1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Әкiмге айтар сылтау қалмады

Павлодар облысы әкiмiнiң халық алдындағы есептi кездесуiнде қаланың құрметтi азаматы, зейнеткер Евгений Азаров аймақ басшысы Болат Бақауовты шегiнерге жерi жоқ бұрышқа тақап тастады. Микрафонға қолы жеткен ақсақал өзгелер секiлдi әкiмге жеке әлеуметтiк мәселесiн қозғамай, былай дедi:
– Биыл Ақсу қаласына тура шығатын 12 шақырымдық көпiр салынып, оған “Тәуелсiздiк көпiрi” деген атау берiлдi. Дұрыс-ақ. Ал ендi қаланың қақ ортасын жарып өтетiн, енi 112 метр Кутузов деген көше бар. Осы көшенiң атауын неге Астана деп өзгертпеймiз. Ленин атындағы көшенi Тәуелсiздiктiң 25 жылдыған орай Тәуелсiздiк көшесi деп өзгертсек, тiптi жарасып кетер едi, – дедi Е.Азаров.
Облыс әкiмi Болат Бақауов бұл ұсыныс назарға алынып, қоғамдық кеңесте қаралатынын, тұрғындар қолдаса, шешiлетiнiн жеткiздi. Кереку өңiрiнде көше мен елдi-мекен атауын қазақшалау қиын iстiң бiрi болып тұр. Бұған дейiн қандай да бiр атауды ауыстыруға қазақша түсiнбейтiндер ұлардай шулап қалатын. Ендi мiне, құрметтi азамат Евгений Азаров көше атын қазақшалауды әкiмнен талап етiп отыр. Әрине, бұл ұсынысқа жергiлiктi ақсақалдар мен қариялар әу бастан қарсы шықпайды. Демек, облыс әкiмдiгiнiң көше атын қазақшалауға айтатын сылтауы қалған жоқ.

Cайлау БАЙБОСЫН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
замандас | 22 ақпан 2017 19:45
Павлодардың атын Ертіс деп өзгертсек қалай болар еді. Әрине, көпшілік шешеді.
Бырақ Ертіс барлығына ортақ атау емес па.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті