1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №59-60 (16141-142) 26 шілде, сейсенбі 2016
"Жас Алаштың" отбасы және денсаулық қосымшасы. Дайындайтын Меруерт Хусаинова
26 шілде 2016
Отбасылық өмірге қаншалықты дайынсың?

Өзге түгілі, кейде өз-өзіміз­ді түсінбейтін кезіміз көп. Бұл қарапайым тест әркімнің өз жан дүниесіне тереңірек үңілуіне мүмкіндік береді.

1. Сүйікті үй жануарың:
Г)   Ит
Б)   Мысық
В) Жылқы
А) Ойыншық қоян (мияуламайды, ырылдамайды, түсінің де өңі кетпейді)
 
2. Өз бойыңдағы қандай қа­сиет­ті ең басты деп санайсың?
В) Мақсатшыл әрі табандысың
Г) Артықшылығың – жігерлілі­гіңде. Бірнеше істі бір күнде тамаша атқарып шығуға қабілетің зор
Б) Оптимиссің және де сенің жаныңда жүргендердің бәрінің көңіл күйі көтеріліп қалады
А) Кез келген шараны ұйым­дас­­ты­руға бейімдісің.
 
3. Сен үшін не нәрсе маңыз­дырақ? Екі жауапты таңда:
Б) Мансап
Г) Әдемі үй
А) Өмірдің қуанышы
Г) Балалар
Б) Дербестік
В) Достарың
А) Адамдармен жақсы қарым-қатынас
В) Оқиғалардың болып тұруы
 
4. Сеніңше, ең жақсы өткен уақыт, ол:
Г) Отбасыңмен қала сыртына шығып демалу
В) Теңіз жағасындағы роман­ти­калық кездесу
А) Тосыннан болған төтенше бір шара
Б) Жорыққа шығу, алау жанын­дағы түн, ән айту.
 
5. Жағымсыз эмоцияла­рың­ды қалай тізгіндейсің?
В) Йога, медитативті музыка, аутотренинг.
Б) Құрбы-құрдастармен кездесу, сосын әрине, дүкен аралау
А ) Спортзалға барып серіппеге тартылу, жүгіріп-секіру, құм толы қапшықты сілең қатқанша ұрғылау
Г) Шашты әсемдеп қидыру, хош иісті маска жасатып, ваннаға түсу, денені уақалату.
 
6. Мінсіз отбасы, ол…
Г) Әйел адамның балаларға қарап, тамақ пісіріп, үйді ұстап отыруы, ал отағасының оларды мате­риал­дық жағынан толықтай қамта­масыз етуі
В) Отбасының әрбір мүшесі – тәуелсіз тұлға. Әрқайсысы өзі қалаған нәрсемен айналысып, өз еркімен жүріп-тұруы. Ешкім ешкімді бірдеңеге мәжбүрлемейді
А) Отбасы – адам өзін жайлы сезінетін жер. Және ол үшін некеге тұру міндетті емес.
Б) Мінсіз отбасында бәрі бір-біріне арқа сүйей алады, ал мәселе­лер бірігіп шешіледі. Ең бастысы – сенім мен өзара түсіністік.
 
7. Кімге отбасын құрудың қажеті жоқ?
В) Шығармашылық адамдарына. Үнемі гастрольдетіп жүру мен көңіл күйдің ауытқуы отбасын құруға және балаларды дұрыс тәрбиелеуге мүмкіндік бермейді
А) Беті мен бойын сылап-сипап қалған әйелдер мен өзімшіл еркектерге
Б) Егде адамдарға. Біздің қо­ғам ондай жұптарды жылы қабыл­дамайды
Г) Тұрмысы төмен адамдарға. Кедейшілік тіпті бір-бірін қатты сүйе­тін адамдардың өзін бір-біріне жа­уықтырып жіберуге бар. Мұның сыртында, өз күнін әрең көріп отырған адамдар бала-шағасының жағдайын жасай алмайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті