1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №22 (16208)   16 наурыз, бейсенбі 2017
16 наурыз 2017
Семейдегі Ленин қашан құлайды?

Биыл – Алаштың ғасырлық тойы. Ал қарт Ертістің жағасындағы Семей Алаштың астанасы болғанын көзіқарақты жұрт біледі. Алаш туы желбіреп, ұлт рухы асқақтаған, жаңа тұрпатты мемлекеттілік қалыптастырудың қайнаған ортасы болған қала қызыл өкіметтің қалдығынан арыла алмай отыр. Соның дәлеліндей Семейдің орталық көшесі күні бүгінге дейін Лениннің атында тұр. Тәуелсіздікке ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, басқа-басқа, Семейде «Совет өкіметінің құламай тұрғаны» елдігімізге сын. Оның үстіне, Алаш тойының жылында қызыл көсемнің Алаш қаласының бас көшесін иеленіп жатқаны қазақ қалаларының әлі де отарлықтың қамытында, құлдық сананың құрсауында жатқанының көрінісі.
Сөз басы күйініш болғанымен, арты сүйініш болар деген үмітпен Семейдегі Ленин көшесін ауыстыру хақындағы мәселені «Жас Алаш» екі мәрте көтерді. Аймақ басшылары үнсіз. Шынтуайтында, көше атауын ауыстыру өңірдегі атқамінерлердің құзырындағы шаруа. Мемлекетшіл әкім болса, ең әуелі өзі басқарған қаланы елдің еңсесін басып тұрған советтік атаулардан арылтып, Семейдей тарихи шаһардың рухын көтерер еді. Осы күнге дейін Семейдің әкімінен ондай батылдық шықпады. Десе де, Семейдегі Алаш тойы Ленин көшесінің атын ауыстырудан басталар деген үміт те жоқ емес.
Қаланың бас көшесінің аты ғана емес, жалпы, Семейдің ахуалы жанына батып жүрген азаматтар баршылық. Солардың бірі – белгілі журналист, алаштанушы Болат Мүрсәлім.
– Семей – қазір әлеуметтік-экономикалық жағынан да, рухани-мәдени тұрғыдан да әбден азып-тозып, кетеуі кеткен қала. Облыстық мәртебесінен айырылғаннан бері Астанаға жаутаңдап қалды. Ленин көшесінің өзгермей тұрғаны, жаңа Семейдің Алаш қаласы атанбай тұрғаны, бір жағынан, сол орталыққа жаутаңкөз болып отырғандығында. Бұл өзі жалғыз Семейдің емес, республиканың кез келген өңірінің проблемасы. Мысалы, Қарағанды облысының әкімі болған Әбдібеков Әлихан Бөкейханов ауданын жасаймын деп жүріп, ақыры ол ісі аяқсыз қалды да, өзі қызметтен кетіп қалды. Әйтпесе көп нәрсе жергілікті әкімдердің ниет-пиғылына, Астанаға сөздерін өткізуіне байланысты. Мәселен, Берік Әбдіғали Арқалықта, Жезқазғанда әкім болып тұрғанда жер-су, көше, мектеп атауларын өзгертті.
Халық жер-су, көше аттарының өзгергенін қалайды. Бірақ әкімдер қорқақтайды. Ал Астананың жалпы өңірлердің, орталықтың қазақылануына ниеті оң деп есептемеймін. Әйтпесе Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ономастикалық өзгерістер жасайық деген бастама сол күйі аяқсыз қалар ма еді?! – дейдi Б.Мүрсәлiм.
Ауыл-аймақ, көше, мектепке Алаш арыстарының атын беру, қызыл өкімет атауларын алып тастау туралы ұсынысты уақытында «Ұлт тағдыры» қозғалысы барлыққа аймаққа жолдаған екен. Бірақ одан да қайыр болмапты.

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі:
– Бұрын ономастикаға қатысты мораторий бар еді. Қазір оны алып тастады. Яғни жергілікті жердегі көше атауларын өзгертуге ешқандай кедергі жоқ. Халық мұндай бастамаларды қолдайды. Енді қандай бөгет бар десеңіз, атауларды ауыстыруға, Алаш арыстарының есімін жаңғыртуға әкімдердің ниеті жоқ. Жалпы, қазақ тіліне, қазақ мәселесіне қатысты биліктің көзқарасы белгілі ғой. Бұл да сол көзқарастың жергілікті жердегі көрінісі. Мемлекеттік идеологияда жер-су, ауыл-аймақтың тарихи ұлттық атауын қайтару, көше, мектептерге тарихи тұлғалардың есімдерін беру сынды ономастикалық мәселе үстемдік құрады деп айта алмаймын. Бұл – орыстілді биліктің ниетіне байланып тұрған нәрсе. Өзгерту, басқару тетігі солардың қолында. Солай екен деп қарап отырмай, жергілікті азаматтар, ел-жұрт белсенділік танытып, мұндай ономастикалық мәселелердің шешілуін талап ету керек.
Дос Көшімнің сөзінің жаны бар. Алаш шаһарының халқы да қаланы Совет өкіметінің атауларынан тазартуға бейжай қарамауы керек-ақ. Семейдің бұрыннан рухани орталық іспетті мәртебесі бар екенін есепке алсақ, Абай елінің азаматтары қарап жатпас.
Алаштың сөзін «Жас Алаш» айтпаса кім айтады?! Ендеше, біз Семейдегі Ленин құлап, Алаш қаласын қызылдардан тазартқанша, мәселені жетер жеріне дейін жазудан танбаймыз.


Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Роха | 18 наурыз 2017 15:43
Ей, Таңатар, інім - ай, орысқұл үкімет құламай бұл оңалмайды. Бірақ ұра берсең құдай да өледі деген сөз бар ғой, қоймай айта беру керек. Бұл билікте оның басшысы да тезірек өлер, сосын құтылармыз.
Иглик | 23 наурыз 2017 21:05
Қандай ақымақтық. Ескерткішті құлату - тарихты жоққа шығарумен бірдей. Болған, өткен адамды, оқиғаны жоққа шығармау керек, одан сабақ алу, қателікті қайталамау дұрыс. Ертең Елбасына ескерткіш орнатып, арғы күні құлатамыз ба? Ескерткіш қандай адамдікі болса да қалсын, оның тарихын, оқиғаларды, ол адамның кемшілігін жас ұрпақ қайталамау үшін. Ленниннің қасына Алаштың бір арысының ескерткіші тұрса не, олар төбелесе ме?
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар