1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №51 (16237)   27 маусым, сейсенбі 2017
3 желтоқсан 2015
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қазақстандықтар баспаналы болып жатыр
900-астам қазақстандық отбасылар баспаналы болды. “Нұрлы жол” мемлекеттiк бағдарламасы бойынша Талдықорған, Ақтау, Қызылорда және Ақтөбе қалаларының тұрғындары да баспаналы болуда. Сонымен, Талдықорған қаласында бөлiнуге арналған пәтерлердiң жалпы саны – 30, ал олардың жалпы алаңы – 1.7 мың шаршы метрдi құрайды. Ақтау қаласындағы ондай пәтерлердiң жалпы саны – 100, алаңы – 5.7 мың шаршы метр.
3 желтоқсан 2015
Амандықтай әкiмге әркiм зәру

Алматы облысының тiзгiнi Амандық Баталовқа өткен жылдың тамыз айында ғана тиген. Бiр жарым жылға жетер-жетпес уақыт iшiнде талапшыл әкiм талай шар­уаның басын қайырды. Соның бiр дәлелi, күнi кеше президент өзге әкiмдердi Амандықтан үлгi алуға шақырды. Өзi бiлiп бiрдеңе тындырмаған шендiлердiң өзгеден үйренiп қарық қыларына сенбесек те, Баталов секiлдi басшылардың көбеюiне бiз де тiлектеспiз.

1 желтоқсан 2015
«КәсiпҚазақмыс» отбасылық ұйым ба?
Ақтөбе облысы әкiмiнiң идеология жөнiндегi орынбасары Сара Нұрқатова Қазақстанды қалай қиқулатқанын көрдiк. Сара апасындай бола алмаса да, соған “ұқсауға” тырысатындардан “Қазақмыс” компаниясы да құралақан емес. Кейде ондағы “КәсiпҚазақмыс” кәсiподағын отбасылық ұйым ба деп қаласың...
19 қараша 2015
Шаянға да табиғи газ келдi

Жақында Оңтүстiк Қазақстан облысы Бәйдiбек ауданының Шаян ауылына табиғи газ беру басталды. Осылайша, шалғайдағы ауылдарға да “көгiлдiр отын” келiп, ел мәре-сәре болып жатыр. Дәлiрегi, “Бейнеу – Бозой – Шымкент” магистральдық газ құбырынан тартылатын “Шалдар” автоматтандырылған газ тарату стансасы iске қосылды. Салтанатты шараға облыс әкiмi Бейбiт Атамқұлов пен “ҚазТранГаз” АҚ бас директоры Қайрат Шәрiпбаев қатысты.

17 қараша 2015
Елден қара қазан кетсе, қазақтан ырыс кетедi

Биыл Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесi Тараз қаласында салтанатты жағдайда аталып өттi. Сол тойда қазақ күресiнен “Еуразия барысы­ның” жүлдесi сарапқа салынған болатын. Бұл жарыста бас жүлденi Қазақстан құрамасы жеңiп алып қазақ жұртын қуантты. Екiншi, үшiншi орындарды грузиндер мен өзбектер иелендi. Бiз қазақ жiгiтте­рiнiң жеңiсiне риза болдық. Бiрақ жарыс ұйымдастырушылары қазақтың салт-дәстүрiн бiлмейтiнiн көрсеттi.

17 қараша 2015
Облыс әкiмiнiң «жарымжан» жарнамасы
ОТАНДЫҚ ӨНIМНIҢ ТIГIЛУI ҒАНА ӨЗIМIЗДЕН, АЛ МАТАЛАРДЫ ҚЫТАЙ МЕН ТҮРКИЯДАН АЛДЫРАДЫ
Қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырауға барған сапарында батыс өңiрдегi облыс әкiмдерiнiң басын қосып, жиын өткiздi. Осы жиында президент: “Жеңiл өнеркәсiп елiмiзде жандана бастады. Мысалы, мына менiң үстiмдегi кәстөм Қазақстанда жасалған. Сенбесеңiздер, белгiсiн көрсетейiн.
17 қараша 2015
Легионерлер «Ақтөбеден» кеттi

Жыл сайын “Ақтөбе” футбол командасын қаржыландыруға жергiлiктi бюджеттен 3 миллиард 100 миллион теңге қаржы жұмсалып келедi. “Мына қиыншылық уақытта бюджет қаржысын қайтарымы жоқ “Ақтөбе” футбол клубына төгiп, легионерлердi асырап отырғанша, неге билiк басқа спорт түрлерiн дамытуға назар аудармайды?” деген түйткiлдi бiрнеше жылдан берi көзiқарақты жұрт айтып келген едi.

3 қараша 2015
Жұрт аудан әкiмдерiнiң бетiн қызартты

Ақтөбе облысының әкiмi Бер­дiбек Сапарбаев әкiмдiкке таға­йындалғаннан бергi 1,5 ай iшiнде облыстың 12 ауданының 9-ын аралап шықты. Сапарбаевтың өзгеше сапарлары ел адамдарына қызық болып көрiндi ме, әуелгi кезде жұрт тосылыңқырап қалды. Жолда келе жатып кез келген ауылға көлiгiнiң басын бұрып, кез келген адаммен сөйлесе кететiн басшыны ақтө­белiктер бұрын-соңды көрмеген едi. Оның үстiне

3 қараша 2015
Келесi жылы қызық қуғанды қысқартыңдар! Қарағанды облысының әкiмi Нұрмұхамбет Әбдiбековтiң тоғыз айдағы аймақтың әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерi талқыланған отырыстағы сөзiнiң сыңайы осыған сайды.  “Келесi жыл қиын болады, сондықтан бар мүмкiндiктi шашыратпай, шоғырландырыңдар. 2016 жылы әртүрлi той өткiзуден тыйылыңдар.
29 қазан 2015
«Бiздiң ауыл бұғыты бөктерiнде»

Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданына қарасты Нұра ауылының тұрғындары осылай дейдi. Ұлы жiбек жолының бойында, Бұғыты тауының етегiнде орын тепкен елдiмекен сүттей ұйыған бiрлiгiмен дара. Өткен сенбi күнi осы ауыл өзiнiң 50 жылдық мерейтойын атап өттi. Иә, қазiр кiм той жасамай жатыр деуiңiз мүмкiн, әрине. Бiрақ нұралықтар өткiзген ұлан-асыр шараның өзгеге үлгi боларлық тұсы көп. Ендi тарқатып айтайық.

27 қазан 2015
Бiз – Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданының орталығы Шетпе кентiнiң ақсақалдарымыз. Шетпеде тә­уелсiз ақсақалдар ортасы бар. Бұл ақсақалдық ортаны алғаш ұйымдастырған Маңғыстаудың абыз ақсақалы, халық шежiрешiсi, марқұм Жетi­бай Жылқышыұлы болатын. Бiз Шетпе кентiнiң орталығынан зейнетақымызға кеңсе жалдап алып, сол жерде жетi жылдай халыққа қызмет жасадық. Бiздiң ақсақалдар ортасы қоғамдық негiзде құрылған. Со­ның өзiнде талай елдiк мә­селелерге араласқанымыз елдiң есiнде болар.
22 қазан 2015
Ресей әскерлерi сынақ жасаған жерде
Бөкей ордасының азапты жолы мен полигон мүгедектерiнiң мұңын хан тойына жиналғандар байқамады
“Жас Алаш” тiлшiсi Батыс Қазақстан облысын аралап қайтқан едi. Кедендiк одаққа кiрген соң елдегi жеке кәсiпкерлердiң берекесi кетiп, жұмыссыздықтан екi қолға бiр күрек таба алмай қалғандар көп екен. Девальвацияға да, дағдарысқа да қарамай тойланған қазақ хандығының жарты ғасырлық мерекесi де мұндағылардың
20 қазан 2015
Қызғаныштан адам анасын, қызы мен бауырларын өлтiре ме? Iшкi iстер департаментiнiң толық анықталмаған ақпаратты асығыс таратқаны қалай? “Түркiстан қаласында отыз жастағы жiгiт өзiнiң бүкiл отбасына, дәлiрегi алты адамның өмiрiне қастандық жасады, төрт адам оқиға орнында қаза тауып, еке­уi ауыр халде ауруханаға жеткiзiлдi” деген суық хабар өткен аптаның сенбi­сiнде тарады. 
13 қазан 2015
Қауiптi қоныстан көшiру – қырық жыл “қысыр әңгiмеге” тамызық болған тақырып
Жылқы жылының басында кеншiлер қаласы әкiмiнiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасаған жергiлiктi газеттер астында кенi бар қауiптi аймаққа қоныстанған тұрғындарды көшiру үшiн Сәтбаевта биылдан бастап, үш жылда бес қабатты 30 тұрғынүй мен екi пәтерлiк үш жүздей коттедж салынатыны жөнiнде жапа-тармағай жарыса жазды. Сөзге сенсек, қоныс аударғандар бiр ықшам­аудан шоғырланады. Оған бұрын бос жатқан жер телiмi бөлiнген.
8 қазан 2015
Сары бидай өсiрген Сарыкөл
АҚТАҢДАҒЫ АШЫЛМАҒАН АЙМАҚ
Солтүстiк аймақтардың, әсi­ресе Ресей шекарасына жақын орналасқан өңiрлердiң тiрлiгi көбiне-көп назардан тыс қала бередi. Журналист әрiптестер­дiң ол жаққа арнайы баруға мүмкiншiлiгi болмай жатады. Ал қазақтiлдi баспасөзбен хабарласа қоятын адамдар ол жақтан табыла бермейдi. Назардан тыс қалатын өңiрлердiң бiрi – Қостанай облысындағы Сарыкөл ауданы.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»