1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №19 (16205) 7 наурыз, сейсенбі 2017
7 наурыз 2017
Қарағандыда қоғамдық көлік қағынып тұр

Автобусқа мініп, жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан он алты жастағы Ақжолдың денсаулығы баяу болса да жақсарып келеді. Ақжолдың анасы Сәлима Смағұлова Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктердегі кондукторларға шексіз қатыгездік қайдан келгенін мүлдем түсіне алмайды. Ол баласын енді қайтып автобусқа отырғызудан қорқып жүр. Кісі өліміне себеп болуы мүмкін оқиғаны басынан айтсақ. Колледждегі сабағына бару үшін Ақжол автобусқа мініп, кондукторға әлеуметтік жолақы билетін көрсеткен. Әлеуметтік жолақы билеті дегеніміз – мүгедек жандарға арнайы берілетін жол жүру құжаты. Бұл құжатты жарамсыз деп санаған кондуктор Ақжолдан жолақы төлеуді талап еткен. Ақжол жағдайын айтып түсіндірген. Онысына құлақ аспаған кондуктор жанжал шығарған. Автобус ішіндегі жолаушылар «балаға тиіспе, ақшасын біз төлейік» дегеніне қарамастан, Ақжолды желкелеп автобустан орта жолда түсіріп тастаған. Екінші топтағы мүгедек баланы! Жолақысына әкімдік берген арнайы әлеуметтік жолақы билетін көрсеткені үшін! Тәулігіне сегіз мәрте инсулин екпесін қабылдайтын Ақжол кондуктордың қорлығына амалсыздан ашуланғандықтан, қанындағы қант бірден көтеріліп кетіп жерге құлаған. Соңында аурухананың жансақтау бөлімінде бір апта жатып есін әрең жиған.
Ақжолдың анасы Сәлима Смағұлова кондуктор Гүлнара Балтабаева кешірім сұрамаса, сотқа жүгінетінін айтады. Осы дау бойынша автопарк тарапынан құрылған комиссия шешімімен 20 жыл істеген жұмысынан шығарылған Г.Балтабаева «өзінің кінәсіз екенін», «ешкімге тиіспегенін», «Ақжол өзін басқа біреумен шатастырып отырғанын» айтады. Бұл дауда сотсыз төрелік айту қиын.
Бірақ соңғы жылдары Қарағанды қаласындағы қоғамдық көліктердің қағынып кеткені анық. Автобус жолақысын төлей алмай қалған оқушыларды аязды күні, қас қарайған мезетте аялдамаға түсіріп кеткен жағдайлар кездесіп тұрады. Мәселен, төрт жыл бұрын есінен танып құлаған жолаушыға кондуктор алғашқы көмек көрсетудің орнына аялдамаға сүйемелдеп отырғызып тастап кеткен еді. Жолақысын төлей алмаған балалы келіншекті автобус жүргізушісі қаланың қырқай шетіне апарып, далаға тастап кеткен сорақы оқиға да болған.
Қай автобусқа кірсең де, «ары қарай жылжыңдар, біріңе бірің жабысып тұрыңдар» деп дөрекі дауысымен айғайға басатын кондукторлар толып жүр. Онысы аздай, автобустар шұрық-тесік жолды сылтауратып, кейбір көшемен жүрмей, жолаушыны аялдамада зарықтырып қоятын әдеті және бар. Қала тұрғыны Манат Сәулебектің «Жас Алашқа» айтуынша, ұлын балабақшаға апару үшін ол қазір таңертең 40 минуттай жаяу жүріп, келесі шағынаудандағы аялдамадан автобусқа отырып жүр. Себебі ол тұратын шағынауданға соңғы кездері 14-ші, 34-ші автобустар маңайлап келуді мүлдем қойған.
Жақында ғана өткен қоғамдық кеңестің отырысында қала әкімі Нұрлан Әубәкіров қоғамдық көліктердегі былықтарды жақсы білетінін айтты. Бірақ әкімнің мәселені біліп отырғанынан қарапайым халық пен жолаушыға пайда болмай тұр. Әкім бір ай қоғамдық көлікпен жүріп көрсе, халықтың көз жасын көрер ме еді...

Арайлым Еркебаева
Қарағанды қаласы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар