1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Президент қол қоймаса да «Ұлт көшбасшысы» туралы заң күшiне ендi. Бұл ненi көрсетедi?
Бәрi алдын-ала ұйымдастырылғанын (63%)
Ақорда «бұлбұлы» Ертiсбаевтың сәуегейлiгiн (0.7%)
Кеңес өкiметi көсемдерiнiң сарқыншақтары бiздiң қоғамда әлi бар екенiн (8.9%)
Қазақ қоғамының саяси мешелдiгiн (27.4%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №07 (15465) 26 қаңтар, сейсенбі 2010
26 қаңтар 2010
Бақтыда отыз шақты адам жетi күннен берi қарға қамалып отыр

АЛ ҮРЖАР АУДАНДЫҚ ҚҰТҚАРУ ҚЫЗМЕТI МҰНЫ ЕҢ АЛҒАШ БIЗДЕН ЕСТIДI

Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Б.Сапарбаевтың назарына
Шығыс Қазақстан облысының Бақты ауылынан Райхан Әмiрбекқызы телефон соғып, былай дедi: “Қаңтардың 19-ы күнi Қытайдан Бақты бекетi арқылы отыз шақты адам Қазақстанға өткенбiз. Шекарадан өткен соң көлiгiмiз бұзылып қалды. Көлiгiмiздi жасап едiк, боран соғып кетiп, жол жабылып қалды. Мiне, содан берi Бақты ауылында Жiбек деген апаның үйiнде “құдайы қонақ” болып жатырмыз. Ол кiсiге де рахмет... Азын-аулақ ақшамыз бен iшiп-жемiмiз таусылды. Арамызда кiшкентай балалар, кемпiр-шалдар да бар. Кейбiреулерi аурушаң. Ауылдың әкiмi Ғазиз Болысбековтi ұстай алмай жүрмiз. Алғашында ауыл әкiмi “жол ашылады, жағдайды жоғарыға мәлiмдеймiз” деген. Кейiннен бiзден қашқалақтайтын болды әуелi. Боран басылғалы да үш күн болды ғой. Әкiмнiң бiзден нелiктен қашып жүргенiн түсiнбедiк”.
Мұны ести сала бiрден Үржар ауданының әкiмi Бауыржан Жанақовтың қабылдау бөлмесiне телефон соқтық. Егер аудан әкiмi жағдайдан хабардар болса, мән-жайды сұрайық, ал егер естiмесе, хабардар етейiк деп. Хатшы қыз аудан әкiмiнiң ауыл-ауылды аралап кеткенiн айтып, әкiмшiлiктiң құрылыс бөлiмiне сiлтедi. “Құрылыс бөлiмiнiң қатысы қанша?” деп таңданып қалдық алғашқыда. Сөйтсек, құтқару қызметiн құрылыс бөлiмiне қосымша жүктеген екен.
— Техниканың шамасы келмей жатыр. Мақаншыға дейiнгi жолдың өзiн әзер ашты. Техникамыз сынып қалып, басқа облыстардан техника алдырттық, — дейдi құрылыс бөлiмiнiң бас маманы Болат Торсықбаев.
— Сонда қалай, техникалар төтенше жағдайға дайын болмағаны ма?
— Өзiм көрген жоқпын, көргендердiң айтуынша, қардың қалыңдығы екi метрден асқан. Техниканың күшi келмей, қайта-қайта сынып жатқаны содан.
— Бақтыда қардың қамауындағы адамдарға қандай да бiр көмек көрсетiлдi ме? Ыстық тамақ дегендей...
— Шынымды айтайын, Бақтыда қардың қамауында қалған отыз адам туралы ең алғаш сiзден естiп отырмын. Таскескенде, Тоқсан екiде, Мақаншыда жолда қалғандар туралы естiдiк, ал Бақтыны естiмедiм. Оның үстiне Бақты бiзден жүз шақырым қашықтықта орналасқан. Ортамызда Мақаншы деген ауыл бар...
— Бұдан хабарым бар. Бiз Бақтыдан мың шақырым қашықтықта отырып жағдайды естiп-бiлiп отырмыз ғой. Сiздердiң бiлмеулерiңiз қызық екен...
— Бiз негiзiнен құрылыс бөлiмiмiз... Бақтының әкiмiне телефон соғып көрiңiзшi. Бәлкiм, сол кiсiден ақпарат аларсыз.
Iле-шала Райхан Әмiрбекқызы қайтадан телефон соқты. Ауыл әкiмi Ғазиз Болысбековтi тауыпты. Телефон арқылы Ғ.Болысбеков былай дедi: “Мақаншыдан берi техникалар шыққан. Боран қарды талдың бойымен бiрдей етiп үрлеп тастаған. Техникалар қазiр сол жерде тұр. 27 қаңтарда аудан әкiмi бiздiң ауылға келiп, есеп бередi. Техникалар ендi түнiмен қарды жарып келетiн шығар. Үржар мен Мақаншыны ашты. Бiзге жете алмай жатыр. Бүгiн-ертең ашып қалар”.
— Бақтыдан шыға алмай отырған адамдар туралы ауданға хабарлап айттыңыз ба?
— Бәрi бiледi. Хабарлап айтқанмын.
— Олар естiмедiк дейдi ғой...
— Ой, олар да... Айтқанмын бәрiне. Аудандағылар бәрiн бiлiп отыр, бiрақ жолды аша алмай жатыр.
— Бақтыдан шыға алмай отырған адамдар “ақшамыз бiттi, ауру-сырқау бола бастадық” дейдi. Оларға не көмек көрсеттiңiздер?
— Бiзде қаражат жоқ. Жатар орындары бар, тамақты сол жерден iшiп жатыр. Одан басқа бiз ешқандай көмек көрсете алмаймыз.
 
“Жас Алаштан”:
Аудан әкiмi Бауыржан Жанақовтың ертең Бақты ауылына барып, есеп беретiнi қандай жақсы болды! Әйтпегенде, үйлерiне жете алмай Бақтыда қар құрсауында қамалып отыр­ған отыз шақты адам тағы бiрер күн Жiбек апайға “құдайы қонақ” болар ма едi, кiм бiлсiн...   
Ерiк РАХЫМ
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар