1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №26 (16212)   4 сәуір, сейсенбі 2017
5 сәуір 2017
Ұшақ жолаушылары автобуспен «ұшады»

Күннің күрт жылынуы еліміздің көптеген өңірлерін әбігерге салып, жергілікті атқарушы биліктің екі аяғын бір етікке тығып тынды. Шенді біткен қалаға да, далаға да жайылған суға тосқауыл қойып, бір арнаға түсірудің жолын іздестіріп жатқанда көпірлер қирап, жолдар шайылып кетіп жатыр. Өткен аптадағы ауа райының қолайсыздығы салдарынан жан-жақпен көлік қатынасының барлық түрі кедергіге тап болды.

Алдымен пойыз жолдың Май-Дегелең бөлігін су шайып кетті. Рельстің астын үңгіп әкеткен тегеуріні күшті телегей-теңіз судың көрінісі қазір барлық әлеуметтік желіні шарлап жүр. Осыған байланысты түсінік берген «Қазақстан теміржолы ҰК» АҚ таратқан мәліметке сүйенсек, осы бағыттағы пойыздар енді Ресей арқылы айналып өтіп, діттеген жеріне 10-15 сағат кешігіп жететін болады. Қазіргі күні Павлодар мен Семей теміржол бөлімшелерінің арнайы тобы қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Автожолдардың жағдайы да жетісіп тұрған жоқ. Семейге қарасты Абыралы өңіріндегі ауылдардың Семей–Қайнар бағытында қатынайтын жалғыз жолының талқаны шықты. Ашығын айтқанда, қаладан шыға бере көлденеңдейтін Мұқыр өзенінің үстіндегі көпір әбден ескіргендіктен екі жағы да тарс бекітіліп, трассадан түсіп кететін уақытша айналма жол салынған болатын. Бұл қалаға келетін Қайнар, Ақбұлақ, Алғабас, Абыралы, Айнабұлақ, тағы да басқа бірнеше ауылдардың тұрғындары үшін жасалған амалсыз шара еді. Дәтке қуат болып тұрған осы айналма жолды су шайып кетті. Қазір Абыралы өңірінің тұрғындары «Семей–Қарауыл– Саржал» бағытындағы қашық жолмен қатынауға мәжбүр.
Күннің құбылып, жылғалардан судың тасуы шығыстағы теміржол мен трассаның жағдайын қиындатып қана қоймай, көктегі көлікті де құр алақан қалдырған жоқ. Семей әуежайы сәуірдің 10-ына дейін әуе рейстерін тоқтатты. Астана–Өскемен, Алматы–Өскемен бағытындағы әуе жолаушылары Өскемен әуежайынан Семейге енді ұшақ емес, автобус арқылы жететін болады.

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
Шығыс Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар