1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
Туған күннен кейін тағы ауыс-түйіс болады...

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев соңғы күндері апыл-ғұпыл бұйрық шығарып, қол астындағы қызметкерлерін апыр-топыр ауыстыруда. Алдымен Әулиеатадағы үш әйел басшының орындарын ауыстыратыны әкімнің бұйрығынан бірер күн бұрын әлеуметтік желіде тарап кетті.

Айталық, облыстық ішкі саясат басқармасын тапжылмастан 10 жыл басқарған Рахия Тұрмаханбетова білім басқармасына, жеті жыл облыстың бас мұғалімі болған Сұлушаш Құрманбекова тілдерді дамыту басқармасына, екі жылға жуық тілдерді дамытуға тер төккен Ғалия Боранбаеваның облыстық ішкі саясаттың тізгінін ұстайтыны көпшілікке күні бұрын белгілі болды. Айтқандай-ақ, Тұрмаханбетова мен Құрманбекова аталған қызметтерге тағайындалды. Ал Боранбаеваға бұйрық жақын күндері шығып қалуы ықтимал. Дұрыс қой, «...Әйел деген әдемi ғой, әдемi, Әдемiлiк бiзге көптiк етпейдi» демеп пе едi Мұқағали ақын. Тек ханымдардың қызмет ауыстыруы «қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен, қосындының мәні өзгермейді» деген мәтелді еске түсіргені болмаса...
Сондықтан да «байтал шауып бәйге алмас» деп бастырмалата жөнелуді жөн санамадық. Әрқайсысы хал-қадірінше еңбек етіп, қызметтерінде бірлі-жарым болмаса, ши шыққан жоқ. Дегенмен Р.Тұрмаханбетова ішкі саясатты басқарып тұрған кезінде Central Asia Monitor газетімен арада дау туып, әжептеуір шу болғаны белгілі. Міне, сол кезде Рахия Сейтбекқызының аты дүркін-дүркін аталды. Ал Сұлушаш Сәтбекқызы Жамбылдың білім саласын басқарған жеті жыл ішінде Әулиеатада әйел директор-басшылар күрт көбейгенімен есте қалды.
Ханымдардың қызмет ауыстыруынан кейін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Жарылқасын Айтақов облыстық тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды. Айтақовты соңғы уақытта жұрт қай қызметке апармады десеңізші. Өңірде ауыс-түйіс бола қалса, Жарылқасын Әбдіғапарұлының аты қоса аталып жүрді. «Қыт-қыттаған тауық тумай қоймайды» демекші, Айтақов ақыры ауысты. Босаған орынға облыстың қаржысының басында отырған Асқар Қырықбаев қонжиды. Қырықаевтың өзі осы ауданның тумасы. Қызмет жолын осы аудандағы Қорағаты ауылындағы егіс алқабында қатардағы жұмысшы болып бастаған. Енді, міне, араға 35 жыл салып аудан әкімі болып келді. Ал қаржы басқармасына Гамлет Қайнарбеков басшы болды. Ол бұған дейін облыстың спорт саласына жетекшілік еткен болатын.
Бәрінен де облыс әкімінің орынбасары болып қызмет етіп келген Абдалы Нұралиевтің бағы бар екен, сенат депутаттарының қатарын толықтырды. Ал оның орнына таңдау Мәден Мұсаевқа түскені құптарлық болды. Мойынқұмды басқарған, Алматы облысындағы іргелі аудандардың бірі – Іледе әкімнің бірінші орынбасары болған, екі жылдан бері Жамбыл ауданын ың-шыңсыз басқарған Мұсаев істің жөнін білетін басшының бірі. Көргені мен түйгені, тәжірибесі мол Мәденнің аты аталғанда «мәләдес» деген сөз қосарлана айтылып қалып жататыны тегін болмаса керек.
Енді облыспен аттас ауданға кімнің баратыны әзірге белгісіз болып тұр. Бірер күндегі бірнеше тағайындаудың ұзын-ырғасы осы. Ауыс-түйіс президенттің туған күнінен, жо-жоқ, Астана күні мерекесінен кейін жалғасады деп күтілуде. Айтпақшы, Таразда қоғамдық көліктердегі жолақы бағасы да президенттің туған күнінің ертесіне қымбаттайтыны белгілі болды.

Нұрболат ӘЛДИБЕК
Жамбыл облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар