1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
29 қараша 2016
Ел арасында “Елбасы қаласы” атанған Темiртаудың тағдыры қыл үстiнде. Қыс басталмай жатып апшыны қуырған Арқаның ызғары қысып барады. Тоңазытқышқа бергiсiз пәтерде бүрсеңдеген тұрғынның тiлегi — тезiрек жылуға жету.
Биыл ақпанның аяғында жұртшылық алдында есеп берген облыс әкiмi Нұр­мұхамбет Әбдiбековтiң айтқаны еске түсiп отыр. Темiртаулықтардың төзiмдi­лiгiне таң-тамаша
29 қараша 2016

Көше атауларын өзгерту туралы Қызылжар (Петропавл) қалалық маслихатында өткен отырыстың бейнежазбасы ғаламтор арқылы көптеген әлеуметтiк желiлерге тарап, оны жүздеген мың адамдар қарағанының куәсi болдық. Мәслихаттағы отырысқа себеп бол­ған жоғарыда айтылғандай, қаладағы бiрнеше көшелер­дiң атауын өзгерту туралы мәселе. Оған бастамашы болып жүрген – жергiлiктi ақсақалдар кеңесi. Аталмыш бейнежазбаны көргендердiң есiнде

24 қараша 2016

Нарынқол өңiрi – таланттардың тал бесiгi. Хан Тәңiрi шыңындай биiк те алыстан жарқырай көрiнетiн тұлғалар баршылық мұнда. Бұрынғыларын қозғамай-ақ, кейiнгiлерiн еске алсақ, соның өзi тiзiмдi бiраз жерге апарады. Қазақ әдебиетiнiң классигi, есiмi ел шебiнен алыс­қа ұзап кеткен жазушы Бердiбек Соқпақбаев. Даңқты ақын, өлеңдерi әнге айналып, миллион қазақтың жүрегiн баураған Мұқағали Мақатаев. Қазақтың көрнектi жазушысы, әйгiлi драматург, публицист, кiтап­тары мен қойы­лымдары сан тiлге аударылған

22 қараша 2016
Қыс басталысымен қиналдық...
Күннiң күрт суытатыны жөнiндегi болжам шындыққа айналды. Қарашаның ортасынан бастап жауып, бiр­неше күн бойы толастамаған қалың қар жұртты айтарлықтай әуре-сарсаңға салды.
Осы күндерi елiмiздiң солтүстiк өңiрлерiндегi ауа температурасы 39-40 градусқа дейiн төмендедi. Қатынастың қиындауына орай, Солтүстiк Қазақстан, Қарағанды облыстарында бiрқатар жолдар жабылды. Көк тайғақ пен бұрқасынның салдарынан жол-көлiк апаттары жиiледi. Мәселен, Қызылорда-Павлодар трассасында жергiлiктi құтқарушылар жыраға түсiп кеткен шағын автобусты әупiрiмдеп әзер
14 қараша 2016

Бүгiнгi қоғам тiрлiгiне саналы көзбен қарап, ұлт­тық құндылықтарға, оның iшiнде қазақ тiлiндегi басылымдарға барынша қолдау жасап жүрген қадау-қадау адамдар бар. Солардың бiрi – Баянауыл ауданының құрметтi азаматы, сол жер­дегi “Ақсақалдар алқасы” кеңесiнiң төрағасы Мұрат Рахметов. Сонау, коммунистiк пар­тияның туы аспанға жел­бiреп тұрған жетпiсiншi жылдардың өзiнде Мұрат Дүйсенбайұлы совхоз бас­қара жүрiп, Мәшһүр-Жүсiп бабамыздың тұңғыш мұражайын ашып, зират-үйiн қайтадан қалпына келтiруге ұйытқы болған екен. Бұндай әрекет үшiн ол кезде қыз­метiңнен қуылып, партиялық билетiңнен айырылу оп-оңай едi. Соны бiле-тұра тәуекелге барған. Сексенiншi жылдардың аяғында Алаш әдебиетiнiң айбозы Жү­сiпбек Аймауытов ақталар-ақталмастан, оның туған жерi Қараның адырына ескерткiш-тас апарып орнат­қан тағы да осы Мұрат аға. Бұл да компартияның би­лiкте тұрған уақыты болатын. Елiмiз тәуелсiздiк алғанымен, ел-жұрт әлi де мұ­сылманшылыққа үрке қарап тұрған

3 қараша 2016
Жылқы – қазақтан,  қазақ – жылқыдан жерiп кеткен жоқ па екен?
“Қазақ малдың жайын жетiк бiледi”, “Мал бақса, қазақ бақсын!” деген қолпаш сөздердi жиi еститiнiмiз де рас. Бiрақ...
Кеңес заманы кезiнде ерiк берiлмегенi де рас, ал ендi қазiр қанша қой, қанша жылқы, қанша сиыр өсiрсең де – өз еркiң емес пе?! Солай бола тұрса да, мыңғыртып мал айдап жүрген қазақты көрмедiм.
 
“Қарабайдың 90 мың жылқысы...” Бұрын мен мұны “Қозы көрпеш – Баян сұлуда”, яғни халық эпостарында көбейтiп, шамадан тыс өсiрiп айтатын “мыңдар” ғой деп ойлайтынмын. Ал ендi тарихи деректер не дейдi? Ежелгi түрiк байларында 85 мың жылқы, 60 мың жылқы, 55 мың жылқы болғанын тарихшылар растап отыр. Жарайды, әрi­ге бармай-ақ қояйық. 1917 жылғы Қазан төңкерiсiнiң қарсаңын
1 қараша 2016
Ембi ардагерлерi: Бiзге зейнеткерлiк демалысына үйрену оңай емес!

“Ембiмұнайгаз” АҚ-да мұнай компаниясының тарихында алғаш рет зейнеткерлер арасында спорттық сайыстар өттi. Шараны компанияның Ардагерлер кеңесi ұйымдастырды. Сайыс Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына және “Қамқорлық” айлығына арналды. Сайысқа 58-80 жас аралығындағы Ембiнiң 38 зейнеткерi – басқарма аппаратының, “Жылыоймұнайгаз”, “Жайықмұнайгаз”, “Доссормұнайгаз”, “Қайнармұнайгаз” МГӨБ-нiң,

13 қазан 2016
“Тең-теңiмен...” болғанға не жетсiн!..

Осыдан бiрнеше күн бұрын Қытайда 114 жастағы әйел мен 71 жастағы ер адамның үйленгенi, неке қию рәсiмi Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының Қашғар аймағына қарасты Бачу уезiнде өткенi жөнiнде ақпарат тарады. “Күйеу жiгiт” ғашығын бiр жылдан астам уақыт бойы “айналдырғанын” айтыпты. Екеуi қарттар үйiнде танысқан екен. Ер адамға ең әуелi болашақ жарының тамақ дайындағаны ұнапты. Ал жүре бара ұнатқан адамының басқа да жақсы қырларын байқапты.

13 қазан 2016
Әрнеге “әуес” әкiм
Облыс басшысының кейбiр тiрлiгi осындай ойға жетелейдi. Сiрә, маңайындағы шашбауын көтергендердiң қабiлет-қарымы шала болса керек?! Әйтпесе, Әбдiбеков жалпы жаман жiгiт емес. Ендi, бұл — ел аузынан естiгеннен екшеген пiкiр. Нұрекеңнiң үрiм-бұтағына, тұрмыстағы тыныс-тiршiлiгiне тағы бiрде үңiлермiз. Әзiрге әлгiндей ойға жетелейтiн кейбiр тiрлiгiне тоқталайық.
6 қазан 2016
Павлодардың түбiндегi Красноармейка кентiнде студент жастар арасында жаға жыртысқан жанжал болып, оған жүз қаралы адам қатысты. Облыстық денсаулық сақтау департаментiнiң баспасөз қызметi жарақат алған төрт жасөспiрiмнiң Павлодар қалалық №1 емханасына жеткiзiлгенiн хабарлады. Олардың үшеуi жеңiл жарақат алса, 1997 жылы туған төртiншi бiр бозбаланың миы мен бас сүйегiне зақым келген деген диагноз қойылған.
4 қазан 2016
Жақыпов келердiң алдында Сапарбаев инвестор iздедi

Қыркүйектiң соңғы күндерi Ақтөбе бұрын-соңды болып көрмеген оқиғаларды бастан кешiрдi. Бiр-бiрiмен мүлдем байланыспайтын оқиғалардың ортақ желiсiн табу қиындау болып тұр. 28 қыркүйектегi инве­с­тициялық жиынға 7 елшi, бiр орыс губернаторы, екi қазақ әкiмi, iрi шетелдiк бизнес-құрылымдардың жетекшiлерi келдi. Сол күнi түстен кейiн қала әкiмi Iлияс Испанов пен   француздық Accor Group қонақ үй бизнесiнiң өкiлi облыстық прокуратура ғимаратына қарама-қарсы салынатын  

4 қазан 2016
Керекуге келген президент жолдың жағдайын көре алмай кеттi

Бұған дейiн солтүстiк аймақтағы үш облыста болып қайтқан президент қыркүйектiң 29-ы күнi павлодарлықтармен кездесу өткiздi. Қай аймақта болсын, мұндай кездесулерде “қо­ғам өкiлдерi” деп аталатын азғана топ алдын ала жаттап алған мәтiндерiн айтып, соңынан ду-ду қол соғып тарасатынын бiлемiз. Кейбiр адамдар президентке деген сүйiс­пеншiлiгiн бiлдi­рем деп, шамадан тыс артық кетiп, әлеуметтiк желiлерде күлкiге ұшырап жатқанын да көрiп жүрмiз. Бiр тәуiрi, Павлодардағы кез­десуде мұндай “асыра сiлтеулер” болған жоқ.

4 қазан 2016
Оңтүстiктiң депутаттары даудан көз аша алмай жатыр

Шардарадағы шатақ iс 1  қыркүйекте – Бiлiм  күнiнде  орын алған. Осы күнi аудандағы жаңадан салынған бiлiм нысандарының салтанатты ашылуында лента қиған атқамiнерлердiң  Шардара су қоймасының жағасындағы “Алтын жағалау” демалыс орнына барып, қуанышты жағдайды өздерiнше атап өтуiнiң ақыры абыройсыз оқиғамен аяқталғаны өкiнiштi-ақ. Жергiлiктi кәсiпкердiң дастарқан басында аудан әкiмiмен байланысуының соңы оның басына шөлмек шағуға ұласқан.

29 қыркүйек 2016
Өңiрдегi кезектi iргелi жоба
Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Ақмола облысында болды. Елбасы сапары аясында Қазақстан Тәуел­сiз­дiгiмен құрдас “Көкшетау минералды сулары” акционерлiк қоғамында жаңа инновациялық желi iске қосылды. Өткен жылы қолға алын­ған бұл жобаға 3,7 миллиард тең­ге қаржы жұмсалған және көп­теген жаңа жұмыс орнын ашу­ға мүмкiндiк туған. Жаңа өн­дi­рiстiк желi алкогольсiз сусын дайындаудың барлық ай­на­лымында кластерлiк
27 қыркүйек 2016
ҚАРАЖАЛ ҚАЛАСЫНА ҚАЙСЫСЫ ҚАЖЕТ?
Бiз “құлтемiр” деп тәржiмалаған “робот” сөздiкте “күрделi операция орындайтын автомат” деп аударылыпты. Бiрақ оның қалай қазақшаланғанынан көтерiлген мәселенiң мәнi өзгермейдi. Сонымен...Қолдағы дерекке қарасақ, Қаражалдағы мектептiң бiрiнде барлық тiлек бiлдiрген тұтынушы тегiн пайдалануға мүмкiндiгi бар роботтехника кабинетi жұмыс iстейдi. Жуырда оны бiлiм беру басқармасының бюджетi есебiнен кеңейту көзделiп отыр.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»