1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш № 40 (16226) 18 мамыр, бейсенбі 2017
18 мамыр 2017
Шыны зауытын қытайлар соғатын болды

Айласы алпыс атанға жүк болатын қытай инвесторлары ақыры дегендеріне жеткен сияқты. Газетіміздің өткен нөмірлерінің бірінде Қызылорда қаласында салынып жатқан шыны зауытының болашағына алаңдап, «Сыр елінің «шынысы» шытынап тұр» деген мақала жазған едік. Бұл шыны зауытына қытайлық инвесторлар бұрын да қызығушылық танытқан. Сол кезде Қызылорда облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС және «Qіnhuangdao Yaohua Glass Machіne Manufacture Co., Ltd» Қытай компаниясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, осының аясында шыны шығаратын зауыт салынатын болған. Бірақ кейін қытайлықтар бұл қымбат құрылыстан бас тартып, жобаны «STEWART Engineers» атты американдық компания қолға алған-ды.
Енді Қызылорда қаласынан салынып жатқан шыны зауытының құрылысын аяқтау үшін «Orda Glass» ЖШС қытайлық China Triumph International компаниясымен келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. China Triumph International инженерлік жобаларды зерттеумен айналысатын Қытайдың 50 ұлттық компаниясының тізіміне енген. Келісімшарт «Бәйтерек» холдингі басқармасының төрағасы Ерболат Досаевтың Қытайға барған сапарында жасалыпты.
«ҚазСтройСтекло» компаниялар тобының бас директоры Мұратхан Тоқмадидің айтуына қарағанда, Қытайдың Qinhuangdao Yaohua Glass Machine Manufacture Co. Ltd.компаниясы шыны зауытының жобасын қолға алған кезде арнайы жұмыс комиссиясы олардың зауытына барып, шыныларын тексерген. Бірақ ол шынылардың сапасы өте нашар болып шығыпты. Кезінде оны да «Ең үздік компания» деп мақтауын келістірген болатын. Қазіргі China Triumph International компаниясының да атағы жер жарып тұр. Әрине, бәрін уақыт көрсетеді. Бірақ «Бәйтерек» холдингінің басшылары «шыны зауытының құрылысы алдағы қазан айында аяқталып, пайдалануға беріледі» деп ел алдында берген уәделерінің үдесінен шығамыз деп, асығыстыққа бой ұрып қалмаса болғаны... Ең бастысы, сапа ғой.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті