1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Мақта шаруашылығында мәселе көп

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРI АСҚАР МЫРЗАХМЕТОВТIҢ, ОҢТҮСТIК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКIМI ЖАНСЕЙIТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ НАЗАРЫНА!
Мақтадан мол өнiм алу үшiн шешiмiн табуға тиiстi мына мәселелердi атап өткiм келедi: Бiрiншiден, мақта егетiн жерлер сорланған. Тiк дренаждар толықтай жұмыс iстемейдi. Мақташы өнiмiн уақытында еге алмайды. Сол себептi өнiм өз мерзiмiнде пiсiп жетiлмейдi. Екiншiден, ауыспалы егiстiк жүйесi сақталмайды. Жердiң құнарлығы төмендеген. Ауыл шаруашылығы кооперативтерiн құру баяу. Құрылғандары қағаз жүзiнде жұмыс iстейдi. Шаруалар кооперативке кiруге құлықсыз, неге десеңiз, тиiмдiлiгiн онша түсiнбейдi. Үшiншiден, шiлдеде ағын су жағы жетiспейдi. Бұл салада тәуелдiлiк бар. Өйткенi ағын су Өзбекстанның каналдарынан алынады. Сондықтан ағын суды үнемдеу үшiн тамшылатып суару әдiсiн тездетiп енгiзу керек. Төртiншiден, тұқым шаруашылығына осы уақытқа дейiн мән берiлмей келедi. Тұқым – егiн шаруашылығында өнiмдiлiктi жоғарылататын негiзгi мәселе. Алайда осы жағын басшылар есiнен шығарып алған сияқты. Аудандағы Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бiрнеше жаңа тұқым түрлерiн өндiрiп шығарды. Бiрақ ол шит 1,5 мың гектар жерге ғана жетедi. Тұқымдық шиттi бөлек қабылдау, бөлек өңдеу жұмыстары қолға алынбаған. Нәтижесiнде мақта зауыттары шаруаларға егу үшiн қандай тұқым берiп жатқанын өздерi де бiлмейдi. Диқандар араласып кеткен техникалық шиттi егiп отыр. Тек тұқымдық шиттi дұрыс жолға қою арқылы өнiмдiлiктi 3-4 центнерге көтеруге болатынын барлық мақташы бiледi. Ал ауыл шаруашылығы бөлiмi мен басқармасы оны неге бiлмейдi? Егер бұған осылай мән берiлмесе, тұқымдық шит бiраз жылда қартаяды, өнiмдiлiк 12-20 центнерден аспайтын болады. Қазiр шиттi мақтаны алыс шетелден келген бизнесмендер сатып алып, бiздiң жекеменшiк зауыттарда өңдеп, талшығын алып кетедi, бұдан кейiн өздерiнде терең өңдеп пайда табуда. Мақтаның бағасы да солардың қолдарында, бәсекелестiк жоқтың қасы. Ауыл шаруашылығы министрлiгi қарамағындағы ұйымдар неге шиттi мақтаны шаруадан сатып алып, өңдеп, сатып, мемлекетке валюта түсiрмейдi. Бесiншiден, мақта – еңбектi көп талап ететiн дақыл. Онымен Мақтаарал, Шардара, Ордабасы аудандары мен Түркiстан қаласына қарасты елдi мекендердiң диқандары шұғылданады. Алматы, Жамбыл облыстарының диқандары қант қызылшасын егедi. Оларды қолдау үшiн субсидия берiлiп келедi. Ал мақта шаруашылығымен айналысатын диқандарды қаржылай қолдау әлi төмен. Республикада мақта шаруашылығын одан әрi өркендету, проблемаларын шешетiн арнайы қаулы қабылдап, мақтаны терең өңдеу арқылы өндiрiс орындарын ашу, жастарды жұмыспен қамту қолға алынса құба-құп болар едi. Бұл жұмыстар көршi Өзбекстанда едәуiр жақсы жолға қойылған. Тағы бiр мәселе, Мақтаарал ауданы – халық тығыз қоныстанған аймақ. Жастарды жұмыспен қамту күрделi жағдайда қалып отыр. Өндiрiс орындары жоқтың қасы. Мақта өңдейтiн зауыттар 3-4 ай ғана жұмыс iстейдi. Одан әрi шикiзат-шиттi мақта таусылады. Мақта талшығын терең өңдеп, жастарды жұмыспен қамту жолға қойылмаған. Мақтаарал облыс орталығынан 220 шақырым қашықтықта орналасқан. Өзбекстанмен шекаралас жатыр. Аудан жарықпен толықтай қамтамасыз етiлмеген, электр тапшылығы айтарлықтай сезiледi. Электр қуаты жетiспейтiн ауданда шағын бизнестi дамыту туралы әңгiме қозғаудың өзi артық.

Кенжебек БУРИЕВ,
Мақтаарал ауданы,
Оңтүстiк Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Шаруа | 22 ақпан 2017 14:17
Мақта шаруашылығына, мақта егіп жүрген шаруаларға жаны ашып жүрген біреуі жоқ. Өткен жылы егетін шит таппай шаруалар зауыттардың басшыларының және алыпсатқыш пысықтардан кіләсін 300-500 теңге аралығында сатып алып екті. Күзде көп шаруа мемлекеттің берген азын-аулақ субсидиясының 37 пайызға жуығын алды. Сонда аудан бойынша қанша жерге мақта және басқа дақылдар егілгенін аудандық әкімдіктегілердің еш хабары жоқ. Хабары болса шаруаға берілетін субсидияны есептеп толық берер еді. Мақта шаруашылығы дамып к
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті