1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
Әкіммен әзілдескен кім?

Жамбыл облысының жартысына жуығын, нақты айтсақ, 44 пайызын алып жатқан Мойынқұм ауданы – жыр алыбы Жамбылдың кiндiк қаны тамған, Шәмшi әнiн арнаған, қойны аң-құсқа, қойнауы қазынаға толы құт мекен. Бiрақ бiр қиыры Бетпақтың белiмен, бiр шетi Балқаш көлiмен құшағын айқастыратын ауданның жылдан-жылға халқының саны кемiп, бүгiнде небәрi 30 мыңға жуық тұрғын қалды. Ал аудан орталығы Мойынқұм ауылында халық саны 10 мыңға да жетпейді. Міне, бұл ауданда кімнің немен айналысып жүргені, не істеп, не қойып жатқаны, тіпті «қаттырақ жел жіберіп» қойса да, бүкіл аудан жұртшылығы хабардар болатыны содан ба дейсің.
Түнеукүні әлеуметтік желіде «Мойынқұм шындығы» деген парақша ашылып, аудан әкімі Бақытжан Нүркеновтен бастап, әкімшілік қызметкерлерін әшкерелеп, абыройларын айрандай төккен жағдай орын алды. Мәселен, әлеуметтік парақшада аудан басшысы жайында бүй дейді:
«Бұл – біздің ауданның әкімі, охотник, қырғауылды қоймайтын, қояндарға тоймайтын, үйректерді үйіп тұрып, қаздарды қатарынан ататын азамат. Ветеринарияның «Нивасының» бәрі мал емдеумен емес, осы Б.Нүркеновті охотаға тасумен-ақ саудалары бітетін болды. Ветеринария бастығы Қасенов Мұратқа малдың ауруы мен «Ниваның» бұзылуы емес, аудан әкімі мен көңілдесі күліп жүрсе болғаны...»
«Біздің аудан әкімінің бірінші орынбасары Мұратхан Естаев өте білімді азамат. Облыс әкімінің құдасы. Аудандағы құрылыс, коммуналдық шаруашылыққа бөлінген бюджеттің есебінен ақшаны күреп табады...»
Осылайша «Мойынқұм шындығы» парақшасы аудан әкімі мен орынбасарынан бастап, төмен қарай бөлім басшыларының әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, аудандағы жастар орталығының басшысы Еркебұлан Абатовты жастарды патриоттық сезімге емес, алкогольдік төзімге тәрбиелеп жүр деп аяқтайды.
Бұл жайтқа байланысты аудан әкімі Бақытжан Нүркеновке хабарласқанымызда, ұлттық қауіпсіздік комитетіне арыз жазғандарын айтты. Олар тергеп-тексеруді бастағанда парақшаға мұның бәрі «апрельская шутка» екені туралы соңғы жазба жазылыпты. Сонда әкімшілікпен, аудан әкімімен әзілдесіп жүрген кім?
Әрине, әлеуметтік парақшада жазылған жайттардың ақ-қарасын тиісті орындар анықтай жатар. Бірақ «жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайтынын да» ескергеніміз жөн. Бір анығы, Мойынқұм ауданына әкім шақ келмейді. Тәуелсіздік алған 25 жылдың ішінде ауданды 14 әкім басқарыпты. Жаз-атаның ауылында басшы болған сол 14 әкімнің арасынан басын тік ұстап кеткендері некен-саяқ. Реті келіп тұрғанда айтайық, Мойынқұмды басқарғандардың ішінде қызметі жоғарылаған басшының бірі де бірегейі – қазіргі облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Ал арыға бармай-ақ, мысалға алар болсақ, күні кеше ауданды басқарған әкімдер Төлеухан Оспанбеков, Болат Мәдікеновтер арыз-шағымның нәтижесінде қызметтерінен кеткені белгілі. Енді Мойынқұмды басқарып отырғанына екі жыл өте шыққан Бақытжан Нүркеновке де сыналар сәті туып тұр. Оның үстіне сәуірдің 13-і күні облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев осы ауданға іссапармен бармақ. Ал әлеуметтік желідегі «апрельская шутканы» көріп алған жұрт осы сапардан астар іздеп, әлекке түсіп жатыр.
 

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар