1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
4 сәуір 2017
Биыл да қайыққа жармасып, қопарыла көшеміз бе?

Солтүстіктегі өңірге жылда келетін үлкен бір нәубет – көктемгі су тасқыны. Ертіс пен Есіл, Нұра мен Сілетіні былай қойғанда, Жабай, Колутон, Қылшықты, Өлеңті секілді ұсақ өзеншелердің өздері тасып, айналаны айдын қылып жатады. Мұның аяғы адам өліміне де соқтырып жатқан жағдайлар бар. Мысалы, былтыр Атбасардың іргесімен өтетін Жабай өзенінің жағасында, тасқынға қарсы жұмыстар барысында қазылған шұңқырда қалған суға жаз айында екі сәби батып кетті. Артында зарлап ата-анасы қалды, ал сәбилердің өлімі үшін жауап берген адам жоқ.
Бір қызығы, көктемде судың таситынын, ауылдардың су астында қалатынын жергілікті билік біледі. Бірақ әрекет етуге құлықсыз. Биыл ақпанның 24-і күні Астананың дәл түбіндегі, Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Жібек жолы ауылында «Атаусыз» деген бөгеттің апатты жағдайда екені анықталып, төтенше жағдай жарияланды. Қыс кетіп, күннің жылынатынын білетін жергілікті билік бөгетті жөндемей, жыл бойы не бітіріп отырған дейсің. Енді, міне, «Тауық тұқымы аузына келгенде «қыт-қыттайды» дегеннің кері келіп жатыр.
Бұл аймақта су тасқыны жылма-жыл болып тұрады, сондықтан жылына бір келетін табиғи апатқа жергілікті билік сақадай-сай болуы керек қой. Бірақ көктем келген сайын ондаған ауылдар су астында қалып жатады. Қарап отырсаң, осы су тасқыны жергілікті шенеуніктерге нағыз «іздегенге сұраған ба» деп қаласың кейде. Себебі апаттан соң жөндеу жұмыстарына, құрылыс жүргізуге миллиондап қаржы бөлінеді. Тендер өткізіледі, ақша бөліс басталады. Мұндай «майлы жіліктен» жергілікті шенеуніктер «ауыз тимей» қалады дегенге тіпті сенгің келмейді.
Биыл бұл жақта нағыз су тасқыны әлі басталған жоқ. Дегенмен еріген қар суының өзі әлекке салып жатыр. 30 наурыз күні Павлодардан Курчатов арқылы Семейге жүретін теміржолдың Май ауданындағы біраз бөлігін су шайып кетіп, пойыздардың жүру кестесін өзгертуге тура келді. Қазір де Павлодардың төңірегіндегі біраз ауылдарда қар суы аулаларға жайылып, қиындық туғызып жатыр. Кейінгі екі-үш күнде Павлодардың түбіндегі Ленинск кентінен Ақсуға, одан әрі Үлкен Ақжар бағытына кететін жолдың біраз бөлігін су шайып кетіп, қайта жөнделген. Мұндай оқыс оқиғалар Баянауыл ауданының Теңдік, Қараащы ауылдарында да орын алды.
Ақмола және Павлодар облыстары төтенше жағдайлар департаменттерінің ұсынған мәліметіне сенсек, бәріне сақадай-сай әзірміз деп отыр. Бұл, әрине, жылдағы берілетін уәде, бірақ соңынан ауыл біткенді су алып жататынын білеміз. Биыл, міне, тағы да су басып келе жатыр. «Тағы да қайыққа жармасып, қопарыла көшеміз бе?» деп қауіптеніп отыр өзенге жақын ауылдар.

Сайлау БАЙБОСЫН
Ақмола, Павлодар облыстары

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар