1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
27 тамыз 2015

Жақында “Жас Алаш” газетiне (№48, 18 маусым, 2015 жыл) Е.Тоқымбаевтың хаты жарияланды. Онда Суханбай ауылдық округiнiң Жақаш, Қарасу және Көкөзек ауылдарының жерлерiн ағын сумен қамтамасыз ету, ескерткiштердi жөндеу жұмыстарын жүргiзу, 22 ауылға газ жүргiзу, Жақаш ауылындағы Кеңес одағының батыры А.Суханбаев атындағы көшенi жарықтандыру мәселелерi жазылған едi. Бiз бұл мәселелердi жан-жақты тексерiп, төмендегiнi хабарлаймыз:

27 тамыз 2015
Қонаев кiм, Досаев кiм?
Қордайдың әкiмi үшiнДимекең бiр ғана рудың деңгейiндегi тұлға болғаны ма?
“Елдiң бағына туған ер Қонаев есiмi Қазақстан хал­қымен бiрге жасары анық, ақиқат. Ол кiсi бәрiмiзге ұстаз болған – ұлы адам” дегендi қайсыбiр жолы басқа емес, қазiргi мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзi айтқан. Солай бола тұра бүгiнде кәсiпкерлер мен шенеунiктер көшелерге, мектептерге әкелерiнiң атын беруден жарыс­қа түсiп, жанталасып жатқан тұста даңқты Димекеңнiң, Дiнмұхамед Қонаевтың есiмiн ауылымызға беру туралы талап-тiлегiмiз атқарушы билiк тарапынан қолдау таппай тұрғанына елдiң жүрегi ауырады.
25 тамыз 2015
Оңтүстiктi «үштiк» ұшпаққа шығара ала ма?

Оңтүстiк Қазақстан облысының жаңа әкiмi Бейбiт Атамқұлов қызметке тағайындалғанына екi аптаға жақындай түссе де, ешқандай жүрiс жасамағаны елдiң төзiмiн тауыса бастаған. Әрине, елдiң күткенi – кадрлық ауыс-түйiс. Сөйткен Атамқұлов осы аптада атқамiнерлерге тән әдетпен сәрсенбiнiң сәтiнде екi бiрдей маңызды шешiм қабылдап, елдi “еее...” дегiздi. Ешкiм ойға алмаған әкiмнiң ойда-жоқта атқа қона қалғанына онсыз да таңырқап жүрген оңтүстiктiң жұрты бұл жолы тағы бiр тосын тағайындауларға

13 тамыз 2015
“Әкiм ақылды болса, ақша өзi келедi”. Бұл – Алматы қаласының жаңа әкiмi Бауыржан Байбектiң арғы күнi берген тапсырмасынан кейiн iле-шала пайда болған мақал. Әрине, астарында кекесiн бар. Әкiмнiң қолы жетпейтiн жердегi ел осылай қыжыртып жатқан уақытта қаланың бiр бұрышындағы нөпiр көлiкке “бықпырт тидi”. Екiншi жұмыс күнiнде “Нұротаншыл” әкiм қарамағындағы орынбасарларына  президент  қойған басты  5 тапсырманың орындалуын
11 тамыз 2015
«Иесіз үйдiң итi осырақ»
ХАН АБЫЛАЙДЫ ДӘРIПТЕМЕЙТIН АЙМАҚ НИКОЛАЙ ПАТШАҒА ЕСКЕРТКIШ ОРНАТТЫ!
Солтүстiк Қазақстан облысында Петр Вагнер деген кәсiпкер өзiнiң туған ауылындағы қирап жатқан шiркеуi қайта қалпына келтiрiптi. Оның айтуынша, бұл жұмысты ол сонау 2008 жылы бастаған екен. “Жер бетiнен жойылып кеткен ғибадат үйiнiң бұрын­ғы iргетасын табу үшiн, құрылыс қазығын үш мәрте ауыстырып қағуға тура келдi”, – дейдi кәсiпкер.
11 тамыз 2015
Жаңа әкiмнiң құдалары күштi
Өткен сенбiде Оңтүстiк Қазақстан облысын алты жарым жылға жуық басқарған Асқар Мырзахметов Астанаға ат ауыстырды. Әкiмдiк жүйе қолданысқа енгелi бұл өңiрдiң тiзгiнiн ұстау бақыты бұйырғандардың iшiнде орынтағында ең ұзақ отырған облыс басшысы әзiрге осы – Мырзахметов. Сонымен... Асқар Мырзахметов ендi “Нұр Отан” партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары. Онсыз да “Күлтөбенiң басында күнде жиын” өткiзуден жалықпайтын, ұрандатқан екпiнмен шешен сөйлеуге шебер, жаңа қадамдар жасауға құмар
6 тамыз 2015
Бозтерi қазаққа жиен екен!
ЖАСАЛАШТЫҚТАР ЫСТЫҚКӨЛДЕ БИДЕН “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫС” ӨТКIЗДI
Өткен аптада “Жас Алаштың” ұжымы газеттiң екi нөмiрiн едел-жедел шығарып тастап, жылдағы дәстүрмен Ыстықкөлде демалып қайтты. Ыстықкөлдiң жағымды климаты биыл да қуантты бiздi. Жайлы көлiк түнiмен тербетiп, таң ата Ыстықкөлдiң жағалауындағы Бозтерi қалашығына табанымызды тигiздi. Биылғы шiлде шамадан тыс ыстық болғандықтан ба, Ыстықкөлде ығы
28 шілде 2015
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫНДА ОСЫНДАЙ СЕС КӨРСЕТIЛДI
Қыркүйек айында Тараз қаласында аталып өтедi деп жоспарлан­ған Қазақ хандығының 550 жылдығы қазанға ауыстырылды. Тойдың не себептi кейiнге шегерiлгенiн күлбiлтелеп жатпай турасына көшсек, дайындық жұмыстарын өз деңгейiнде бiтiрiп үлгеру мүмкiн еместiгi белгiлi болды. Тойдың мерзiмiмен бiрге әуел баста әбден талқылап бекiтiлген жоба-жоспарлар да бiршама өзгердi. 
23 шілде 2015
Шал басқарған жастар одағы “қарттар қоғамына” айнала ма?
Қазақта “Қолынан келген, қонышынан басады” деген қанатты қағида бар. Ып-рас! “Қазақмыс” корпорациясы жастар одағының төрағасы С.Ты­севичтiң тiрлiгi осыған ұқсас. Ғаламтордан жастар ода­ғының сайтын ашып қарадық. Құрылғанына жиырма жылға жуықтапты. Төрағасының да жасы ентелеп “елуге” келiп қалыпты. Корпорация кәсiп­орындарындағы жасы 35-ке дейiнгiлер осы қоғамдық бiрлестiктiң “қорасына” кiр­ген. Жұмысқа тұр­ған күннен бастап жап-жақсы жарна төлейдi.
23 шілде 2015
Бiздiң ауыл – шекараның шебiнде

Бiздер, 1966 жылы Талдықорған облысы, Андреев (қазiргi Алакөл) ауданы, Жыланды ауылының орта мектебiн бiтiрген түлектермiз. Бұлардың 20-дан астамы осы Алматы қаласы мен оның маңайында тұрамыз. Әр­түрлi себептермен басымыз қосылып, кездесiп те жатамыз. Жиналып, сағынысып, көрiсiп, мауқымыз басылған соң, көптеген мәселелер ортамыздағы “тай қазанға” түседi. Сондағы бiздi көп мазалайтын, ойландыратын, әлi жауабын таба алмай жүрген бiр сұрақ бар, ол: “Туған ауылы­мыз­дың болашағы қалай болар екен?”.

21 шілде 2015
«Қазақмыс» –  «қосалқы қоналқа»
Қазақшасы қаншалықты қабысатынын қайдам, орекеңнiң “Запасной аэродром” дегенiн осылай қотардым. “Қазақмыс” қазiр қызметiнен “қуылған” кейбiр әкiмқаралар үшiн осыған ұқсайды. Анау бiр жылдары Қарағанды облысының қызметiнен босаған бiр әкiмi “Қазақмыс” корпорациясының басшысына кеңесшi болып барғанын естiгенде, есiмiзден танып қала жаздағанбыз. Ендi қалай, Қажымұрат Нағыманов Жезқазған облысының әкiмi болып тұрғанда қазiргi “Қазақмыс” шекпенiнен шыққан
21 шілде 2015
Дүркiреген Шұбартау едi...
Елсiз қалған елiме,
Ел толтырсам деп едiм.
Малсыз қалған жерiме,
Мал толтырсам деп едiм.
(Махамбетше)
9 шілде 2015
Мемлекет үкiметтiк емес ұйымдардың бастарын бiрiк­тiрiп, жұмыстарын жетiлдi­руге көбiрек көңiл бөле бастады. Қазынадан қомақты қаржы бөлiнiп,соның арқасында үкiметтiк емес ұйымдар елдiң дамуына өз үлесiн қосып, билiк пен халықтың арасына дәнекерлiк жасап келедi. Маңғыстау облысында 30-дан астам үкiметтiк емес ұйым жұмыс iстейтiн болса, сол ұйымдардың бiрi әрi бiрегейi – Маңғыстау ауданындағы “Шаңырақ” қоғамдық қоры десек, артық айтқандық емес.
30 маусым 2015
ОРЫСТIЛДI БАСЫЛЫМДАР АРАНДАТУДЫ ҚАШАН ҚОЯДЫ?
Ақпарат қызметкерле­рiнiң жуырда өткен мерекесi қарсаңында Павлодар облысының әкiмi Қанат Бозымбаев жылдағы дәстүр бойынша журналистер­дiң басын қосты. Бұл жолғы бiр өзге­ше­лiк – аймақ басшысы қаламгерлердi құттықтаудан бұрын елге белгiлi шулы оқиға жөнiнде сөз еттi.  – Сiздер сұрақ қоймай тұрып-ақ, өзiм айтайын, тергеу жүрiп жатыр. Өзiм лауазымды тұлға әрi жәбiрле­нушi болып есептелген соң, кейiнгi кезде болған жағдайлар туралы сот шешiмi шықпай, ешқандай мәлiмет беруге мүмкiншiлiгiм жоқ.
18 маусым 2015
Белгiсiз дерт Баянауылға келiп жүрмесiн!

Кейiнгi жылдары елiмiздiң әр аймағында пайда болған жұмбақ жағдайлар қоғамды барынша алаңдатуда. Және осындай түсiнiксiз құбылыстарға бүгiнгi ғылым жауап беруге дәрменсiз-ақ. Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы Березовка, Ақмола облысындағы Қалашы ауылдарындағы ерекше жағдайдан оқырмандар құлағдар. Жуырда ғана Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарының аумағында мыңдаған бас киiк белгiсiз кеселден қырылып қалды.

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»