1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
7 наурыз 2017
Жамбылда оңайлықпен әкім табылмайды

Жамбыл облысының әкiмi Кәрiм Көкірекбаев көктемгі жұмысын бірнеше кадрлық ауыс-түйiстен бастады. Көкірекбаевтың қалауымен бір айдан астам бос тұрған Байзақ ауданы әкімінің қызметіне облыс әкімі аппаратының басшысы Рахматілдә Рахманбердиев тағайындалды. Ал әкім аппаратының басшылығына Тараз қаласын басқарған Нұржан Календаров келді. Тараз қаласына енді Шу ауданының бұрынғы әкімі Рүстем Дәулет «қожайындық» жасайды. Ал Шудың қай басшыға бұйырары әзірге жұмбақ. Облыс әкімдігін төрт жылдай басқарған, зейнет жасына тақаған Рахматілдә Рахманбердиевтің екі айға жуық бос тұрған орын – Байзақ ауданына әкім болып баруы елде екіұдай пікір қалдырып, өңірдегі кадр тапшылығын сездіргендей. Ал облыс әкімдігі аппаратына жетекшілікке келген қаланың экс-мэрі Н.Календаровтың көктемге жетіп, қызмет ауыстыруын жамбылдықтар жетістік санайды. Себебі Н.Календаров календарға қарап отырғанда қыс сәл ертерек түсіп, қар қалың жауып, қала әкімі бюджет қызметкерлері, студенттер мен оқушыларды қар күреуге шығарып ұятқа қалған. Сол кезде қала тіршілігін қожыратып алған басшыға «қыстан аман шықпайды-ау» деп әулиеаталықтар болжам айтқан-ды.
Тараз қаласының жаңа «қожайыны» Рүстем Дәулет ертегідегі Ер Төстік секілді күн санап өспесе де, екі жыл сайын қызметін жоғарылатып келеді. 2009-2011 жылдары сенат депутатына көмекші болған ол сол аралықтан бері Жамбыл мен Шу аудандарын басқарды. Р.Дәулетті шусыз шығарып салған Шу ауданы енді қанша уақыт әкімсіз тұратыны белгісіз. Бір қызығы, Жамбыл облысында ауданға әкім табу – тез шешілмейтін мәселенің бірі. Бұрынғы жылдары Қордай мен Т.Рысқұлов және Байзақ аудандары әкімсіз айлап өмір сүрген болатын.

Нұрболат ӘЛДИБЕК, Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті