1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №65 (16251)   17 тамыз, бейсенбі 2017
17 тамыз 2017
Құдықтағы судың азаюына мүдделі емеспіз

Су – өмірдің нәрі. Оны ысырапсыз пайдаланып, ұрпақ алдында қарыздар болудың салмағы тым ауыр. «Жас Алаш» газетінде осы мазмұндас мақала жарық көріпті. Оқыдық. Зерделеп, пайым түйдік. Иә, республикалық басылымда 13 шілде күнгі №56 санында жарық көрген «Жаңақорған Сахараға айналмасын!» атты мақаланың көтерген жүгі бар. Бірақ көп жағдайда нақты фактілер мен ғылыми негіздерден ауытқығанын айту қажет.

«Сонау совет заманында Шалқия кен орнынан (Қаратау қойнауынан) алынған құрамында алтын, мырыш, қорғасын, тағы да басқасы бар кендерді пойызбен 140 шақырым жердегі Кентау қаласына алып барып жуатын. Себебі Шалқияда кен жуатын су жоқ еді. Совет Одағы қалай құлады – Шалқияның жұмысы да солай тоқтаған. Бірақ осы кен орнын қайтадан іске қосу үшін мемлекет пен жергілікті бюджеттен он миллиардтаған қаржы бөлінгенімен, кеніш жұмысы іске қосылмай келеді», – депті мақала авторлары.
Расында, кеңестік билік кезінде Шалқиядан жөнелтілген 40 вагон тас-топырақтан төрт вагон ғана руда өндірілді. Әрине, бұл орасан зор шығын екені айтпаса да түсінікті. Бүгінгі нарықтық қатынастар мұндай шығынды көтермейтіні белгілі. Сондықтан үкіметтің қадағалауымен, «Самұрық-Қазына» қорының ұйымдастыруымен Шалқия қорғасын-мырыш кенішін кеңейту және кен байыту фабрикасын салу жұмыстары 2014 жылдан басталды. Сол жылдан бері сараптамалық-зерттеу жұмыстары жасалды. Оны финдік Outotec компаниясы жүргізді. Осы кезеңде Шалқия кен орнын игеру және сыртқы электрмен жабдықтау жобасы, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарын жетілдіру, кеннің байытылуы мен сумен жабдықтау жобасын зерттеу және т.б. жобалау жұмыстары атқарылды. Яғни өндіріс орнының экономикалық және экологиялық салдары талданып, техникалық сараптамасы жасалған. Бұл жұмыстардың дәйекті екеніне Еуропалық қайта құру және даму банкінің көзі жеткендіктен, кен байыту фабрикасын қаржыландыруды бастады. Ал штаб-пәтері Лондондағы халықаралық үкіметаралық қаржы-несиелік ұйымы экологиялық мәселеге қатты мән беретіні белгілі.
Енді кен байыту фабрикасы іске қосылғанда оған судың қажет екені түсінікті-ақ. Кеңес заманында Шалқияға суды «Алты кранттан» алу жоспарланған еді. Сол себепті сегіз ұңғыма қазылып, сол аймақ кеніштің теңгеріміне берілген. Сондықтан, Су кодексінде айтылғандай, ауызсу қолданылмаған жағдайда өндірістік қажеттілікке пайдалануға болады емес пе?
Мақалада «Есік алдындағы бау-бақша, жеміс-жидектерге қажетті су тереңдігі 10-20 метр боларлық құдық, скважиналардан алынады. Жаңақорған тұрғындары тұтынып отырған жерасты суынан енді Шалқия кенішіне өндірістік мақсатқа 70-160 метр тереңдіктен тәулігіне 20 мың текше метр су сорылса, жер бетіне жақын су төменге ағып, жұрт су алып отырған құдық, ұңғыма атаулы құрғап, жасыл желек қурап кететіні, оның соңы халық тағдырына қатер төндіретіні кеніш басшыларын неге ойландырмайды? «Алты крант» бассейнінен тәулігіне 20 мың текше метр су алынса, ондағы су қоры ары кеткенде 10 жылға ғана жетуі мүмкін» делінген.
Біріншіден, су 140-190 метр тереңдіктен алынады. Бұл – жердің үстіңгі қабатындағы суға ешқандай әсері болмайды. Мұны гидротехник мамандардың зерттеулеріне сүйеніп айтып отырмыз. Яғни екі ортада 100 метрдей су өткізбейтін жерасты сазды қабаты бар. Сондықтан 10-20 метр тереңдіктегі құдықтарға ешқандай кері әсері болмайды. Егер кенішке су алына бастағанда жердің үстіңгі қабатындағы (суды қолданып отырған құдықтардағы) судың деңгейі азайса, кенішке суды алу тоқтатылады. Бұл жоба сметалық құжаттарда толық көрсетілген.
Екіншіден, бастауын Қаратаудан алатын Ақүйік, Құттықожа өзендерімен байланысы бар жерасты суынан тәулігіне 20 мың текше метр су алынған жағдайда жер бетіндегі өсімдіктер қурап, топырақ шаңға айналмайды. Алдын ала зерттеулерге қарағанда, жерасты суы қайта қалпына келіп отырады.
Үшіншіден, 140-170 метр тереңдіктен алынатын судың деңгейі сәл төмендесе, суды алу жұмыстары тоқтатылады. Ол қалай бақыланады? «Алты кранттағы» ұңғымалардың екеуі бақылау ұңғымасы ретінде болады. Компания мамандары сол арқылы жерасты суының деңгейін бақылап отырады. Егер жерасты суы төмендеген жағдайда тиісті шаралар жасалады.
Төртіншіден, бастапқы кезде кенішке 20 мың текше метр су алынғанымен, уақыт өте пайдаланатын судың мөлшері азайтылады. Себебі руданы шайған суды қайта өндеп қолдануға және шахтаны бірқалыпты ұстап тұру үшін сорылатын суды да пайдаланатын боламыз.
Бір сөзбен айтқанда, біз халық күн көріп отырған құдықтағы, ұңғымадағы су қорының азаюына мүдделі емеспіз. Тек халықтың әлеуметтік жағдайы көтеріліп, елдің экономикалық қуаты артуына жұмыс істейміз.
Жақында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев кенішке арнайы іссапармен келіп, «Тау-Кен Самұрық» АҚ басқарма төрағасы Мәжит Тұрмағанбетов пен Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің директоры Агрис Прейманис Шалқия тау-кен байыту комбинатының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге қол қоюына куә болып кеткен. Жобасы бекітілген, сараптамадан өткен жерасты суын алмаған жағдайда Еуропалық банк қаржыландырудан бас тартуы да әбден мүмкін. Соның салдарынан бүгінде кеніште жұмыс істеп жатқан 700-ге жуық жұмысшы қысқартылып, кен байыту фабрикасын салу кейінге шегеріледі. Бұл мемлекет басшысының бақылауындағы жобаның тоқтауына алып келіп, облыстың экономикалық дамуына кері әсер ететіні айқын. Айта кетерлігі, мұндай ауқымды жоба тәуелсіздік жылдары Сыр өңірінде жүргізілмеген. Осы себепті ғаламат жобаның жүзеге асуына қарсы тараптың ғылыми негізі, сараптамалық дәлелі болмаса, халықты дүрліктіріп, іріткі салмағаны дұрыс-ақ.

Р.ОМАРОВА, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы


РЕДАКЦИЯДАН: Қоршаған ортаға қатысты кез келген мәселе қоғамдық талқылауға шығып, тұрғындар мен кәсіпорын өкілдері осылайша өз уәждерін ашық айтып, онысына дәлел келтіріп, «жеті рет өлшеп, бір рет кессе», одан ешкім ұтылмайды. Қашанда ашық пікір алаңы бола білген «Жас Алаш» тараптардың пікірін тең ұстаудан таймайды. «ШалқияЦинк ЛТД» мекемесінің өкілі пікірталасқа арқау болған тақырыпқа («Жаңақорған Сахараға айналмасын!») жауап қайтарғанда мақала авторлары көрсеткен мына мәселеге назар аудармай кеткендей. Көпшілік үшін олар қойып отырған сұрақтың жаны бар сияқты:
«2007 жылы кеніш маңайынан үш ұңғыма қазып, үш айдай тәулігіне 5000 текше метр су сорғанда қасымыздағы Құттықожа елді мекенінің құдықтары құрғап қалып, Құттықожа бұлағының деңгейі түсіп кеткенін бүкіл ауыл тұрғындары біледі, сол кездегі әкім Т.Иматаев, маман С.Жүсіпбековтер куәгер. Терістеуге келмейтін тағы бір қисынды қиыстыра кетейік, осыдан 10 жыл бұрын Жаңақорғанның қасынан қышқыл (кислота) өндіретін зауыт ашылды. Қышқыл болмаса, жер астынан уран алынбайды. Ал су болмаса, қышқыл зауытының жұмысы жүрмейтіні белгілі. Міне, осы уран өндірісіне аса қажетті қышқыл зауытын салған сәтте басшылары «Алты крант» жерасты су бассейніне көз тігіп, одан тәулігіне 10 мың текше метр су алмақшы болған еді. Сондағы ұлы айқайды ел ұмыта қойған жоқ. Сол кездегі облыс әкімі Б.Қуандықов, аудан басшысы А.Нәлібаев, депутат Қ.Ыдырысов, С.Сүлейменовтер елдің сөзін сөйлеп, жұрттың алдында жүріп қышқыл зауытына жерасты бассейнінен бір тамшы су бергізбеді.
Қазір тәулігіне мың жарым тонна қышқыл өндіретін зауыт өндірістік суды Сырдария өзенінің жағасынан сегіз ұңғыма қазып, 10 мың текше метр суын содан алып, жұмысын істеп отыр. Осы жерде заңды сұрақ туындайды: Шалқия кеніші де өзіне қажетті өндірістік суды қышқыл зауыты сияқты бес шақырым жердегі Сырдариядан неге тасымайды?»

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар