1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Президенттің мораторийіне Мақтааралдың соты пысқырып та қарамайды

Былтыр жерді жаппай сату, шетелдіктерге жалға беру мерзімін ұзарту туралы қабылданған заңға наразылық ретінде Қазақстанның әр өңірінде митингілердің өткені, оның соңы президенттің бұл заңға мораторий жариялауымен аяқталғаны белгілі. «Жас Алаш» газетінің облыстағы тілшілер қосынына жуырда Мақтаарал ауданынан келген Үсен Жақыповтың айтқан арыз-шағымынан түсінгеніміз, жерді сату барысында нотариус президенттің осы мораторийін ескерместен, кепілпұл туралы келісім жасап жіберген. Оның соңы үлкен дау-дамайға ұласқан. Мәселе былай:
– Былтыр менің жиенім Тынығай Құланова Шардара ауданындағы уақытша өтеулі жер пайдалану құқығындағы көлемі 97 гектар жерін сатпақ болады. Жүсіпәлі Қосжанов деген азамат жерді сатып алуға ниет білдірген. Ол «жерді ешкімге сатып қоймаңыз, мен аламын» деп, Т.Құлановаға алдын ала кепілпұл береді. Сатып алушы кепілпұлды құжат жүзінде рәсімдеп қоюды да ұмытпаған. Нотариусты Ж. Қосжановтың өзі Шымкенттен тапқан.
2016 жылдың 11 маусымында нотариус Нұржамал Жолшыбекованың куәландыруымен жасалған кепілпұл туралы келісімге қарағанда, жер телімі 13 480 000 теңгеге бағаланған. Қосжанов алдын ала кепілпұл ретінде 3 707 000 теңге берген. Қалған 9 773 000 теңге 2017 жылдың 1 ақпанына дейін төленетін болып келісіледі. Бұл уақытқа дейін сатушы Т.Құланова жерді жекеменшігіне өткізіп, одан кейін сатып алушымен сату-сатып алу келісімшартын жасауды міндетіне алады. Келісімнің 6-тармағында «егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті» деп жазылған. Гәп осы жерден шығып отыр.
Сатушы тарап 2017 жылдың 1 ақпанына дейін жерді сатудың құжаттарын әзірлей алмаған. Себебі ол мүмкін емес болып шықты. Неге десеңіз, келісім 2016 жылдың 11 маусымында жасалған. Ал бұдан бір ай бес күн бұрын, яғни 2016 жылдың 6 мамырында «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» президент қол қойған жарлық шыққан. Қаулыда «Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жекеменшік құқығын беруге 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жариялансын» деп тайға таңба басқандай жазулы тұр. Осындай қаулының шыққанын бұл кезде мәміле жасаушы тарап білмеген сияқты. Шамасы, нотариустың да бұдан хабары болмағанға ұқсайды. Осыдан кейін соттасу басталған.
Сотқа алдымен Ж.Қосжанов арыз беріп, Т.Құлановадан кепілпұлды екі еселенген көлемде өндіруді талап етеді. Артынша нотариустың жасаған келісімін заңсыз деп тануды сұрап, Т.Құланова қарсы талап арыз берген. Т. Құла-
нованың сотқа берген талап арызына қарағанда, ол Ж.Қосжановты ертіп бірнеше рет аудандық жер қатынастары бөліміне барып, жерді жекеменшікке алу жағдайларын қарастырған. Ондағылар мораторийді алға тартып, жерді әзірге жекеменшікке алудың тоқтап тұрғанын айтқан. Бұған Ж.Қосжанов түсінбей, «шындап кіріспей тұрсың, енді алған ақшаны екі есе етіп қайтарасың, келісімге қол қойдың – болды, әйтпесе сотталасың» дейді... Т.Құланова түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған.
Мақтаарал аудандық соты 5 сәуірде істі Ж.Қосжановтың пайдасына шешіп, Т.Құлановаға кепілпұлді екі есе, яғни 7 414 000 теңге етіп қайтаруды міндеттеген. Судья «президенттің мораторийі келісімнің күшін жоя алмайды» деген тоқтамға келген. Яғни шымкенттік нотариус жасаған келісімнің күші мемлекет басшысы шығарған жарлықтан да жоғарырақ болып тұрғаны ғой. Келісімді жасар кезде нотариустың әрекетін білместік дей қояйық, ал бәрін біліп-көріп отырған соттың мұнысы не дерсіз?
Енді Т.Құлановаға облыстық соттың апелляциялық алқасына шағым беруден басқа амал қалмаған. Облыстық соттың нендей кесім айтарын кім білсін?!

Бақытжан ӘБДІРАШҰЛЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті