1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Селден кейін үй салғандар ақшаларын ала алмай жүр

Жергілікті әкімдіктен уәделі ақшаларын ала алмай жүрген он шақты кәсіпкер Бас прокуратураға шағым жазып, сотқа жүгінбек. Әрқайсысы екі миллионнан жеті миллион теңге арасында шығындалған кәсіпкерлер «топан су» тасыса да мемлекеттік органдармен енді жұмыс істемейміз деп отыр. 2015 жылы Қарағанды қаласының маңындағы елді мекендерді сел шайып, баспанасыз қалған 150 отбасына дереу үй салу міндеті тұрғанда Александр Мұқанов ойланбастан іске кіріскен. Біріншіден, ол бұл ісін – азаматтық борыш деп санаса, екіншіден жергілікті биліктің сөзіне имандай сенген. Кәсіпкердің айтуынша, әкімдік салынатын баспананың әр шаршы метріне 150 мың теңгеден есептеп, бұл қаражат республикалық бюджеттен бөлінетінін айтқан. Биліктің осы сөзіне сенген кәсіпкерлер Астанадан қаржының түсуін күтіп отырмай, тұрғындардың ашық аспан астында қалғанын ескеріп, өз ақшаларына үй салуға кірісіп кеткен. Ал баспананы салып бітіп, өздеріне тиесілі қаржыны сұраған кезде сметалық жобадағы бағаның өзгеріп кеткенін естіген. «Билік айтқан соң жағдайға түсіне қарап, көрсетілген сметалық жоба құнымен құрылысты бастадық. Ештеңені өзгертпедік. Бағаны арзандатып, шығынды қысқартпадық. Үй құрылысын аяқтаған сәтте «баспананың әр шаршы метріне 90 мың теңге төленеді» деп шықты» дейді Александр Мұқанов. Кәсіпкерлердің сөзінше, құрылыстың бірінші кезегін аяқтап үлгерген мердігерлерге баспананың әр шаршы метріне 160 мың теңге төленген. Үйді кейін тапсырғандарға 90 мың теңгеден берілген. Орта жолда бағаның төмендегенінен хабарсыз қалған кәсіпкерлер «шығынға баттық» деп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық бөлімшесіне шағымданған. Бас прокуратураға хат жазып, енді сотқа жүгінбек.
Облыстық құрылыс басқармасы кәсіпкерлерге бастапқыда айтқан бағамен қаржы төлей алмағандарын мойындайды. «2015 жылы сметалық жоба бойынша қаржы бірінші траншта Ішкі істер министрлігі арқылы төленді. Ал екіншісінде ақшаны Ұлттық экономика министрлігі аударды. Бұл министрліктің «аймақтарды дамыту» деген бағдарламасы бар.
Осы бағдарлама бойынша, аймақтағы баспананың бір шаршы метріне 90 мың теңгеден артық төленбейді. Осы себепті екінші аударылыммен келген ақша шаршы метріне 90 мың болып келді» дейді облыстық құрылыс басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ж.Мырзағали.
Бір қызығы, әкімдердің сөзіне сеніп, соңында шығындалып қалған кәсіпкерлердің дені – жастар. Құрылыс саласында тәжірибесі барлар әу баста-ақ жергілікті биліктің сөзіне күдікпен қарапты. «Селден кейін баспана салуға атсалыстық. Алайда сол кезде уәделі сома төленбейтінін сезіп, шығындарды қысқартып тастадық. Мұндай істе тәжірибеміз бар ғой, байқамасаң, күллі бизнесің күйіп кетеді» дейді құрылыс компаниясының директоры Төлеген Әшімов. Ал төтенше жағдайда жергілікті биліктің сөзіне сеніп, шығынға батқан кәсіпкерлер әкімдермен енді қалай жұмыс істеу керектігін түсіндік дейді.

Арайлым Еркебаева,
Қарағанды қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар