыңызға да бардым. Амал не, айтқанға құлақ аспадыңыз.
Мен солай сандалып жүргенде көршi бiткен үйiне жаппай циркулярлық насос орнатып алды. Соңғы көршi 2016 жылы қаңтардың 4-iнен 5-iне қараған түнi қойып алды. Соның салдарынан үйiмнiң жылу жүйесi толығымен iстен шығып, ақыры жарылып тынды. Түнi бойы хабарласқанмен, әкiмшiлiктен де, жылумен-сумен жабдықтау кәсiпорнынан (ПТВС) да еш жауап болмады. Бiр тәулiктен кейiн қалтадан қаражат шығарып, слесарь жалдап, жылуды қалпына келтiрдiк.
Бұл жөнiнде өзiңiздi, орынбасарыңыз Н.Орынбаевты, ЖКХ басшысы Қ.Сансызбаевты хабардар еттiм. Жылу жүйесi тағы қатып қалмас үшiн шланг жалғап, үйде кәрiз (канализация) болмағандықтан, ыстық суды үйдiң алдына ағызып қойдық. Бұл Заңға қайшы тiрлiк екенiн, сiзге де, бiзге де абырой әпермейтiнiн ескерткенмiн. Ыстық су бiр ай үйдiң астына ағып, жағдай қиындаған соң Сiзге “насосшыларға” шара қолдануды өтiнiп кезектi арызды жiбердiм. Оған да Н.Орынбаевтан кезектi “отписка” алдым.
Көршiлерiм биыл да жылу беру науқаны басталысымен, үйiндегi насосын бiрден iске қосты. Амал жоқ, мен де суды есiк алдына ағызып (дренаж) қойдым. Ыстық су қазан айының аяғына жетпей-ақ үйiмнiң жертөлесiн толтырды. Бiр “КамАЗ” топырақ сатып алып, адам жалдап, жертөленi таза бекiтiп тастадым. Осының бәрi онсыз да дәрiме жетпейтiн мүгедектiк жәрдемақым есебiнен атқарылды.
Жағдайды айтып алдыңызға қайтып бардым. “Жарайды, Орынбаев пен ПТВС басшылығы тез арада үйiңiзге жылу берудiң жолын қарастырып жатыр. Ал сыз тартып кеткен үйдi жылытуға, кептiруге өз тарапымнан екi тонна көмiрге көмектесемiн” деген уәдеңiзге балаша қуанып, алғысымды айтып кеткенiме де екi жарым айдың жүзi болыпты. Осы аралықта, еш мақсатсыз, “шарасыздың күнiнен” бiр рет келiп кеткен Орынбаевты көрдiм.
26.12.2016ж. А.Ляпуновпен сөйлестiм. “Бiлемiн, өткен қыста да қоңырау шалғансыз, есiмде” деумен әңгiме бiттi. Облыс прокурорына хабарласамын ба деген әрекетiмнен ештеңе шықпады. Олар “хат жазып, хабарласыңыз” дегеннен басқа сөздi бiлмейдi екен. 31.12.2016ж. кешке облыс әкiмiнiң көмекшiсi Әлiбекке айтқан өтiнiшiм де далада қалды.
Сондықтан ҚР президентi Н.Назарбаев қол қойып, бекiткен “Электр энергетикасы туралы” заңды, Энергетика министрiнiң 18.12.2004ж. №211 бұйрығын басшылыққа алып, қаладағы “циркуляциялық насос” деген пәлекеттi тездетiп құртсаңыз дұрыс болар едi, Батырлан Дүйсенұлы. Ең болмаса, “даналығына бүкiл әлем бас иген Елбасының” қол қойған заңы орындалар деген үмiттемiн.
Сәлеммен, зейнеткер
Ә.Әбрезов, ҚР президентi алғыс хатының иегерi”.
Ал ендi осы арыздың авторы кiм дейсiз ғой? Жезқазған қаласы әкiмiнiң кеңесшiсi! Қолында оны айғақтайтын куәлiгi бар. Әр аптаның сәрсенбiсiнде “Нұр Отанның” қалалық филиалында әкiм кеңесшiсi ретiнде тұрғындарды қабылдайды.
Мiне, осындай адам айтқанын iстете алмай жүргенде, қалғанына не жорық?!

Әлiбек ӘБДIРАШ,
Жезқазған қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар