1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
7 наурыз 2017
Иесіз мүлік, сұраусыз қаржы

Жыл сайын көктемнің алғашқы күндері Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ақтөбеге келіп, хром саудасын түгендеп кетеді. Жиырма үш жылдан бері хром достығы байланыстырған «Қазхром ТҰК» АҚ президенті Владимир Вольдемаровичпен оңаша кездесіп, облыс әкімиятымен меморандум жасасқанын ұзынқұлақтан естігені болмаса, былайғы жұрт Машкевичтің Ақтөбеге келген кеткенін біле қоймайды.
Металлургтар үйінің ескі залында «Қазхромның» қара жұмысшыларымен кездесу өткізген Машкевич 5 жыл ішінде Ақтөбе облысына 17 миллиард теңге әлеуметтік инвестиция құйып, 5 миллиард 300 миллион теңге қайырымдылық шаралары үшін қаржы аударғанын айтты. Жиырма үш жыл бұрын Қырғызстандағы қатардағы мектеп мұғалімінен әлемдегі нөмірі бірінші хром магнатына айналған Александр Антонұлын бүгінде жыртқыш әлемдегі қасқыр ойындар ғана алаңдатады. «Қазхром» компаниясы – қазір дүниежүзіндегі хром кенін шығаратын ең күшті компания: көрсеткіші жағынан, сапасы жағынан, көлемі жағынан болсын да... Сонымен қатар әлемде хром кенінің сатылған әр тоннасы үшін қатты күрес жүріп жатыр.
Александр Машкевичті Бердібек Сапарбаев бастаған облыс билігі құрметпен күтіп алып, Оқушылар шығармашылық үйінің жартылай біткен құрылысына әкеліп көрсетті. Екі сөзінің бірінде қазақ президентіне алғыс айтып әрі Жаратқан иесіне тағзым етуден танбаған миллиардердің аузынан бірде-бір рет қазақ халқы деген сөзді естіген жоқпыз. Ал Машкевичтің дүниежүзіндегі нөмірі бірінші хром магнатына айналуына қазақ пен неміс халықтарының тигізген ықпалы өте зор. Алайда жиырма үш жылдан бері қазақтың жерінен шыққан байлықты өзі ғана иемденіп келгені және осы есепсіз тонауға жергілікті халықтың көніп жатқаны үшін магнат бір ауыз алғыс айтпады. Екіншіден, неміс тұтқындары 1945-1951 жылдары «Қазхромның» қазір пайдаланып жатқан домна пештерін, заводтарды жалаңаш қолмен, күрек-қайламен тұрғызды. Содан бері осы пештерден ешқашан ақау шыққан жоқ.
2010-2014 жылдары «Қазхром» ТҰК» АҚ неміс тұтқындары салған темірқорытпасы зауыты жанынан 843 миллион $-ға жаңа зауыт тұрғызуды жоспарлады. Жылына 440 мың тонна жоғары көмірсутекті темір тақтайшаларын Ресей, Украина, Өзбекстан, Қытайға, Үндістанға экспортталады деп уәде етілді. Кейіннен жаңа ферроқорытпа зауытының бірінші балқыту пеші іске қосылды. Іле-шала ферроқорытпа зауыты 4-цехқа айналды. Алайда бір айдан соң, осы цехтағы қазандықты қосып жатқанда жарылыс болып, бірнеше жұмысшы күйіп қалды. 2015 жылдың шілдесінде екінші жарылыс болды. Жұмысшылардың екеуі қаза тауып, біреуі күйіп қалды. Міне, осылайша бірнеше адамның ажалына себеп болған цех қазір «қайта жарақтандырылу үстінде». Ал 843 миллион доллар қайда кетті? Оны Машкевичтен сұрауға ешкімнің дәті бармады.
Павлодар облысының Ақсу қаласында инновациялық бағдарламамен салынған зауыттың да жағдайы мәз емес. Еуразиялық топтың басқарма төрағасы Алдияр Қазтаев Машкевичке Хромтаудан тиелген 600 вагон кеннің Ақсуға жете алмай, қыс бойы жолда жатқанын хабарлады. Кен қабылдамаса, зауыт толық қуатында жұмыс істемей жатыр деген сөз. Осы кезге дейін мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысы жұмсалған зауыттардың жағдайын не президент, не үкімет басшысы бір тексерген жоқ. Бұл сұраусыз қаржы, иесіз мүлік болып тұр.
 

Баян Сәрсембина
Ақтөбе қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті