1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №75 (16261)   21 қыркүйек, бейсенбі 2017
21 қыркүйек 2017
Халық көп, автобус аз

Қызылорда қаласының 199 жылдық мерейтойы қарсаңында жергілікті билік халыққа қоғамдық көлікте бір күн тегін жүруге мүмкіндік берген. Алайда аялдамаларда автобус күтіп тұрған халықтың қарасы қалың, автобус аз. «Арзанның сорпасы татымайды» деген қазақ едік, тегінге телміргеннен түк шықпады.
«Тегін дейді, бірақ барлық автобус шықпаған. Жарты сағаттап аялдамада тұрмыз, мынау масқара ғой. Бүйтіп тегін қылмай-ақ қойсын, ақша төлеп-ақ жүрейік», – дейді қала тұрғыны Қонысбек Мырзағұлов.
Аялдамада тұрған жергілікті жұртшылық барар жеріне кешігіп, тіпті кейбірі такси қызметін тұтынды. Алайда күнделікті 90 теңгесін төлеп-ақ ақылы негізде, бірақ сапалы қызмет болса екен дейді. «Автобустардың аралық интервалы 15-20 минут» деп әлеуметтік желіде мәлімдеме берген Open Kyzylorda порталы халықты түсіністік танытуға шақырды. Тұрғындардың айтуынша, аралық интервал мұндай емес, бір сағатқа дейін созылған.

Дәулет ҚЫРДАН
Қызылорда

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Бахытжан | 21 қыркүйек 2017 19:37
Қызылорданың халқына 90 теңге қымбат. Бірақ жол тасымалында сапалы қызмет реттелмеген.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар